Академиялық адалдық лигасының қағидалары.
№ 1 қағида. Академиялық адалдық лиганың әр мүшесінің, оның білім беру процесі мен зерттеулерінің басты құндылығы болып табылады.
№2 қағида. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың нақты, әділ және объективті стандарттарының, дәйексөз келтіру және мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
№3 қағида. Лиганың әрбір мүшесі академиялық және / немесе зерттеу мақсаттары үшін ұсынылған сипатына, мазмұнына және көлеміне қарамастан барлық жазбаша жұмыстардың плагиатқа міндетті түрде тексерілуін қамтамасыз етуге жауапты болады.
№4 қағида. Лиганың әрбір мүшесі білім алушының академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
№5 қағида. Лиганың әрбір мүшесі өзінің оқыту нәтижелерін әділ және объективт бағалау жүйесі шеңберінде білім алушыларға жоғары талаптар қояды.
№6 қағида. Лиганың әр мүшесі өзінің оқуын аяқтауға жақсы мүмкіндік береді
№7 қағида. Лиганың әр мүшесі өзінің дипломымен расталған кадрларды даярлау сапасына жауап береді.
№8 қағида. Лиганың әрбір мүшесі оқытушының ментор ретіндегі жоғары жауапкершілігін, академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарын, өзара құрмет пен әділдікті қамтамасыз етеді
№9 қағида. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау білім беру ұйымдарындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің өзара күш- жігерінің нәтижесі екенін мойындайды.
№10 қағида. Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, соның ішінде лига кызметінің негізгі қағидаттарын адал орындауға міндеттенеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйесі. Жалпы ережелер:
1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп- қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты| құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды Мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.
Негізгі ұғымдар:
1. Осы Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
3. Мемлекеттік міндеттер – Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс жүргізу мәндері.
3-1. Алып тасталды – ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Лауазымды адамдар – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық- билік етушілік немесе әкімшілік- шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.
5. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар – мемлекеттің міндеттері мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
Зандылық;
Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
Жариялылық пен ашықтық;
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.