Немат Келімбетов Үміт үзгім келмейді


— Қалай қайтпайсың? — деппін сасқалақтап. —



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата28.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#88299
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Үміт

Қалай қайтпайсың? — деппін сасқалақтап.
Қалай дейтіні бар ма? Мені қуып шықпассың?
Жоқ, ə. Бірақ комендант бірдеме деп жүрмесе...
Комендант та адам шығар, түсінер. Мына тас қараңғыда
қалаға қалай қайтам? Қорқам ғой.


Біздің жатақхана, шынында да, қаладан алыста, Алатау бөктеріндегі
ну қалың алма бағының ішінде еді. Түнде бұл маңай көзге түртсе
көргісіз қап-қараңғы боп кетеді.
Мен апарып салайын, — дедім өзімді-өзім зорлағандай
күшене сөйлеп.
Ойбай-ау, мен не деймін, сыбызғым не дейді? Түн ортасында
жатақханаға кім кіргізеді мені?! Қыздарға не бетімді айтам?
Төсегіңді қызғансаң, мен мына диванға-ақ сыйып кетем.
Ақыры ол біздің бөлмеде түнеп шықты. Мұнысын екі- үш
күннен соң тағы да қайталады. Бірте-бірте бұл да үйреншікіті
əдетке айналып бара жатты.
Раушан екеуіміздің арамызда сырт көзге жөнді көріне қоймайтын
астыртын, іштей егес басталғандай еді. Мен Раушанның бізге келіп-кетіп,
кейде тіпті түнеп қалып жүргенін ешкім көрмесе екен деп күйіп-пісем.
Ал, Раушан болса, керісінше əрекет жасайды.
Осында жататын аспиранттардың көзіне көбірек түсе беру үшін жанын
салады. Қызға үзілді-кесілді келме деп айтуға күйректігім жібермеді.
Күмілжіп тұрып бірдеме деген болам. Ондай сөзге Раушан тіпті құлақ
та түрмейді. Əйтсе де, мен арым таза, қиянатым жоқ қой деп үндемей
жүре бердім.


Мен енді өзімнің соншалықты дəрменсіздігіме, күйректігіме
қынжылдым. Бірақ күнде өзімді-өзім «Ешкімнің арын аттағам жоқ,
несіне қынжылам» деп жұбатумен болдым.
Бұл кезде мен жүмыстың қызығына түсіп кеткен едім. Күндіз-түні
кітапхана залдарында, университет лабораториясында, ғылыми-зерттеу
институттарында болам. Диссертацияға қажетті материалдарды
жинаймын. Жатақханаға түнделетіп кеш қайтып жүрдім.
Бір күні кешке келсем, менің жататын кереуетімді біреу балконға
шығарып қойыпты. Бөлменің ортасында ұзын стол қойылған. Үсті
толған тағам. Ішімдік. Болбырап піскен кесек-кесек ет. Уылжыған алма,
мөп-мөлдір жүзім. Дастархан тұнып тұр.
Түгіне түсінбей, диванда үндемей кітап оқып отырған Раушанға
қарадым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет