1603 жылы билікке келген І Якоб 1625 жылы қайтыс болып, оның мұрагері
І Карл таққа отырып 1649 жылға дейін басқарып келді.
Ол әкесінің парламент құқығын мойындаудан бас тартқан шексіз билігін жалғастырды.
І Карл парламентті таратып, 11 жыл бойы билігін жүргізіп келді. Бірақ парламенттің рұқсатынсыз жаңа салық түрін енгізе алмады.
І Карл билігіне қарсы көтерілістер Шотландияда басталды. Осы оқиғалардан кейін І Карл 1640 жылы 13 сәуірде парламентті шақыруға мәжбір болды.
І Карл 1642 жылы солтүстікке кетіп, сол жылы тамыз айында парламентке соғыс жариялады. Елде корольдың парламентпен азамат соғысы басталды. Англия екіге бөлінді.
Парламентті жақтаушылар: қолөнершілер, саудагерлер,ерікті шаруалар джентрилер бой көтерді.
Феодалдық –абсолюттік құрылысты жақтаушылар: ақсүйек тектілер, солтүстік феодалдары,ауыл қолөнершілері мен дін иелері қолдады.
1 тапсырма. Әлеуметтік топтардың сипаттамасын жазыңдар .
Әлеуметтік топтар
Сипаттамасы
Бұрыңғы ақсүйектер
\ феодалдар \
Джентрилер
\ буржуазия \.
Шаруалар
Жұмысшылар
Ірі жер иелері. Олар үшін жер байлық пен табыстың көзі болды.
Қала буржуазиясы мен жаңа жер иелері. Сауда және өнеркәсіп арқылы байыған. Олар үшін байлықтың көзі ақша, капиталдарын мануфактураға салған
Жер өңдеумен айналысқан еңбекші тап. Феодалдарға тәуелді болып, алым салықтар төлеп, міндеткерліктер атқарған.
Мануфактураларда жалданып жұмыс істеген еңбекші тап
2 тапсырма. Революцияның негізгі себептерін көрсетіңіз.