Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет87/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
138 
Күйеуімнен айлық түсетін күні досы қарыз сұраған. Маған 
айлық түскенін айтты. 4-5 адам отырған кезінде мен де
«бүгін айлық түсті ғой" деп айта салып едім, күйеуім маған 
ашуланды. "Неге айтасың айлық түскенін? Кеше мен оған 
айлық түскен жоқ, қарызға ақша бере алмаймын деп 
айттым ғой" деді. Мен күйеуімнің өтірігін ашып жібердім 
деген сөз. Бұл автоматты түрде күйеуімнің маған деген 
сенімін жоғалтады. 
Бұл қателікті істемеңіздер. 
Ешқашан ешкімге күйеуіңіздің сөзін айтпаңыз.
Күйеуім демалыс күні маған жұмысқа кетіп бара 
жатқанын айтатын. Мен не үшін олай істейді деп 
ойланатынмын. Демалыс күні ол бильярдқа бара жатса, 
маған жұмысқа дей салуы мүмкін еді. Неге солай 
айтатынын кейін түсіндім. Мен басқа адамдарға оны 
жақсы тұстарда көрсетпей қалған екенмін, яғни ол маған 
бильярдқа бара жатқанын айтса, мен оны енеме, құрбыма, 
анама айтып қоятынмын. Әрине, бұл жаман нәрсе емес, 
бірақ менің туыстардың алдында «күйеуім жұмыс жасап 
жатыр» деп айтсам, тіпті күйеуім бильярдқа кетсе де, бұл 
күйеуім үшін жағымды болатын еді. Сол кезден бастап, 
күйеуімнің демалса да, ұйықтап жатса да, жұмыстан 
шығып кетсе де, тіпті жанымда телефонда отырса да, 
күйеуім жайлы сұраған адамдарға «күйеуім қазір жаңалық 
қарап отыр, күйеуім жұмыстан келіп, шаршап, тынығып 
жатыр, күйеуім қазір бір жұмыстарымен кететін шығар» 
деп айтатын болдым. Бұл сөздерімді естіп жүрген күйеуім 
маған сенім артып, шынымен қай жерге бара жатқанын, не 
үшін бара жатқанын жасырмай айтатын болды.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
139 
Үшінші қадам—баға бермеу.
Бағаны кім қояды? 
Бағаны ата-ана қояды. Бағаны мұғалім қояды. Әйел адам 
емес. Бір мысал келтірейін. Консультацияға келген бір 
әйел куйеуімен болған оқиғаны айтып берді. Оның 
күйеуінің бірінші отбасы және баласы бар екен. Оны кейін 
білген. Екеуміздің арамызда бір әңгіме туды дейді. "Менің 
бірінші әйелім бар. Одан балам бар. Мен ол әйелге үйленіп, 
1 айдан кейін тастап кеттім, қазір араласпаймын", -деп 
күйеуі айтыпты. Ал консультацияға келген қыз: "Неге олай 
істедің? Ол сенің балаң ғой. Оны енді мойныңмен көтеру 
керексің ғой. Балаңа ойыншық апарып бермейсің ба?" - деп 
айтып, күйеуінің істеген әрекетіне баға берді. Сол 
әңгімеден кейін күйеуі ешқашан бірінші отбасысы жайлы 
сөз қозғамапты, және өзге де әңгімелерін сақтықпен, 
беткейлі ғана айтатын болыпты. 
Ер адамның сәтсіздіктеріне баға беретін болсаңыз, 
еркекте "бұл маған баға беріп жатыр, бұған ішімдегіні 
айтуға болмайды, менің қателіктерімді қабылдай 
алмайды" деп ойлайтын болады.
Ер адамның өмірінде жақсы сәттер аз, ол жақынымен 
сәтсіздіктерімен бөліскісі келеді, бірақ жақыны ол 
сәтсіздіктеріне сын мен мін айтатын болған соң, ер адам 
жақынына сенім артпай, жабылып қалады. Себебі, сіз оны 
қалай бар, солай қабылдай алмадыңыз. 
Сіздің күйеуіңіз қателіктерін, сәтсіздіктерін айтқанда, 
оны жақтауға тырысыңыз. Егер күйеуіңізді жақтай 
алмасаңыз, жай ғана сұрақтар қойыңыз. Әрине, оның 
әңгімесінде сіздің шекараңызды аттайтын әрекеттер 
болмаса ғана бұл қадамды жасай аласыз. Яғни, ер адам өз 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет