Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Гегель философиясындаєы объективті рух



бет63/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Гегель философиясындаєы объективті рух.

Гегельдiң түсiнiгi бойынша, қоғам өмiрiндегi құқықтық және адамгершiлiк қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәнi ерiктiкте болғаннан кейiн, құқықтық қатынастардың өзi тiкелей шынайы өмiрге енген ерiктiктiң болмысы болып есептеледi. Осы тұрғыдан ол – қайсыбiр озбырлыққа, тәртiпсiздiкке қарсы жатқан құбылыс. Құқық иеленген адам өзiнiң еркiн сыртқы дүниедегi заттарға таңып, оларды иеленiп, «Менiкi» дейдi. Жеке меншiк Гегельдiң ойынша, ерiктiктiң қажеттi де субстанциалды өмiрге енуi. Тек жеке меншiкте адамның еркi өз-өзiне тұлғалық ерiк ретiнде қалыптасады. Соның арқасында адамның еркiнiң субъективтiгi жойылып, ол зерделi тұлғаға айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жеке меншiктiң ұзақ күрес жолында қоғамдық меншiктi жеңуi – заңды нәрсе, ол – зерденiң жеңiсi. Мораль құқықтық сатыға қарсы тұрып, оны ауыстырады. Ол – саналы ерiктiң субъективтiк құқы. Үшiншi сатыда құқық пен моральдық саты өнегелілiкке, адамгершiлiкке айналады. Ол отбасында, азаматтық қоғамда, мемлекетте iске асады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы – халықтар рухының дамуымен тең. Бiрақ ол – тек қана объективтiк рухтың өзiндiк санасы ғана. Шынайы өмiрде адамдар өз алдына әртүрлi мақсаттар қойып, соған жетуге тырысса да, нәтижесiнде басқаша бiр биiк, алыстағы, өздерi түсiне алмайтын нәрсенiң атқарушыларына ғана айналады. Оны Гегель «дүниежүзiлiк рухтың қулығы» дейдi. Демек, Гегельдiң философиясында адамдар мен халықтар – дүниежүзiлiк рухтың пайдаланатын құралы ғана. Қоғам тарихының мақсаты бар. Ол – жер бетiнде идеалдық мемлекеттi орнату. Ендi объективтiк рух өзiнiң абсолюттiк сатысына көтерiледi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет