КСРО Жоғарғы Кеңесінің
кезектен тыс сессиясында
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Мәскеу қаласы,
1991 жылғы 26 тамыз
Құрметті халық депутаттары!
Соңғы апта – жай күндер және жай ғана уақыт емес,
ол – бізді өткен өмірімізден бөлетін тұтас бір дәуір. Біз
демократиялық күштердің реакцияны еңсерген жеңісін
тойлап жатырмыз. Бізді тоталитарлық режімнің қора
сына айдап тықпақшы болғандардың жолына кеуде
лерін тосып қарсы тұрған мәскеуліктерге мың тағзым.
Осындай алмағайып жағдайда батыл, ымырасыз мінез
танытқан РКФСР Жоғарғы Кеңесіне, Ресей Президенті
Борис Ельцинге шын жүректен алғыс айтамыз. Жас
демократияны қорғау үшін, Мәскеу көшелерінде өмір
534
I ТОМ. – 1989–
–
1991
лерін қиған жандарды біз қатты қайғырып еске аламыз.
Осындай сәтте біз еліміздің барлық аймақтарында
дерлік кертартпа күштермен аянбай күрескендердің
бәрін, 1986 жылдың өзінде әскери техникаға құрқол
қарсы шыққан Алматының студенттерін, Тбилисидің,
Ереванның, Бакудың, Вильнюстің, Кишиневтің құрбан
дарын еске алмай тұра алмаймыз.
Алайда елдің болашағына деген қатты алаңдау-
шылық сезімі алдымызда тұрған проблемаларды
пайымдауымызды қажет етеді, ал соңғы күндер көр
сеткендей, оларды шешудің ауылы әлі алыс. Қазір
бәріміздің санамыз басқа және ол Одақтың, Одақтық
шарттың болашағына басқаша қарауды талап етеді.
Мен үшін жаңарған Одақтың енді федерация болмасы
анық. Өткен уақыттың соңынан қуғанымыз жетті. Укра
инаның өз тәуелсіздігін жариялауы, Белоруссияның
сондай шешімді әзірлеп жатқаны – жаңа тарихи шын
дықтардың көрінісі, олардан жалтарудың немесе көр
мегенсіп көлгірсудің ешбір жөні жоқ. Жағдай түбірінен
өзгерді. Менің Одақтық шартқа тезірек қол қойылуын
жақтайтынымды білесіздер, қазір де сол пікірдемін.
Бірақ болып өткен оқиғалар ескі нобайдың қаншалықты
қантөгіске ұласардай қатерлі екенін көрсетті. Біз кезінде
Одақты терезесі тең республикалар достастығы ретінде
ұсынған Андрей Дмитриевич Сахаровтың үніне құлақ
аспадық. Ол мұны бізден бұрын айтқан болатын. Енді
қазір соның дұрыстығын түсінетін уақыт келді.
Сол болашақ Одақты мен қалай көзге елестетемін?
Өзара шарттық экономикалық келісімдерге келу. Біз
республикамызда осыны мақұл көретіндердің бәрімен
кең ауқымды экономикалық қатынастамыз. Қазір эко
номикалық бытыраңқылық 15 республиканың ешқай
сысына да пайдалы емес. Бұл ретте белгілі бір міндеттер
535
жалпыодақтық органдардың иелігінде қалар еді. Менің
ойымша, бұл ортақ шекараларды қорғау, Қорғаныс
министрлігінің жанындағы ядролық қаруды басқару
дың жоғары кеңесі болуы керек, әрі мұның соңғысына
Одақтың барлық мүшелерінен зымырандарды ұшыру
тетігін басатын саусақты қадағалаушы өкілдер қатысуы
тиіс. Одақтың Қорғаныс министрлігі – шын мәнінде
біздің шекарамыздың Қорғаныс министрлігі. Армия
– әрбір республикада. Бұл шешілген мәселе: РКФСР
мен Украина шешіп те қойды, Белоруссия шешкелі
жатыр. Біз Одақтың Қорғаныс министрлігіне әскери
қызметшілердің белгілі бір санын жібереміз. Егер сырт
тан қауіп төне қалса, министрлік біздің барлық қарулы
күштерімізді Одақты қорғауға жұмылдырады.
Бізде біріккен одақтық көлік, республикалық көлік
жүйе сі, соның ішінде авиациялық жүйе, республика-
аралық коммуникациялар, өз бақылауымыздағы дербес
коммуникацияларымыз, сондай-ақ республикааралық
және жеке байланысымыз болу керек.
Халықаралық қатынастар жалпы бағыттарды, соның
ішінде қарусыздану проблемаларын, жалпыәлемдік
жайларды және т. б. белгілеуде – ортақ. Бірақ әр респу
бликаның сыртқы саяси, экономикалық қызметті,
басқа мемлекеттермен саяси өзара қарым-қатынасты
реттеп отыратын өзінің толық құқықты Сыртқы істер
министрлігі, сондай-ақ біздің азаматтарымыз шет елге
шықса немесе шетелден біреуді қонаққа шақырса,
КСРО Сыртқы істер министрлігінен рұқсат сұрап
жалтақтамайтындай, толық автономиялы консулдық
басқармасы болуы керек.
Біз КСРО деген аббревиатураға бауыр басып кет
тік. Енді оны Егемен Республикалардың Ерікті Одағы
536
I ТОМ. – 1989–
–
1991
(ЕРЕО) деп оқуды ұсынамын. Республика дегенде мен
барлық республикаларды, соның ішінде өздерін егемен
деп жариялаған немесе жариялағысы келетін автоно
миялы республикаларды да айтамын. Біз бүкілодақтық,
республикалық форумдарда кез келген ұлттың өкіліне
өз тілінде сөйлеу құқығын және депутатты оның өз
тілінде тыңдау мүмкіндігін беруіміз керек.
Бір сөзбен айтқанда, біз конфедерациялық шарт
жасауды ұсынамыз. Тек сонда ғана біз республикалар
дың шынайы теңдігіне жететінімізге сенімдімін. Бәлкім,
біз тек сол арқылы нағыз федерацияға жетерміз, оған
менің күмәнім жоқ. Айтпақшы, жаңаогаревтік шарт
іс жүзінде конфедерациялық деуге лайық екенін атап
көрсеткім келеді. Сондықтан шындықты адал мойын
дап, бәрін орны-орнына қояйық.
Экономикалық емес шарт жасасу тек тұрлаулы,
тыныш жағдайда болуы мүмкін және адам құқықта
рына толық ке пілдік беретін әрі бір-біріне қалтқысыз
сенетін республикалар арасында жасалуы мүмкін. Хель
синки келісім-шартына сәйкес біздің аумақтарымы
здағы, әрине, фашистік көзқарастан басқа, діни сенімі,
партиялығы әртүрлі кез келген ұлттың адам құқықта
рының кепілдігі міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек.
Бұл үшін Қазақстан біздің көпұлтты республикамыз-
да ұдайы жұмыс істейтін халықаралық комиссияны
бірінші болып шақыруға дайын. Біз өзімізге ескі жүйе
ден мұра болып қалған адам құқықтарының бұзылуын
толығымен тоқтатуды қалаймыз. Сондай-ақ біз, бәлкім,
өз республикамыздағы психиатриялық ауруханаларда
жатқан барлық науқастарды тексеру үшін, сарапшылар
дың халықаралық комиссиясын шақыруға әзірміз. Біз
көбі кәдімгі кәсіпкерлік қызмет үшін жазалау болған
537
шаруашылық қылмыстар дейтіндердің бәрін жал
ма-жан қайта қарауды бастаймыз. Бұлардың бәрін де біз
құқықтық мемлекет құрудың сенімі мен республикалық
егемендіктің кепілі деп санаймыз.
Мен Балтық маңы республикаларына, Молдавияға,
Грузияға және заңды демократиялық жолмен тә -
уелсіздікке құлшынысын танытқандардың бәріне толық
еркіндік беру мәселесін дереу шешуге шақырамын.
Ешқандай есеп-қисапсыз, атышулы миллиардтаған
қарыз-құрызды алға тартусыз еркіндік берілсін, өйт
кені бір ғана адамның өміріне баға жетпейді, ал біздің
еліміздің халықтары бостандық жолында қаншама
өмірлерін құрбан етті. Әрі бұл соңғы құрбандықтар
ма екен?
Сөйтіп, «N+1» формуласы өткен күнде қалды.
Ендеше, жаңа Одақта оған кіретін республикалардың
шарттық қатынастарынан өзге ешқандай одақтық
Министрлер кабинеті, ешқандай одақтық парламент
дейтіндер болмауы керек деп турасын айту қажет.
Бүгін ақиқаттың сәті туды, сондықтан мен Қазақстан
өзге республикалармен одаққа кіретін басқа ешқандай
негізді көз алдыма елестете алмаймын. Бұл, былайша
айтқанда, стратегия. Ал жақын күндердің тактикасы
шұғыл түрде Министрлер кабинетін емес, экономика
лық қауымдастыққа біріккен барлық республикалардың
өкілдері тең жағдайда жұмыс істейтін республикаара
лық өтпелі экономикалық кеңес құру болуы тиіс. Әуелі
біз кеткісі келгендердің өз құқықтарын іске асыруына
мүмкіндік беруіміз керек. Бұл уақытша экономикалық
кеңеске Одақтан шықпақшы болғанымен, әзірге эко
номикалық ынтымақтастықта тұрғандар кіре алады.
Өйткені олар саяси тұрғыдан ірге ажыратқанымен, эко
538
I ТОМ. – 1989–
–
1991
номикалық жағынан өзгелермен ынтымақтаса беретінін
біз түсінеміз. Бізде заңды түрде сайланған президент
пен парламент бар, олар өз қызметтерін жалғастыра
береді. Бұл қызмет бәрінен бұрын адамдардың осы
қыстан аман шығуы мен аштан өлмеуіне бағыт алуы
тиіс. Болашақ одаққа деген менің көзқарасым, жалпы
алғанда, осындай.
Сөзімнің соңында ешкім құр емексімеуі үшін,
мынаны айтқым келеді: Қазақстан ешқашан да ешбір
аймақтың «қолбаласы» бола алмайды және оның «інісі»
де болмайды. Біз одаққа тең құқықтармен және теңдей
мүмкіндіктермен кіретін боламыз.
539
Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің кезектен тыс пленумында
бірінші хатшы міндетін доғаратыны туралы
мәлімдемесімен
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1991 жылғы 28 тамыз
Қ
астандық жасаушылардың қылмыстық тобын
қолдаған КОКП Орталық Комитеті басшылығының
іс-әрекетін айыптай келіп, менің КОКП Орталық
Комитетінің Саяси Бюросы мен Орталық Комитеттің
құрамынан шыққаным белгілі. Осыдан кейін іле-шала
республикалық компартиялардың жекелеген басшы
ларының саяси мәлімдемелері жасалды. М. С. Горбачев
Бас хатшы өкілеттігін доғарып, Орталық Комитетті
өзін-өзі таратуға шақырды және партия мүлкінің халық
депутаттары Кеңестерінің бақылауына көшуі туралы
Жарлық шығарды.
540
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі қағидаттары
мен оқиғалардың қисынын басшылыққа ала отырып,
мен республика Президенті ретінде Қазақстан аумағын
дағы КОКП мүлкін Қазақстанның меншігі деп жария
лау туралы Жарлыққа қол қойдым.
Мен мемлекеттік төңкеріс кезіндегі КОКП бас
шылығының іс-қимылына өзімнің күрт теріс көзқа
расымды тағы да қуаттаймын. Қиын-қыстау кезеңде
– тамыздың 19-дағы республика халқына үндеуде,
тамыздың 20-дағы саяси мәлімдемеде, КОКП Орталық
Комитетінің Саяси Бюросы мен Орталық Комитеттен
шығу туралы мәлімдемеде айтылған ұстанымымды
сан мыңдаған қазақстандықтар қолдады. Мен еңбек
ұжымдарынан, еңбекшілерден, қатардағы коммунис-
терден қолдау көрсеткен жүздеген жеделхаттар алдым.
Қазіргі жағдайда мен қиын таңдау жасап тұрмын
және өзімнен Қазақстан Компартиясы Орталық Коми
тетінің бірінші хатшысы міндетін аламын. Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитеті өзінің қызметін
тоқтату туралы жариялап, бірден-бір дұрыс шешім
қабылдауға тиіс деп есептеймін, бұл шешімді пар
тияның қатардағы мүшелері қолдайды деп сенемін.
Кезектен тыс съезд немесе конференция өткізу үшін,
ұйымдық комитет құру қажет, Компартияның бұдан
былайғы тағдыры сонда айқындалуы керек. Облыстық
комитеттерден бастап, қалған басқа партия комитеттері
де осылай істеуге тиіс.
Қазақ КСР Президенті ретінде мен Қазақстан
халқына берген антыма, жаңару, республиканың мем
лекеттік егемендігін тереңдету, экономиканы түбегейлі
реформалау саясатына, Қазақстанның аумағын мекен
дейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі, адам
541
құқығын сақтау принципіне өзімнің адалдығым туралы
бекем мәлімдеймін.
Мен біздің қоғамды қайта құру үдерісін қабылдаған
және қолдаған еңбек ұжымдарының партия ұйымдары
мен барлық ұрпақ коммунистерін ешбір жағдайда да
кінәламайтынымды тағы да атап көрсеткім келеді. Осы
адамдардың көпшілігі өз басшыларының принцип
сіздігі мен енжарлығының кепіліне айналған болып
шықты. Оларды ешбір дәлелсіз қаралауға және, әсіресе,
қудалауға жол берілмеуге тиіс. Бұл тоталитарлық
режім уақытына қайтып оралу мен барлық қазақстан
дықтарды топтастыру үдерісіне соққы болып тиер еді,
ал олардың достығы мен келісімі талай сынақтан өткен.
Босатылған барлық партия қызметкерлері Қазақ КСР
заңдарына сәйкес еңбекке орналастырылуға тиіс.
Мен сөзімді барлық қазақстандықтарға арнай
мын. Бізде жалпы халықтың қолдауын тапқан
әлеуметтік- экономикалық өзгерістер бағыты бел
гіленді, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтаудың
төтенше жағдайларда талай рет сынақтан өткен жақсы
дәстүрлері бар. Нақ осы жәйт Қазақстанның беделін
еліміз бен халықаралық деңгейде нығайтуға көмектесті.
Сіздерден басталған істі қолдауды және жалғастыруды
өтінемін.
Мен барлық еңбекшілерді, коммунистерді, саяси пар
тиялар мен қоғамдық қозғалыстарды партияда болып
жатқан істерге түсіністікпен қарауға, саяси өмірдегі
өзгерістердің бүкіл тереңдігі мен қажеттігін түсінуге,
ортақ демократиялық қозғалыста интернационалдық
негізде бірігуге, заңдылықты сақтауға, ұйымшылдық
пен тәртіпті нығайтуға, көпұлтты Қазақстанның бола
шағы үшін жоғары жауапкершілік сезіміне ден қоюға
шақырамын.
542
I ТОМ. – 1989–
–
1991
КСРО Президентінің өкілеттілігі бойынша
КСРО Президенті мен одақтас республикалардың
мәртебелі басшыларының мәлімдемесімен
КСРО халық депутаттарының төтенше съезінде
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Мәскеу қаласы,
1991 жылғы 2 қыркүйек
Ү
стіміздегі жылғы тамыздың 19–21-інде жасалған
мемлекеттік төңкеріс салдарынан егемен мемлекеттер
арасындағы жаңа одақтық қатынастардың қалыптасу
үдерісі бұзылды, мұның өзі елімізді апат шегіне әкеліп
тіреді.
Бүліктен кейін елде қалыптасқан жағдай бақылаудан
шығып кететін болса, ол еліміздің ішінде және шет мем
лекеттермен қатынастарда болжап болмас зардаптарға
апарып соқтыруы мүмкін.
Бұл бүліктің сәтсіздікке ұшырауы, демократиялық
күштердің жеңісі реакциялық күштерге және демокра
543
тиялық өзгерістер үрдісін тежеген барлық нәрселерге
елеулі соққы бергенін атап өтеміз, сөйтіп, елімізді
жаңартудың түбегей қайта құруларын жеңілдету үшін
тарихи мүмкіндік жасалды.
Мұндай жағдайда КСРО Президенті, республика
лардың Президенттері және Жоғарғы Кеңестерінің
Төрағалары болып табылатын еліміздің заңды сай
ланған мәртебелі басшылары өкімет құрылымдары
ның бұдан былайғы қожырауына жол бермеу мақ
сатымен және республикалар арасындағы қатынас-
тардың жаңа саяси, мемлекеттік жүйесі құрылғанға,
өтпелі кезеңге арналған өкіметтің республикааралық
(одақтық) құрылымдары құрылғанға дейін (жаңа
Конституция қабылдағанға және соның негізінде жаңа
өкімет органдарының сайлауын өткізгенге дейін) мына
дай қажеттілікпен келісті:
1. Егемен мемлекеттер одағы туралы шартты әзірлеп,
оған барлық тілек білдіруші республикалар қол қоюы
керек, бұл Одақта олардың әрқайсысы Одаққа өзінің
қатысу сипатын дербес айқындай алады.
2. Барлық республикаларға, олардың декларация
ланған мәртебесіне қарамастан, біртұтас еркін эконо
микалық кеңістік шеңберінде өзара іс-қимылдар жасау
мақсатымен және халық шаруашылығының қалыпты
жұмыс істеуі, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету,
түбегейлі экономикалық реформаларды жедел жүргізу
үшін шұғыл түрде экономикалық одақ жасасу жөнінде
ұсыныс жасалсын.
3. Өтпелі кезең жағдайында:
– заң шығарушылық міндеттерді орындау және
Егемен мемлекеттер одағының жаңа Конституциясын
544
I ТОМ. – 1989–
–
1991
әзірлеу мақсатымен одақтас республикалардан тең
өкілеттік принципі бойынша, КСРО және республи
калардың Жоғарғы Кеңестерінің әрқайсысынан 20-дан
жіберілген халық депутаттарының қатарынан Халық
депутаттары өкілдерінің кеңесі құрылсын;
– республикалардың ортақ мүдделерін қозғайтын
ішкі және сыртқы саясат мәселелерін келісіп шешу үшін
КСРО Президенті және одақтас республикалардың
мәртебелі ла уазымды адамдары құрамында Мемле
кеттік кеңес;
– халық шаруашылығын басқаруды үйлестіру және
экономикалық реформаларды келісіп жүргізу үшін тең
негізде барлық республикалардың өкілдерін қатыстыра
отырып, уақытша республикааралық экономикалық
комитет құрылсын.
Конституция әзірленгеннен кейін оның жобасын
одақтас республикалардың парламенттері қабылдап,
бекітуге, ал одақтас республикалардың өкілетті өкіл
дерінің съезінде түпкілікті қабылдануға тиіс.
КСРО халық депутаттарының мәртебесі олар сай
ланған бүкіл мерзімге сақталатыны қуатталсын.
Осыған байланысты біз съезге КСРО Конституциясы
ның тиісті баптарының күшін уақытша тоқтату жөнінде
өтініш жасаймыз.
4. Біртұтас Қарулы Күштер мен әскери-стратегиялық
кеңістікті сақтау, КСРО Қарулы Күштеріндегі, Мемле
кеттік қауіпсіздік комитетіндегі, Ішкі істер министрлі
гіндегі және Прокуратурасындағы түбегейлі реформа
ларды республикалардың егемендігін ескере отырып
жүргізу мақсатымен қорғаныс саласындағы ұжымдық
қауіпсіздік принциптері негізінде келісім жасалсын.
545
5. КСРО өз мойнына алған барлық халықаралық
келісімдер мен міндеттемелердің, бұған қоса қару-жа
рақты қысқарту мен бақылау мәселелерінің қатаң
сақталуы қуатталсын.
6. Азаматтардың ұлтына, тұрғылықты жеріне, парти
яға мүшелігіне және саяси көзқарастарына қарамастан,
олардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ
саны аз ұлттардың құқықтарына кепілдік беретін декла
рация қабылдансын.
7. КСРО халық депутаттарының съезінен одақтас
республикалардың Біріккен Ұлттар Ұйымына өздерін
халықаралық құқық субъектілері деп тану және осы
ұйымға мүшелігі туралы мәселені қарау жайындағы
үндеуін қолдау сұралсын.
Қалыптасқан жағдайдың мәжбүр етуіне сай аталған
шараларды жүргізуді кешеуілдетуге болмайтындығына
байланысты біз съезге ұсынылған мәселелер бойынша
шешімді шұғыл қабылдау жөнінде өтініш жасаймыз.
546
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Қазақстан Компартиясының
кезектен тыс төтенше съезінде
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1991 жылғы 7 қыркүйек
Құрметті делегаттар!
Осыдан 10 күн бұрын, Қазақстан Компартиясы Орта
лық Комитетінің пленумы осы съезді шақыру туралы
шешім қабылдаған кезде, елдің де, республиканың да
бұдан былайғы тағдырында көп нәрсе күңгірт болатын.
Біздің әрқайсымыз, әрине, Одақтың болашағы туралы,
қоғам өміріндегі саяси құрылымдардың рөлі туралы
түсінігімізді түбірімен өзгерткен шешуші оқиғалар
дың төніп келе жатқанын сезіндік. Нақ солай болды
да. Бүгінгі таңда біз тек стратегия мен тактиканы ғана
емес, сонымен бірге, қайта құру қозғалысының жалпы
547
тұжырымдамасын да ой елегінен толық қайта өткізуді
талап ететін мүлдем жаңа ақиқатпен бетпе-бет келдік.
Бізге өмірдің өзі демократияның аса ұлы тағылымын
алға тартты, соның нәтижесінде Одақтық шарттың
бұрынғы бүкіл құрылымы, бақсақ, өте әлсіз құрылымы
күйреп, егемен мемлекеттердің достық одағының прин
ципті жаңа үлгісі дүниеге келді. Ол үйреншікті идео
логиялық қағидалар мен саяси ырықтарға емес, қайта
республикалардың бостандығы мен тәуелсіздігін сөзсіз
танудың, олардың жалпы демократиялық кеңістіктегі
өзара тиімді экономикалық ынтымақтастығының берік
әрі бірден-бір ықтимал іргетасына негізделген.
Бұрынғы Одақ енді жоқ. Елдің тағдыры үшін бүкіл
жауапкершілікті республикалар өз мойнына алды.
Кейбіреулерге бұл бүгін таңда қасірет болып көрінуде.
Бірақ бұл солай ма? Өздеріңіз білесіздер, мен Ново-
Огарево келісімінің құлшынған жақтаушысы болдым,
пленумдар мен съездердің мінберлерінен әрбір сөйле
ген сөзімде дерлік, бұқаралық ақпарат құралдарында
Одақтық шартқа тезірек қол қою қажеттігі туралы
пікірді табандылықпен айтып келдім. Және мен өз
сөздерімнен бас тартпаймын. Алайда біздің барлық
күш-жігеріміз қасақана тежеліп қана қойған жоқ. Ең
қорытынды кезеңде, былайша айтқанда, мәреге тікелей
жақындағанда әміршіл-әкімшіл жүйені көксеген соңғы
уәж – бүлік бұрқ ете түсті. Ол үшін одақтық келісімге
қол қою өліммен бірдей болатын. Рас, бұл да оны
құтқарған жоқ.
Қайта құрудың 6 жылы босқа өтпеген екен. Демо
кратия жемісінің дәмін татқан халық оны тоталитар
лық режімнің құрсаулы аясына қайтаруға тырысқан
жанталасқан әрекетке батыл қарсылық көрсетті. Бұл
548
I ТОМ. – 1989–
–
1991
жеңістен біз еліміздің барлық халықтарының қосқан
үлесін әділ де айқын көріп отырмыз. Олар тек Мәскеу-
де 1991 жылғы тамызда ғана емес, сонымен бірге, одан
әлдеқайда ерте – Алматы мен Тбилисидің, Баку мен
Кишиневтің, Вильнюс пен Ереванның алаңдарында қан
төкті, демократияның салтанат құруы үшін өмірлерін
құрбан етті.
Біз енді сапалық жағынан жаңа елде өмір сүріп отыр-
мыз. Империялық дүние біржолата және оралмасқа
кетті. Енді шартқа жеткізетін алдағы жолды өркени
етті негізде жүріп өту үшін, тұрақтылықты сақтау өте
маңызды, мен оған қол қойылатынына кәміл сенемін.
Біз сапалық жаңа принциптер негізінде, республика
лардың тілегін ескере отырып, бірігуге тиіспіз. Өзінің
Одаққа қатысуының сипатын республикалардың өздері
айқындайды. Қатынастардың мұндай сан алуандығы –
қандай да болсын саяси қысымнан және идеологиялық
фетишизмнен ада шынайы Одақтың басты кепілі.
Алайда КСРО халық депутаттарының төтенше съезі
қабылдаған шешімдердің едәуір кешеуілдегенін атап
өтпей тұра алмаймын. Егер осыған ұқсас шешімдер
бұдан бір-екі жыл бұрын қабылданған болса, бәлкім, біз
ерікті республикалардың ерік-жігері негізінде шынайы
Одақты құра алар да едік, оның барлық субъектілерін
сақтап, ұлтаралық жанжалдарға жол бермес те едік.
Сылбырлықтың, өмірлік ақиқатқа байсалды көзбен
қарай білмеудің және қарағысы келмеудің құны, міне,
осындай. Осыған байланысты сіздерге тікелей сұрақ
қойғым келеді: осынау кешігуде партия аппаратының
кертартпа бөлігі өзінің ең келеңсіз рөлін атқарған жоқ
па?
549
Өзінің қазіргі жағдайына КОКП дәйекті әрі үздіксіз
сырғып, дұрысын айтқанда, құлдырады. КОКП
Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пленумында
және Бүкіл одақтық XІX партия конференциясында
Коммунистік партияның жаңару жолынан өтуге тиіс
екені туралы айқайлата жарияланған ұрандар кейінгі
жылдарда жылы жауып қойылды. Билікті халықтық
үкіметтің заңды сайланған органдарына беру қажет
екені туралы мәлімдемелер соның аяғын құшты. Ол
органдар билікті партиядан күшпен тартып алғанға
дейін, іс орнынан тапжылған жоқ.
Ал басқадай болуы мүмкін бе еді? Бәлкім, болмас та.
Гәп мынада. Партия шын мәнінде өз аппаратына бақы
лау жасаудан айрылды, ал ол ондаған жылдар бойы
партияға жат, арамтамақ организм ретінде дамып, кон
ституциялық емес, бірақ құдіретті мемлекеттік жүйеге
айналды. Партия құрылымдары жоғарыдан төменге
дейін бүкіл қоғамды кеулеп, партия бұқарасының
берекесін қашырып, оны кез келген бастамадан айырды,
оның пікірін өзінің қалауынша пайдаланып келді.
Дүмпу мемлекеттік төңкеріс кезінде басталды, оған
КОКП-ның ең жоғары басшылығындағы кейбір адамдар
қатысты болып шықты. Мұның өзі партияның және, ең
алдымен, партия органдарының онсыз да жоғары емес
беделін енді біржолата түсірді.
Осы жағдайда менің аса оңай да әрі жеңіл де емес
шешім қабылдауыма тура келді. Мен КОКП Орталық
Комитеті Саяси Бюросының және Орталық Коми
тетінің құрамынан шықтым, ал содан соң Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
қызметін де тастадым. Жасыр маймын, кейбіреулер мені
бұл қылығыңызбен партияның қатардағы мүшелерін
550
I ТОМ. – 1989–
–
1991
өзіңізден алыстатып, олардың қолдауынан айырыласыз,
деп ескертті. Мен оларға былай деп жауап қайтардым:
бұл менің ар-ожданым мен намысымның ісі, соңымнан
ешкімді тартпаймын, қалай қажет деп тапсам, солай
істеп отырмын. Қазір республиканың түкпір-түкпірінен
менің атыма қолдау білдірген хаттар мен жеделхаттар
жіберген мыңдаған коммунистер мен партияда жоқтар
жасалған қадамның дұрыс екеніне менің көзімді жет
кізгенін айта аламын.
Кезектен тыс пленумда Қазақстан Компартиясы
ның КОКП құрамынан шығуы және республикалық
Орталық Комитеттің қызметін тоқтату туралы мәселе
қойып, мен өте дұрыс істедім деп ойлаймын. Жағдайға
байыпты баға беріп, Орталық Комитет өзін құрметке
бөлейтін бірден-бір дұрыс шешімді дербес қабылдап,
осы съезді шақырды. КОКП тұтас құрылым ретінде
өмір сүруін тоқтатты, енді оған қайтып оралу жоқ.
Қазақстан Компартиясының тағдырын осында, осы
съезде шешу керек.
Әділін айтуға тиіспін: Қазақстан коммунистері респу
бликалық партия ұйымын көптеген жайсыздықтардан
сақтай алды, әлдебір әсіре солшыл немесе әсіре оңшыл
солқылдақтыққа салынған жоқ. Компартияның, оның
қатардағы мүшелерінің арқасында республикада бір
шама тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталды және
сақталып отыр. Еңбек ұжымдарының партия ұйымдары
жергілікті жерлерде өз борышын адал да ыждағатты
орындады.
Алайда КОКП-ның құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан
Компартиясы да, біздің партиялық құрылымдарымыз
да талап биігінен көріне алмады. Олардың көбі уақыт
жағынан үмітсіз артта қалып қойды. Партия бұқара
551
сынан, оның үстіне халық бұқарасынан қол үзіп алды.
Қандай түбегейлі заңдар қабылданса да, дағдарысты
жоюдың, нарыққа көшудің қандай да болсын пер
спективалық бағдарламалары немесе қандай да бол
сын басқа бағдарламалар әзірленсе де, кейбір партия
басшылары мен партия комитеттері, жақсы дегеннің
өзінде, енжар күйінде қалды, көбінесе үнсіз қарсылық
жасап, оң өзгерістерге тежеу болды. Мұның одан әрі
жалғасуы мүмкін емес еді.
Мен осы айтылғандардың жаңару үдерістерін
түсініп, қабылдаған, республикада басталған демокра
тияландыру үдерістерін, жаңа экономикалық қатынас-
тарға, шаруашылықты жүргізудің озық түрлері мен
әдістеріне қарай ілгері басуды қолдаған бастауыш
партия ұйымдарына, ең алдымен, еңбек ұжымдарына,
қатардағы коммунистерге ешбір жағдайда қатысты емес
екенін тағы да атап көрсеткім келеді.
Егер біз партияны жеңіл-желпі жөндеу жолына
түссек, бұрынғы партиялық құрылымдарды әлдеқалай
сақтауға тырыссақ, бүгінгі күннің ақиқатына батыл қарау
үшін өзімізден күш-жігер таппасақ, онда Қазақстанның
сан миллиондаған еңбекші бұқарасының қолдауын көре
алмайтындығымыз кәміл. Тек партияның ғана емес,
сонымен бірге, бүкіл егемен республикамыздың, оның
көпұлтты халқының да тағдыры біздің бүгін қандай
шешім қабылдайтынымызға едәуір дәрежеде байла
нысты. Және ең алдымен – Қазақстанда экономиканы,
әлеуметтік саланы реформалаудың, адамдардың әл-
ауқатын арттыру, мәдениетті қайта түлету үдерістерінің
қандай қарқынмен жүретіні де осыдан туындайды.
Бүкіл одақтық аренада да, дүниежүзілік аренада да
республиканың беделі осыған байланысты.
552
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Бүгінгі таңда біз партиямыздың атын ғана емес,
сонымен бірге, қызметінің сипатын, түрлері мен әді
стерін де өзгертетін түбегейлі шешім қабылдауымыз
қажет деп ойлаймын. Біздің коммунистік қасаң қағида
лардан бас тартуымызға тура келеді. Мен жаңылысып
айтып тұрған жоқпын, мұраттардан емес, нақ қасаң
қағидалардан. Төрелігін өздеріңіз айтыңыз даршы:
коммунистік идеологияның капитал, рынок, меншік,
оның үстіне жеке меншік ұғымдарымен үш қайнаса
сорпасы қосылмайды деп ондаған жылдар бойына
біздің санамызға құюмен келді ғой. Ал бүгінгі таңда біз
басқа саяси бағдарды ұстанған, қоғамдық дамудың басқа
тұжырымдамаларын уағыздаған елдермен тікелей бай
ланысқа және әріптестік қатынастарға шығып отырмыз.
Ал жуырға дейін өз қолымызбен «темір перде» құрып,
оларды тек таптық жаулар деп келдік.
Партияның төбе тобына ондаған жылдар бойы
қызмет көрсеткен идеология бізді кеңес адамы дүние
жүзіндегі ең азат адам деп сендірді. Бірақ сөз, ар-ождан
және баспасөз бостандығын жариялай отырып, парти
ялық аппарат жаппай цензураны орнатты, партиялық
ортада, оның үстіне партияда жоқтардың ортасында
бастамашылық пен демократияның кез келген өркен
дерін көктемей жатып түп-тамырымен жойып отырды.
Қысқасы, ықтасын ете отырып, тартымды коммунис-
тік ұрандарды бүркемеленіп, партократия халықты
арсыздықпен қанады, оның шынайы еңбек құлшыны
сына, ең асқақ патриоттық және интернационалдық
сезіміне, жақсы, азат өмірге, теңдік пен әлеуметтік
әділеттік мұраттарға деген ұмтылысына қиянат жасады.
Іс жүзінде коммунистік идеология миллиондаған кеңес
адамдары үшін бақытсыздық әкелді. Жалған қағида
553
ларға негізделіп құрылған бұл идеология қоғамдық
дамудың басқа жүйесімен тарихи таласта жеңіске
объективті түрде жете алмады, ал басқа жүйе болса,
Жер шарының барлық қалған бөлігінде өзінің өмір
шеңдігін көз жеткізе дәлелдеді. Бұл идеология өзінің
беделін түсірді деп таныған жөн. Ендеше, біз болашақ
жайында ойлағанда, қаусаған қасаң қағидаға бұрынғы
сынша жабыса береміз бе? Бұл, шынтуайтына келгенде,
қисынсыз, тіпті апатты болар еді.
Бізге түбегейлі жаңа, басқаша аталатын партия
қажет. Оның міндетіне «сәулетті болашақ» дейтін
нің халыққа түсініксіз, схоластикалық мұраттарына
қол жеткізу емес, нақты ізгі мақсаттарға қол жеткізу,
ең алдымен – азаматтардың әлеуметтік қорғалуын,
олардың құқықтары мен бостандықтарын, ұлтаралық
келісімді қамтамасыз ету кіретін болады. Сөз жоқ, бұл
парламенттік үлгідегі, ұйымдық құрылым мен бұқара
арасындағы жұмыстың бұрынғы принциптерін аулақ
лақтырып тастаған партия болуға тиіс. Ол қоғамның
саяси құрылымындағы орын үшін заңды, конституци
ялық әдістермен, өз ықпалын тек еңбекшілердің игілігі
үшін пайдалана отырып күресе алады. Және, әлбетте,
барлық демократиялық партиялармен және қозға
лыстармен сындарлы, тең құқықты және құрметтеу
рухындағы үнқатысуын сақтайтын болады.
Мұндай партия еңбекшілердің үміті мен арман-тілек
терінің шынайы білдірушісі болады, өз қатарына көпте
ген адал ниетті адамдарды, өз республикасының патри
оттарын, соның ішінде өз өмірін Қазақстан Коммунистік
партиясымен мансапқорлық мақсатпен емес, қайта
ар-ожданы мен жүрек қалауы бойынша байланысты
руға бағыт ұстағандарды тартады ғой деп ойлаймын.
554
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Мұндай партия қазіргі республикалық партия ұйы
мының заңды ізбасары бола алады. Партия мүлкінің
белгілі бір бөлігі жалпыхалықтық пайдалануға, денсау
лық сақтау, халыққа білім беру және әлеуметтік қамсыз-
дандыру саласына бағытталуға тиіс екені туралы менің
ойымды коммунистердің қолдайтынына сенемін. Бұл
әділ болған болар еді. Нақты қадам ретінде мен парти
ялық демалыс үйлерінің немесе санаторийлерінің бірін
ядролық сынақтар мен экологиялық апаттар құрбанда
рын сауықтыру орталығына айналдыруды ұсынамын.
Бәрін де орын-орнына қою үшін, бүгінде байырғы
партия қызметкерлерін ерекше толғандырып отырған
нәрсе жайында да айтқым келеді. Олардың көбі абы
ржыған, белгілі бір психологиялық жайсыз жағдайда
болып отырғаны құпия емес, өйткені қалыптасқан
партиялық жүйенің кепіліне олар тіпті де өз кінәсі
нен айналып отырған жоқ. Ол адамдарға беталды
өсек-жала жабылуына, олардың жөнсіз қудалануына
ешбір жол бермейміз. Олардың істен тыс, өмірден
қалыс қалуына да жол бермейміз. Оның өзі адамдық
көзқарас тұрғысынан ашықтан-ашық әділетсіздік қана
емес, сондай-ақ жол беруге болмайтын ысырапқорлық
болар еді. Өйткені партия жұмысына, әдетте, халық
шаруашылығының ең білікті мамандары, адамгершілік
қасиеттері жоғары адамдар іріктелген болатын. Респу
бликалық партия ұйымында жұмыс істеген жылдары
мен бұған көз жеткіздім. Мен бұл мінберден кез келген,
тіпті ең тоқыраушылық және ең қолайсыз жылдарда
қорқып-үркіп, әлдебір артықшылықтар үшін емес,
қайта бар ар-ожданымен жұмыс істеген жанқияр
партия мүшелеріне, менің жақын жолдастарыма шын
жүректен алғыс айтпай кете алмаймын. Олар адамдар
555
дың көзіне әрқашанда тура әрі адал қарап келді және
қарай беретін болады.
Бүгінде біз аса жақсы кезеңді бастан кешіріп отырған
жоқпыз, дегенмен де, оның мәңгіге ұласпайтынына сен
гіміз келеді. Ең бастысы – біздің белгілі бір мақсатымыз
бар, республиканы бай да бақытты күйінде көруге деген
ынтызар тілек баршылық. Бұл үшін нақты мүмкіндіктер
мен ресурстар да жеткілікті. Бізде орасан зор игілік –
Қазақстанды мекендейтін халықтың достығы мен бірлігі
бар. Сондықтан мен болашаққа сеніммен қараймын
және басталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді
демократияның жинақталған тәжірибесіне сүйене оты
рып, ортақ күш-жігермен қисынды түрде соңына дейін
жеткізе аламыз деп үміттенемін.
556
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Достарыңызбен бөлісу: |