Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет1/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Философия



«Философия» пјнінен 2-ші аралыќ баќылау сўраќтары (бакалавриат)



  1. Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі.

Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф.Энгельс «немiс классикалық философиясы» деген ат қойған болатын. Мұның өзiнен бiз өте биiк бағаны, деңгейдi сезiнемiз, өйткенi «классика» деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбiр саласындағы мәңгi өшпес жетiстiктердi айтамыз. Мысалы, қазақ халқының рухани өмiрiнде, өнерiнде классикалық орын алатындар – Әл-Фараби, Абай, Құрманғазы, М.Әуезов т.с.с. ғұламалар. Олар – тек қана қазақ халқына емес, бүкiл адамзат тарихына өзiнiң өшпес iзiн қалдырған тұлғалар. Ал немiс классикалық философиясының өкiлдерiне келер болсақ, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Л.Фейербах сияқты ғұламалардың есімдерін, шығармашылық еңбектерiн бүгiнгi барлық елдердегi білімді қауым бiледi. Немiс философиясының келесi ерекшелiгi – Л.Фейербахтан басқа барлық немiс ойшылдары – идеализм бағытының өкiлдерi. Егер француз ағартушыларының көбi материалистiк атеистiк бағытта болса, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы философтарды бiз материалистiк бағытқа жатқыза алмаймыз. Бұлар, керiсiнше, адамның санасы, рухының 203 құдiреттi күшiн көрсете бiлдi. Сонымен қатар олар рухтың тарихи дамуын, ақыл-ой мен зерденiң арасындағы қайшылықтың бар екенiн, рухани өмiрдегi ақиқат пен ерiктiң, iзгiлiк пен әсемдiктiң дүниедегi ең биік тамаша құндылықтар екенiн көрсете бiлдi. Ендi әңгiменi нақтылай түсiп, сол немiс классикалық философиясының көрнектi өкiлдерiнiң шығармашылық жолын сараптайық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет