Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет76/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
122 
алып келеді» деген ассоцияцияны оятады. Сондықтан, 
сізге еш уақытта сыйлық деген сөзбен негативті эмоцияны 
байланыстырмау қажет. Ашу, реніш, критиканы өтініш 
айту, сыйлық сұрау, сюрприз деген сөздер айтылатын 
ситуацияларда жоқ қылыңыз. 
 
 
Ер адамның сыйлық 
сыйлауға
, тосын сый 
жасауға ниетін ояту үшін не істеу керек? 
 
Біріншіден, еріңізге сұрақ қойып көріңіз: 
«Жаным, ерлі зайыптылар арасында себепсіз 
сыйлықтар жасалып тұруына қалай қарайсың? Ал 
ер адам некеге дейін қызға тосын сый, сыйлық 
жасауына қалай қарайсың? Ал некеден кейін ер адам 
әйеліне себепсіз сыйлық жасауы дұрыс па? Ал әйел 
адамның ер адамға сыйлық жасауы дұрыс па?» деген 
сұрақтарды қойып, еріңіздің жалпы сыйлыққа деген 
көзқарасын біліп алыңыз. Еріңіздің паттерндері қандай, 
ұстанымы қандай? Ер адам өзінің көзқарасын айтқанда 
мұқият болыңыз, оның әр сөзі-қатып қалған установкалар. 
Мысалы, еріңіз «сыйлық жасау-босқа ақша шашу» деуі 
мүмкін, немесе «еркек сыйлық берсе, әйел есіріп кетеді», 
«сыйлық алсаң, адамға ұнамауы мүмкін» деген сияқты 
сөздер айта алады. Бұның барлығы ер адамның сыйлық 
алып беруіне бейсаналы түрде кедергі келтіретін 
установкалар, паттерндер. Неге кедергі келтіреді? Себебі 
біз өмірлік ұстанымыз, өмірлік установкамыз қандай
содан алшақ кетпей, тек сол арқылы ғана амал етеміз.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
123 
Сондықтан, еріңізге күнделікті сыйлық жайлы 
пайдалы, жаңа ұстанымдарды миына құя бастау 
керексіз. 

Маған сыйлық жасасаң, Аллаһ Тағала саған екі есе 
соны артып қайтарады. 

Маған шоколад сыйлаған күні сенің жолың жеңіл 
болады. 

Маған неғұрлым көп гүл (шоколад, сақина т.б) 
сыйласаң, мені соғұрлым бақытты қыласың. Бір сөзді 
ғана айту керек. 

Күйеуі әйеліне сыйлық жасаса, Аллаһ араларында 
сүйіспеншілігін арттырады. 

Сен маған сыйлық сыйлаған сайын, сенің жүрегің 
кірбіңнен тазарады. Бұл хадис. 

Сен маған тәтті әкелген сайын, сенің өмірің тәтті бола 
береді. 

Күйеуі әйеліне тосын сый жасаған сайын, әйелі 
күйеуіне мойынсұна береді екен. 
Осы сияқты, және басқа да өзіңіз ойлаған сыйлық 
жайлы жақсы көздерді күйеуіңізге кездейсоқ айтып қала 
беріңіз. Негізі адамның бейсанасы жайлы, установкалары 
жайлы мен үлкен ауқымды сабақтарымда айтамын, кітапқа 
тек кішігірім бір құралын жаздым. Бұл технология 100 
пайыз жұмыс жасайды, тек қана бұл ұстанымдарды жиі 
айту керек. Жоғарыдағы ұстанымдар күлкі шақыруы 
мүмкін, бірақ бізге бастысы бұл ойдың ер адамның 
бейсанасында ерекше болып сақталып қалуы керек. 
Ұстаным неғұрлым біртүрлі, әрі күлкілі болса, соғұрлым 
бейсана оны тез есте сақтап қалады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет