Үстеулермен танысып, оларды мағынасына қарай ажыратамын.
Сөйлемнен үстеулерді табамын.
Дескриптор
ҮСТЕУ
Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы.
Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға жауап береді.
ҮСТЕУ
Мезгіл үстеу
Мекен үстеу
Сын-қимыл үстеу
Мезгіл үстеуі
Қашан? сұрағына жауап беретін үстеулерді айтамыз.
Кеңес сабағын күндіз оқиды.
Мен таңертең ерте ояндым.
Мекен үстеуі
Қайда? сұрағына жауап беретін үстеулерді айтамыз.
Қарлығаш жоғары көтерілді.
Анам артта қалды.
Сын-қимыл үстеуі
Қалай? сұрағына жауап беретін үстеулер тобы.
Көркем сабағын тез оқиды.
Арай ағылшынша жақсы сөйлейді.
Мәтінді оқы
Бүгін мен достарыммен кездестім. Бәріміз қаланың ішінде серуендедік. Кешке кинотеатрға бардық. Мұнда досымыздың туған күніне тосын сый жасадық. Ол қатты қуанды. Солай күніміз қызықты өтті.