Некеден кейін әйел бақыты
145
кез-келген нәрсені алып береді, бірақ құрбым оның
барлығын қабылдауға ұялады.
Мысалы, қыз айтады: «Маған құжаттарды реттестіруге
қаланың шет жағына бару керек, мен соған барамын»,-
дейді.
Жігіт: -Мен сені апарып тастаймын.
Қыз: -Жоқ керек емес, жұмысың бар ғой.
Жігіт: -Сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін.
Қыз: -Мен үшін жұмысыңнан сұранбай-ақ қой.
Неге қыз бас тартып жатыр? Қыз өзін жігіттің
жұмысынан сұранып апарып тастауына лайық санамайды.
Егер жігіт кешке жақын «по пути» апарып тастаймын десе,
қыз келіседі. Себебі қыз өзін солай бағалайды. Ал егер
жігіт: «Мен сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін, сені
сол жаққа апарып тастаймын»,- деп айтса, қыз келісуге
ұялады. Бұны сіздер тәрбиелік, кішіпейілділік, қамқорлық
дейтін шығарсыздар, қыздың өзі де солай ойлайды. Бірақ
шындығында, бұл бейсаналы түрде қыз үшін тым жоғары
қадам, тым қымбат амал. Қыздың самооценкасы «мен
мұндай қадамға лайық емеспін» дейді.
Ешқашан ер адамның жолын кеспеңіздер. Сол арқылы
сіздің самооценкаңыз жоғарылайды. Алғаш сізге келу
керек ой - мен осыған лайықпын! Мен ер адамның батыл
қадамдарға барғанын қабылдаймын. Себебі мен оған
лайықпын. Мені бұл қуантады. Не үшін мен жоқ деп
айтуым керек?
Мұндай ой сізге тек жігітпен, күйеуіңізбен қатынаста ғана
емес, сізді қоршаған барлық адам көмек қолын созғанда,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
146
сізді қуантқысы келгенде болу керек. Іштей қиын болса да,
кез-келген адамның қиналып сізге көмектескісі келуін,
көмегін қабыл алуыңыз керек. Және жаңағы ойларды
міндетті түрде өзіңізге айтып тұру керексіз.
Мысалы енеңіз: «Мен саған келесі айлығымнан көйлек
алып беремін»,- дейді. Ал сіз: «Жоқ, керек емес, мама,
қойыңыз»,- деп айтасыз. Әрине, бұл бір жағынан тәрбие,
қамқорлық, бірақ екінші жағынан сіз бұл бағаны жоғары
етіп қабылдауыңызда. Біз өзімізден көп нәрсені аяймыз.
Өзімізге деген қуаныштан, еркелетуден қысылып, өзімізге
соны арнаудың орнына аяп, қимаймыз.
Мысалы, күйеуіңіз торттың соңғы тілімін жегісі келіп
тұр, бірақ сіз де оны қалап тұрсыз. Сіз өзіңізден аяйсыз да,
күйеуіңізге бересіз. Күйеуіңізге қамқор болу, оны жақсы
көру өте дұрыс, бірақ осындай сәттерде өзіңізді құрбан
етуге міндетті емессіз. Жегіңіз келіп тұрса да күйеуіңізге
бере салдыңыз. Бірақ ол соңғы бөлшекті сіз де, ол да бір
қасықтап жей аласыздар ғой, немессе толығымен өзіңіз
жей салсаңыз күйеуіңіз аш қалмайды ғой. Анда-санда
өзіңізді жақсы көретініңізді күйеуіңізге көрсетуіңіз керек.
Сіз өзіңізге тортты да алып, көйлекті де алып көрсете
аласыз. Егер күйеуіңіз сізге балаға ойыншық алуға ақша
берсе, ойыншық сатып алып, қалған ақшасына өзіңізге
косметика алыңыз. Қалған ақшаны қайтарып беру міндетті
емес. Осындай кішкентай әрекеттермен ер адамға «мен
өзімді жақсы көремін» деген сигнал жібересіз. Және
міндетті түрде қалған ақшаға косметика алған соң еріңізге
көп алғыс айтып, бір тәттісін жасап беріңіз. Сонда еріңіз де
сізге қуаныш сыйлағанына қуанады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |