Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет53/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   173
7.
 
Ер адамды еркелетпеу, жылы сөзіңізді аяу. 
 
Алла әуелден-ақ еркекке көп күш беріп, физикалық 
және эмоционалды тұрғыдан жоғары қылған!Әйел 
адамның оң жақ миының эмоцияға жауап беретін бөлігі 
қаттырақ дамыған. Еркектерде миының логикаға жауап 
беретін сол жақ миының бөлігі бізге қарағанда жақсырақ 
дамыған. Еркек өзін интуитивті түрде бастық сезінеді. 
Егерде оның ол сезімі біреудің араласуы арқылы бұзылса, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
85 
ол интуитивті түрде сол жаннан алыстай бастайды. Одан 
кейін еркек өзін агрессияға салып бастық екенін көрсетеді. 
Мысалы "ешқайда бармайсың, аузыңды жап" деп, тіпті қол 
көтеруге дейін барады. Немесе өз үйінен емес, басқа үйден 
сол сезімді іздей бастайды. Еркек үшін бұл өте маңызды. 
Еркек оған физикалық және материалдық тұрғыдан әйелі 
тәуелді болғанын қалайды. Еркектің үйде бастық сияқты 
сезімі болуы үшін біз бүгіннен бастап санасына программа 
енгіземіз.
- Қамқоршым 
- Еңбекқорым
-Асыраушым 
- Сен болмасаң не істер едік
-Алла саған разы болсын 
-Аллаға сені аманат еттім 
Тағы да осындай сөздерді жәйлап айта беріңіздер, 
оның құлағына әбден үйреншікті болсын. Жұмысқа 
шығарып салғанда айтыңыз, немесе смс қып жазыңыз. 
Оның реакциясын байқап көріңіз. Кез келген еркекке 
іштей бұл сезім ұнайды, бірақ осындай сөздерге 
үйренбеген ер адам «өтірік айтпашы» деп сеніңкіремей, 
сөзіңізге разы еместігін көрсете алады. Сіз бұған 
ренжімеңіз, үйренген соң, араңызда жылы сөздер жиі 
айтылатын болады. Бастысы, жайлап, шошытып алмай 
айтып бастаңыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет