Егемен мемлекеттер басшыларының
кездесуінде
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1991 жылғы 1 қазан
Қадірлі әріптестер!
Кездесуімізді аша тұрып, бүгін айрықша күн екенін
баса айтпақпын. Мұнда егемен мемлекеттердің бас
шылары бір ғана әрі аса маңызды мақсатпен – біздің
республикаларымыздың арасында жаңа жағдайдағы
өзара тиімді берік ынтымақтастықты қамтамасыз етіп,
бұрынғы жылдары қалыптасқан экономикалық байла
ныстардың үзілуіне жол бермеу және біртұтас эконо
микалық кеңістікті сақтау үшін жиналып отыр. Бүгінде
бұл біздің халықтарымызға өте-мөте қажет.
Менің ойымша, басты назарды саяси әуестікке емес,
халықтардың мұқтаждары мен мүдделеріне аударса,
557
жылдар және ондаған жылдар бойы түзілген сан түрлі
экономикалық байланыстарды орынды пайдаланса,
жаппай ірге ажырату үдерісін тоқтатуға болатын
сияқты. Соны қазір істемесек, біз бұл байланыстарды
біржолата бұзып, қайта айналмас үдерістермен, барлық
республикалар экономикасының толық және үзіл
ді-кесілді күйреу қаупімен бетпе-бет келеміз.
Біз экономикалық одаққа қатысу сипатын өздері
айқындауға тиісті республикалардың ықыласын ескере
отырып, сапалық жаңа көзқарас негізінде бірігуіміз
керек. Біреу оған, айталық, федерация мүшесі ретінде,
енді біреу конфедерация негізінде кіреді, тағы біреудің
қауымдастық жолымен қатысуы да әбден мүмкін. Мұн
дай әралуандық – қандай да болсын саяси қысымнан
және идеологиялық соқыр сенімнен ада нағыз достас-
тықтың басты кепілі.
Елде қалыптасқан ауыр жағдай бізден үйлесімді
іс-әрекетті қажет етеді, ал ол, ең алдымен, халықты
азық-түлікпен жабдықтаудың, көпшілік қолды тауар
лар өндірісінің, кәсіп орындардың тұрлаулы жұмыс
істеуінің келелі міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.
Біздің кездесуіміз экономиканың одан әрі құлдыра
уын және халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуін
тоқтатуға қабілетті ортақ экономикалық саясатты бел
гілеуге көмектесетін болар деп үміттенемін.
Бүгінгі кездесуіміздің күн тәртібіне келетін
болсақ, құрметті әріптестер, мен экономикалық
қауымдастық туралы шарттың соңғы нұсқасын қарап,
артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылап, қажет
болса тиісті түзетулер енгізуді ұсынар едім.
Қандай жағдайда да бізде жемісті әрі сындарлы
әңгіме өрбитініне сенімдімін. Қазақстан астанасындағы
558
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Достық үйінің осы үстелінің басында жиналғанымыз
дың өзі-ақ біздің халықтарымызды біріктіретін дәнекер
лердің қаншалықты терең әрі берік екенін сенімді түрде
растайды. Ортақ тарихымыздың көптеген даңқты және
қасіретті беттерін еске алсақ та болады. Ол – біздің ортақ
тағдырымыз, ортақ өткеніміз. Ал болашағымыздың
қандай болары бүгін өзімізге байланысты.
Бостандыққа, ұлттық өзін-өзі айқындауға, өз еге
мендігін бекітуге деген заңды құлшыныс ешқандай
жағдайда адамның татулық пен келісімде, өзара көмек
пен ізгі көршілік, рухани туыстық жағдайында өмір
сүруге деген табиғи ықыласына қайшы келмеуі керек.
Бәріңіз де осы ұстанымды қуаттайтындарыңызға
сенімдімін.
Республикалардың бірінші басшыларының Қазақстан
жерінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ертең болатын
ғарыштық старт қарсаңында бас қосуының, меніңше,
аса терең нышандық мәні бар. Бүгін біздің нағыз тең
құқықты және өзара тиімді қатынастарға негізделген
экономикалық қауымдастықтың берік іргетасын қалап,
өркениетті демократиялық қоғам жолындағы бірлескен
болашағымызға старт беретін мүмкіндігіміз бар. Сол
мүмкіндікті жіберіп алмайық.
559
Республика күніне арналған
салтанатты жиналыста
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1991 жылғы 4 қазан
Қадірлі достар!
Біз бүгін өзімізге ерекше мәні бар мерекенің бір
жылдығын атап өтуге жиналып отырмыз. Халықтың
еркі бойынша Қазақстанның тарихында жаңа бетті
ашқан аса маңызды құжаттың қабылданғанына бір жыл
толды. Республиканың Мемлекеттік егемендігі туралы
декларация оның нақты тә уелсіздігі мен дербестігін
орнықтыру үдерісін бастап берді.
«Нақты» деп атап айтып тұрған себебім, қазір
қолданылып жүрген КСРО Конституциясына сәйкес
біздің республикамыз, одақтық басқа да республика
560
I ТОМ. – 1989–
–
1991
лар сияқты, ондаған жылдар бойы егемен мемлекет
мәртебесін жәй сөз жүзінде ғана алып келген еді. Конс-
титуцияның жылтырақ қағидаларының астарында
біртұтас мемлекеттік жүйенің жаппай орталықтанды
руға сүйеніп, қоғамның барлық салаларына бақылау
жасап отыратын шын кейпі жасырынып жататын. Егер
орталықтың тұтастай билеп-төстеуі экономиканың
негізгі мәселелерін, сыртқы саясат пен қаржы бөлудің
өзекті жайларын ғана емес, ұлттық табиғи ресурстар
дың пайдаланылуын да, тіпті жергілікті өкімет орын
дарының істі ұйымдастыру мен жұмыс жүргізуінің
бастапқы арналарын белгілеуге де әсер етіп жатқан
болса, республикалардың егемендігі туралы сөз болуы
мүмкін бе?
Демократиялық үдерістердің қарқынды дамуына,
ұлттық сана-сезімнің өсуіне негізделген қайта құрудың
идеялары бізге егемендік жолындағы күрестің страте
гиясы мен тактикасын айқын көрсетіп берді. Мұның
бастау көзінде бізде жергілікті пиғылдар да, орта
лықтың әмірін өзіміздің әмірімізбен алмастыру ниеті
де жатқан жоқ еді, әміршіл-әкімшіл жүйенің сойылын
соғушылар бізге осылай деп талай рет айып таққан
болатын. Егемендік жолындағы күрестің жалғыз ғана
мақсаты Қазақстан халқының саяси, әлеуметтік және
рухани тұрғыдан толыққанды дамуын қамтамасыз ету,
республиканың азаматтарына лайықты өмір сүретіндей
жағдай жасау еді, қазір де онан басқа мақсатымыз жоқ.
Бұл мақсат еңбекшілердің қалың тобының тара
пынан қолдау таппай қоймайтын еді. Жасы әртүрлі,
ұлты әрқилы, мамандықтары мен әлеуметтік тегі өзгеше
адамдардың Декларацияның жобасын қандайлық
561
құштарлықпен, мүдделілікпен талқылағандары сіз
дердің естеріңізде болар. Республика егемендігі идеясын
бүкіл халықтың қолдауы, осынау тарихи актінің ақтық
мәтінін даярлауға бүкіл халықтың атсалысуы арқасында
сол құжатты қабылдауға мүмкіндік ашылды. Қазақ
КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияда
республика халқының өзі туып-өскен жеріне, ана тіліне,
мәдениеті мен дәстүрлеріне, өз тағдырын өзі шешуіне
деген құлшынысы айқын көрінді, ол оның ерік-жігерінің
жарқын көрінісі болды. Басқаша болуы мүмкін емес те
еді, өйткені әр халықтың дербес өз мемлекеттігін құруға
хақысы бар.
Республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеумет
тік-экономикалық және мәдени өзгерістердің біртұтас
тұжырымдамасы болып табылатын Мемлекеттік еге
мендік туралы декларацияның мазмұны өте зор. Ал
біздің Декларация жобасының, сондай-ақ тілдер туралы
заңның да орталық тарапынан қандай қарсылық туғыз-
ғаны есімізде. Сол кезде біздің атымызға небір айып
таулар, жазғырулар және ең қара түнек болжамдар
айтылды ғой! Бұрынғы КСРО Жоғарғы Кеңесінің
басшылығы осы құжаттардың қабылдануын барынша
тежеп, республикаға қысым көрсету, ұлтаралық қаты
настарды тұрақсыздандыру әрекетімен жағдайды
әдейі ушықтырды да. Бірақ уақыт және өмірдің өзі
біздің ісіміздің дұрыстығын дәлелдеді. Қазақстанның
көпұлтты халқы оның күнделікті қажеттері туралы
емес, қайта өзінің тоталитарлық билігін сақтап қалу
жайын күйттеген жаңа сәуегейлерден әлдеқайда
ақылды болып шықты. Адамдар тілдер туралы заң да,
Мемлекеттік егемендік туралы декларация да барлық
562
I ТОМ. – 1989–
–
1991
қазақстандықтарың мүддесін қорғайтынын, шынайы
тең құқықтыққа, бостандыққа және дербестікке жол
ашатынын түсінді.
Сонымен бірге, ал мұның өзі әуел бастан-ақ атап
көрсетілуде, Декларация жариялаған қағидаттарды
жүзеге асыру ұзақ жылдарға созылатын табанды
жұмысты талап етеді. Бүгін, біз Республика күнінің бір
жылдығын – өз егемендігіміздің күнін атап отырғанда,
оны нақты мазмұнмен толықтыру үшін не істелді деген
сұрақ қоюға хақылымыз.
Егер басты нәрсе туралы айтатын болсақ, респу
блика әкімшіл-әміршіл жүйеден түпкілікті қол үзіп,
орталықтың еркіне сөзсіз бағынудан бас тартты. Тіпті
елдің әлеуметтік-экономикалық та, қоғамдық-саяси да
үдерістерінің болжамдауға мүлдем келмейтін стихиялы
дамуының қыспағында бола отырып, саясаткерлердің
дүрдараздықтарына, реформаларды жүргізудегі дә й
ексіздікке қарамастан, Қазақстан өз халқының мүд
делеріне сай келетін дербес бағытын табандылықпен
жүргізді. Оның басты қырларының бірі – нарықтық
экономикаға бастайтын батыл бағыты.
Рас, бұл бағытпен жүру кейде тым баяу әрі бойкү-
йездік сипатта болды. Біз ұзақ уақыт бойы өзіміздің
миымызға сіңіп қалған идеологиялық қасаң қағида
лар мен «адам келбетіндегі социализм» іспетті мәнсіз
сөздердің шырмауына оратылуымен келдік. Небір
түбегейлі заңдар қабылданғанымен, нарыққа көшу
дің қандай да бір перспективалық бағдарламалары
жасалғанымен, өзінің басты міндетін «идеялық тазалық»
дейтінді сақтау деп білген партиялық құрылымдар үнсіз
қарсылық көрсетіп, оң өзгерістердің тежегіші болып
келді.
563
Мұның шексіз жалғаса беруі мүмкін бе еді? Әрине,
жоқ. Қатып-семген қағидаларға құрылған коммунистік
идеология өзінің өміршеңдігін айқын дәлелдеген қоғам
дық дамудың басқа жүйесімен тарихи дауда объективті
тұрғыдан жеңіп шыға алмады.
Біз бүкіл өркениетті дүние жүріп келе жатқан жолмен
жүру үшін қасаң тартқан партиялық құрылымдарды
жеңіл-желпі жөндеуден бас тартуға, идеологиялық
қысымынан босанып шығуға өзіміздің бойымыздан
күш таптық. Біздің алдымызда жариялы экономика
құру, республика байлығын халықтың қызметіне қою
міндеті тұр. Мұны істеу оңай емес және біз нарыққа
көшу жолының қиын боларын жасырмаймыз. Бастап қы
өтпелі кезеңде біздің, сірә, жұмыссыздықпен, инфля
цияның өсуімен, табыстың тең бөлінбеуімен бетпе-бет
келетінімізді адамдардың білуі тиіс. Халықты нарық
тетіктерінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі мүм
кіндіктері туралы тым артық оптимистік ойлармен
жаңылыстыруға біздің хақымыз жоқ, өйткені біз күр
делі экономикалық бетбұрыс жасап отырған жағдай
онша қолайлы емес. Бізде нарықтық экономиканы
ұйымдастыру үшін білгір кадрлар жетіспейді. Қажетті
мөлшерде өтімді валюта жоқ. Бізде әлемдік рынокқа
шығу үшін бәсекеге түсе алатын тауарлар жоқ. Осының
барлығын іс жүзінде тақыр жерде құрып, сонымен
бірге, әбден тозған, дәстүрлі байланыстардың үзілуінен
бүлінген халық шаруашылығын ми батпақтан сүйреп
шығару керек.
Қысқасы, бізді қиын уақыт күтіп тұрғаны сөзсіз,
қиыншылықтар көпшіліктің басына түседі. Алайда
дағдарыстан шығу қарқынды, тиімді, жоғары өнімді
564
I ТОМ. – 1989–
–
1991
еңбексіз, белгілі бір құрбандықсыз мүмкін емес. Ал оған
саналы түрде барып, сонымен берге, әркімнің игілігі өз
қолында екенін жақсы түсіну керек. Осы кезеңде ұлттық
келісімді сақтап, топтасу өте маңызды – бұл тұрмысты
жақсартудың сөзсіз шарты. Ұсақ-түйек саяси әбігер
лікке алаңдамай, іске кірісу керек. Қысқа мерзім ішінде
алға, республиканың гүлденуіне қарай қадам басу үшін
бізде барлық мүмкіндіктер, зор өндірістік және ғылы
ми-техникалық әлеует, тамаша еңбек дәстүрлері бар.
Біз аярлықтан және жәдігөйліктен арылған, бостандық
ахуалына бөленген, адамның асқақ мақсатын жоғары
қоятын қоғамдық қатынастардың өмірге келуіне серпін
беруге міндеттіміз.
Біз қазірдің өзінде біршама нәтижелерге қол жеткізе
алдық қой деп ойлаймын.
Бүгінде республикада қаржы саласында да, сондай-ақ
өнеркәсіптің, құрылыстың және, әсіресе, ауыл шару
ашылығының көптеген салаларында өзін көрсете білген
жаңа, мемлекеттік емес сектор нақты жұмыс істеуде.
Ол нарықтық қатынастарға кәсіптік және психологи
ялық жағынан әзір жүздеген мың адамның еңбегі мен
зияткерлік күш-жігерін шоғыр ландырып отыр. Бұған
мемлекеттік және шаруашылық басқару құрылымы
біршама өзгергенін қосып айту керек. Біршама қиын
шылықпен болса да, біз нарық жолындағы көптеген
әкімшіл бөгеттерді жойып, еңбекшілердің іскерлік
бастамаларына өріс аша білдік.
Мұның бәрінің негізі нарықтық экономиканың
құқықтық арқауы болды. Меншік мәселелерін, кәсіп
керлікті дамытуды, халықты жұмыспен қамтуды,
салық салуды, шаруа қожалығын, тұтынушылар коо
565
перациясын дамытуды реттейтін аса маңызды заңдар
қабылданды. Экономиканың мемлекеттік секторын
жекешелендіру және монополиясыздандыру үдерісіне,
меншік түрлерінің әралуандығына негіз қаланды. Пре
зиденттің одақтық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдар
мен кәсіпорындарды республика үкіметінің қарамағына
беру туралы жарлығы жүзеге асырылуда.
Егемендік тек жалаң мақсат еместігін біздің бәріміз де
айқын сезінуге тиіспіз. Адамдардың тұрмысында жақ
сылыққа қарай батыл өзгеріс болғанда ғана, егемендік
нақты мазмұнмен толығатын болады. Әрине, әзірше
республика халқының тұрмыс жағдайындағы елеулі бір
өзгерістер туралы айтуға ерте. Дегенмен, өткен жылы
кейбір оң өзгерістер байқалды.
Мәселен, қаржының тапшылығына қарамастан, ең
төменгі еңбекақы және еңбекке ақы төлеу саласындағы
әлеуметтік кепілдіктер туралы заңдар қабылданды.
Азаматтардың ақшалай кірісін индекстеу тәртібі заң
жүзінде айқындалды. Тауарлар мен қызмет түрлеріне
бағаның өсуіне, инфляциялық үдерістердің дамуына
байланысты халықтың ақшалай шығынының орнын
толтыру үшін оны әлеуметтік қорғау шеңберінде
толық және ішінара өтем көзделген. Биылғы сәуір
айынан бастап, халыққа білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салалары қыз
меткерлерінің еңбекақысы өсті. Аз қамтамасыз етілген
азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасауға бірінші
кезекте назар аударылуда. Көп балалы отбасыларына,
жалғыз басты аналарға, жетім балаларға және мүге
дектерге жәрдемақының жаңа мөлшері белгіленіп,
қартайғандағы және мүгедектігіне байланысты зейнет-
566
I ТОМ. – 1989–
–
1991
ақының, студенттер мен оқушыларға стипендияның
мөлшері көбейтілді.
Менің Қазақ КСР Президенті ретінде қабылдаған
алғашқы жарлықтарымның бірі республика жұрт
шылығы түсінушілікпен қолдаған Ұлы Отан соғысының
мүгедектері мен қатысушыларына, жауынгер-интер
националистерге, қаза тапқан әскери қызметшілердің
отбасыларына қосымша жеңілдік беру туралы Жарлық
болды.
Жалғызілікті қарттарға, соғыс және еңбек мүгедек
теріне, басқа да аз қамтамасыз етілген адамдарға меди
циналық, әлеуметтік және материалдық көмек көрсету
үшін республикалық Қайырымдылық қоры құрылды.
Жұмыспен қамту туралы заңға сәйкес тиісті мемлекет
тік қор жұмыс істеуде. Босаған қызметкерлерді және
жұмыссыз адамдарды тегін кәсіптік даярлау және
қайта даярлау жүзеге асырылуда. Жұмыссыз дыққа
байланысты жәрдем төлеу басталды. Азаматтардың
жұмысынан айрылатындай жағдайын ерікті қамсыз-
дандыру енгізілді.
Біз тұтыну қоржынын толтыру мәселелерімен
де шұғылданудамыз. Халық тұтынатын азық-түлік
емес тауарларды өндіру қарқыны өткен жылмен
салыс тырғанда 104 %-ға өсті. Әсіресе, бұрын одақтық
бағыныста болып келген жеңіл өнеркәсіп орындары
ерекше табыстарға жетті. Жамбыл, Павлодар, Сол
түстік Қазақстан және Целиноград облыстарында бұл
көрсеткіш 112–126 % мөлшерінде өсті, мұның өзі биыл,
былтырғыға қарағанда, республика халқына 270 млн
сомның әртүрлі тауарларын артық беруге мүмкіндік
туғызды. Мен мереке қарсаңында «Жетісу» аяқкиім
567
бірлестігі, Талғар тігін фабрикасы, Қарағандының
«Динамо» фабрикасы, Көкшетау тұрмыстық химия
зауыты, С. М. Киров атындағы Петропавл зауыты, Цели
ноград тау-кен химия комбинаты, «Шымкентшина»
өндірістік бірлестігі сияқты кәсіпорындардың жұмысын
атап өткім келеді.
Республикада күрделі тұрмыстық техника өндіру
жолға қойылуда. Мәселен, шаңсорғыштар, тігін маши
наларын шығару жолға қойылды, қазақ-корей бірлескен
кәсіпорнының конвейерінен алғашқы теледидарлар
шығарылды.
Азық-түлік тауарларына байланысты істің жайы
анағұрлым күрделірек. Республика ішінде азық-түлік
шығаруды арттыруға байланысты табандылықпен
жұмыс жүргізудің арқасында жеке республикаара
лық көлбеу байланыстарды реттеу нәтижесінде нан
өнімдеріне деген сұраныс толық қанағаттандырылды.
Өткен жылғымен салыстырғанда ет, сүт, балық, мал
және көкөніс сату 90 % деңгейінде сақталуда. Мен
бұрын да айтқанмын, қазір тағы да қайталаймын: біз
нан өнімдерінің, ұнды және жарманы, ет өнімдерін
және басқа да азық-түлік түрлерін тұтыну дәрежесінің
қол жеткен деңгейін ешқандай жағдайда да төмендет
пеуге тиіспіз. Көкөніс пен картоп сатуға тұрақты түрде
түсетін болады.
Жаңа заңдарға сүйене отырып, азық-түлік пробле
масын шешуге ауыл халқы да, сондай-ақ қала халқы да
барған сайын белсенді қосылуда. Мыңдаған фермерлік
шаруашылықтар құрылып, меншікті аула қожалығы
дамуда. Үстіміздегі жылдың өзінде-ақ 800 мыңнан астам
отбасына бақша өсіруге арнап жер телімдерін бөліп
568
I ТОМ. – 1989–
–
1991
бере алдық, 900 мыңнан астам отбасының саяжайы бар.
Бұл тек үстіміздегі жылы ғана қосымша 300 мың тонна
картоп пен көкөніс алуға мүмкіндік берді. Ал бақша
өсіру және саяжай салу үшін жерге сұраныс өте көп.
Таяу болашақта біз бұл проблеманы да шешетін бола
мыз деп ойлаймын.
Бұрынғы кездердегі сияқты, қызмет көрсету саласына
көптеген кінә тағылып отыр, ал бірақ үстіміздегі жылы
олардың көлемі біршама өсіп, қазір орта есеппен бір
тұрғынға 150 сом болды. Әңгіме, бірінші кезекте, қызмет
көрсетудің сапасын арттыру туралы болып отыр. Ал
мұның тек бір ғана жолы бар – ол мемлекет иелігінен
алу және жекешелендіру. Үстіміздегі жылы тұрмыстық
қызмет көрсету саласының 7 мың шағын кәсіпорнын
жекешелендіру белгіленген.
Республикада бірінші кезектегі мән беріліп отырған
проблемалардың арасында тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын жетілдіру де бар. Тұрғын үй салу, көр
кейту бізде тәп-тәуір қарқынмен жүргізілуде. Алайда
сұраныс жоғары күйінде қалып отыр. Сондықтан
тұрғын үй құрылысына және коммуналдық қызмет
терді дамытуға бөлінген мемлекеттік күрделі қаржыны
толығымен пайдалануға қол жеткізу өте маңызды.
Жеке тұрғын үй құрылысына байланысты мәселелер
бұрынғысынша көкейкесті күйінде қалып отыр. Біз
тұрғын үйді жекешелендіруге үлкен үміт артамыз.
Халыққа қазірдің өзінде 136 млн сомға алаңы 3 млн
текше метрден астам 61 мың пәтер сатылды.
Егемен мемлекет жағдайында халыққа білім беру,
ғылым, денсаулық сақтау және мәдениет мәселелері
ерекше орынға қойылып отыр. Ұзақ жылдар бойы
569
барлық осы салаларға күрделі қаржы бөлу атышулы
қалдықтық қағидаты бойынша жүргізіліп келді. Соның
салдарынан олар қиын жағдайға тап болды. Ал оны
түзетуге талай жыл керек. Бірақ, соған қарамастан,
тіпті қазір, республика бюджетіндегі шексіз жыр
тықты жамауға тура келіп отырғанның өзінде, үкімет
жағдайды жақсарту үшін қолдан келген шаралардың
бәрін қолдануда.
Халыққа медициналық және емдеу қызметін көр
сету жаңаша өріс алып, бірқатар денсаулық сақтау
объектілері іске қосылды. Көптеген босаған үйлер
емдеу мекемелеріне берілді. Тек үстіміздегі жылы ғана
Алматыда урология, Семейде радиациялық медицина
және экология ғылыми-зерттеу институттары құрылды.
Осы заманғы диагностикалық және денсаулықты қал
пына келтіру орталықтары, мүгедектер мен балаларға
білікті медициналық қызмет көрсету орталықтарының
жүйелері өркен жаюда.
Аз уақыт ішінде халыққа білім беру саласында бірқа
тар жаңа оқу орындары, соның ішінде университеттер
ашылды. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы» Заңды
жүзеге асыру шеңберінде қазір жұмыс істеп жатқан
дарға қосымша қазақша тәрбиелеп, оқытатын 600-ден
астам балабақша мен жалпы білім беретін 200 мектеп
ашылды. Ал республика бойынша барлығы 3 мыңға
жуық осындай мектеп жұмыс істейді.
Балалар ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде сөйлеуге
үйренетін мектеп жасына дейінгі және мектеп меке
мелері жақсы дамуда. Мектептерде ана тілі ретінде 15
ұлт тілі – неміс, корей, дүнген, поляк, грек және басқа
тілдерді оқыту енгізілді.
570
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Мемлекеттік тілде оқыту барлық жоғары оқу орын
дарында ұйымдастырылды.
Нарық жағдайында жұмыс істеу үшін, кадрлар
даярлау бағдарламасы белсенді түрде орындалуда.
Нарықтық экономика саласындағы жұрт таныған бедел
иесі, Америка ғалымы В. Леонтьев: «Дарындарға жол
ашпайынша, сіздер өздеріңіздің бірде-бір проблемала
рыңызды шеше алмайсыз дар» дегенін айта кету орынды.
Шынында да, кадр саясаты бүгінде ең көкейкесті болып
отыр. Сондықтан егер біз әміршіл жүйеден нарықтық
жүйеге шындап өтпек болсақ, онда мұны осы жол
дан жүріп өткендерден үйренуге тиіспіз әрі өзіміздің
дарынды жастарымызды оқыту керек. Осы мақсатпен
республикада конкурс өтіп, 20 адамнан тұратын бірінші
топ қараша айының басында АҚШ-на тәжірибеден
өтуге барады. Сондай-ақ қарашада Оңтүстік Корея
мен Түркияға да осындай топ жібереміз. Германияда,
Сингапурда, Қытайда кадрларды тәжірибеден өткізуге
әзірлеу жөнінде байланыс орнатылды және бұл жұмыс
жыл өткен сайын кеңейе түседі ғой деп ойлаймын.
Республиканың тікелей өзінде кадр даярлау жұмысы
белсенді жүргізілуде. Тек биылдың өзінде ғана сыртқы
және ішкі нарық проблемаларымен тікелей байланысты
14 жоғары оқу орнында 18 жаңа бағдарлама бойынша
кадр даярлау ұйымдастырылды. Жуық арада АҚШ-
нан және Батыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінен
Қазақстандағы экономикалық жаңа әлеуметтік рефор
малардан жасалған қор есебінен оқытушылар шақыру
ниетіміз бар.
Байқап отырғандарыңыздай, бізге көптеген жаңа
алуан түрлі мәселелерді шешуге тура келді. Ол мәсе
571
лелерге күн сайын тап бола отырып, оларды өз бетімен
жападан жалғыз, басқа республикалармен интеграци
ясыз шешу өте қиын екеніне көзің жетеді. Қазақстан
бұрын да тату көршілік байланыстарды барынша
нығайтуға ұмтылып, Одақтық шарт жөнінде салиқалы
берік айқындама ұстаған болатын. Сіздер оған қандай
себеппен қол қойылмай қалғанын білесіздер. Соңғы
айларда болған оқиғаларды қазір бағалай келіп,
бұрынғы Одақтық шарттың мүлдем дерексіз болғанына
көзің жетеді. Әрі бұл ең әуелі республиканың егемен
дігі дегенді мүлдем естігісі келмейтін, оны өз өмірінің
басты жауы деп есептейтін әміршіл-әкімшіл жүйемен
қандай да болсын ымыраға келудің мүмкін еместігіне
байланысты болды.
Тамыз төңкерісі ескі тоталитарлық режіммен,
бұрынғы идеологиямен халықтардың жаңа демократи
ялық ұмтылыстары арасындағы қарама-қайшылықтың
қаншама зор екенін айқын көрсетті. Сонымен бірге, аты
шулы ТЖМК-нің (ГКЧП) абыройсыз ақыры да заңды,
енді ешкім де тарих тегершігін кері айналдыра алмайды,
еркіндіктің таза ауасын жұтқан халықтың мойнына тота
литарлық бұғауды қайтадан кигізе алмайды. Алайда
абсолютті тәуелсіздік жоқ екенін ешқандай жағдайда да
ұмытуға болмайды. Осы дүниеде өмір сүретін бәріміз
де бір-бірімізге тәуелдіміз. Ол саяси, экономикалық,
экологиялық немесе қоғамдық қарым-қатынастардың
кез келген саласында болсын бәрібір. Еліміздегі барлық
республикалармен, оның ішінде, әсіресе, төңкерістің
ауыр күндерінде демократия мұраттарына мызғымас
адалдығын айқын танытқан Ресеймен дәстүрлі достық
байланыстарды сақтау – біздің қасиетті борышымыз.
572
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Біз бұған әрқашан да жіті көңіл бөлдік және бұдан әрі
де көңіл бөле беретін боламыз.
Сіздер білесіздер, біз өткен жылы өзара міндетте
мелердің орындалуына үлкен ықпал жасап отырған
Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Эстониямен,
Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Түрік-
менстанмен және Әзірбайжанмен шарттар мен
келісімдер жасадық. Аймақтық мәселелерді шешудегі
тәуелсіздігімізді орнықтыруда, әсіресе, экономикалық
байланыстарды нығайтуда 13 егеменді республика
басшыларының Алматыдағы кездесуі ерекше орын
алады. Қауырт жұмыс істеу нәтижесінде 8 республика
– РКФСР, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қазақстан,
Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан – Эконо
микалық қоғамдас тық туралы шартқа қазанның 15-іне
дейін қол қоюға әзірлігін білдірді. Ал Молдова, Гру
зия, Армения және Әзірбайжан бұл Шартқа кейінірек
қосылу ниетінде.
Бұл оқиғаның бағасын асырудан қорықпай-ақ,
оның зор оң перспективасы бар екенін айтуым керек.
Алматы кездесуінің елімізде және бүкіл дүние жүзінде
жақсылықтың нышаны, ортақ тағдыр байланыстырған
халықтар достығын сақтау үміті деп қабылдануы тегін
емес. Осы үміттің жүзеге асуы үшін қолдан келгеннің
бәрін жасау – біздің міндетіміз.
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға сәй
кес Қазақстан бүгін халықаралық қарым-қатынастың
дербес субъектісіне айналып отыр. Өткен кезеңде біз
өркениетті дүниеге тереземізді кеңінен аштық. Қазір
олар біздің республикамызды, оның саяси және эко
номикалық картадағы орнын, іскерлік ынтымақтас-
573
тықтағы шексіз мүмкіндіктерін танып біле бастады.
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен, Фран
циямен, Австриямен, Ұлыбританиямен, Германиямен,
Жапониямен, Сингапурмен, Италиямен үкіметаралық
және іскерлік байланыстары кеңейе түсуде. Біз, әсіресе,
Түрік Республикасымен, Қытай Халық Республика
сындағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданмен,
Корея Республикасымен тығыз қарым-қатынас орната
бастадық. Менің АҚШ Президенті Джордж Бушпен,
АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкермен,
Корея Республикасының Президенті Ро Дэ Умен, Түр
кия Президенті Тұрғыт Өзалмен, Ұлыбританияның
премьер-министрі Джон Мейджормен және бұрынғы
премьер-министрі Маргарет Тэтчермен, Сингапурдың
аға министрі Ли Куан Юмен және басқа да көрнекті
саяси қайраткерлермен кездесулерім Қазақстанның
халықаралық аренадағы рөлінің арта түсуінің айғағы
болды.
Біз сыртқы экономикалық байланыстарды дамы
туға зор назар аудардық. Бүгінде оған республиканың
жүздеген кәсіпорындары мен ұйымдары қатысады.
Бізде 35 бірлескен кәсіпорын тіркелді, 16 сыртқы эко
номикалық қауымдастық жұмыс істейді. Бірлескен
халықаралық коммерциялық банк ашылды. Шетелдік
серіктестіктердің қатысуымен ғылымды көп қажет
сінетін өнімдердің бірнеше түрін, соның ішінде осы
заманғы теледидарлар шығару, былғары-мех және
ауылшаруашылық шикізатының басқа да түрлерін
ұқсату, құрылыс материалдарын шығару ұйымдасты
рылды. «Достық – Алашаңқой» теміржол магистралін
пайдалануға беру сауда «Жібек жолын» қайта түлетудің
574
I ТОМ. – 1989–
–
1991
нақты қадамы болып отыр, ал мұның өзі Қазақстанның
Шығыс аймағы елдерімен ынтымақтастығын одан әрі
дамытуға жәрдемдесетіні сөзсіз.
Біздің Шығысқа бағдар ұстауымыз республиканың
географиялық жағдайымен, этностық жақындығымен
және мәдениетінің ортақтығымен ғана емес, ал бұлар
дың да маңызы әсте кем емес, осы елдердің нарық
тәжірибесі біз үшін неғұрлым қолайлы екендігімен
түсіндіріледі. Біздің проблемаларымыз, айталық,
Батыстың жоғары дамыған елдеріне қарағанда, оларға
жақсы түсінікті. Қытаймен, Түркиямен, Корея Респу
бликасымен, Сингапурмен байланыс қазірдің өзінде
нақты жемісін беріп отыр. Мысалы, менің жуырдағы
Түркияға сапарым кезінде бірқатар нақты құжаттарға
қол қойылды. Олардың арасынан мен көлік және теле
коммуникация саласындағы, сауда-экономикалық және
ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Қазақ
КСР-і мен Түркия Республикасы арасындағы келісімді
атап өтер едім. «Бейжің – Алматы – Ташкент – Ыстам
бұл» азияаралық теміржол магистралімен байланыс ты
мәселелердің кешені талқыланды. Оны іске қосу
дүниежүзілік жүк ағымының желісін едәуір өзгертіп,
Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияны Таяу Шығыс
және Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерімен сенімді
байланысқа шығарады. Сонымен қатар, Алматы мен
Ыстамбұл арасындағы тұрақты әуе байланысы туралы
уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан мен Түркия арасында телекоммуникаци
ялық төте байланыс орнату үшін, 1992 жылы Алматыда
жер үстіндегі 30 арналы бекет салынады. Ол «Интенсат»
ғарыш спутнигі арқылы жұмыс істеп, тиянақты теле
фон байланысы мен телевизия хабарлары алмасылуын
қамтамасыз етеді.
575
Анкара мен Ыстамбұлда өткен Қазақстан мен Түр
кияның іскер топтары арасындағы келіссөздің нәтиже
сінде 28 млн-ға жуық доллар сомасында экономиканың
әртүрлі саласындағы келісімдерге қол қойылды.
Қытай мен Корея кәсіпкерлерімен де қызықты іскер
лік шарттарға қол қойылды.
Шетел инвестицияларымен байланысты мәселелерді
шеше отырып, біздің тең құқықты серіктестер болуға
ұмтылғанымызды атап өткім келеді. Іскерлік ынты
мақтастықтың республика үшін мейлінше ұтымды,
тиімді нұсқаларын табандылықпен іздестірдік. Осы
жұмыстың тәжірибесі бұл жерде іскерлік, таза шару
ашылық тапқырлықтың мүлдем жеткіліксіз екендігіне
біздің көзімізді жеткізді. Бұл міндетті жүзеге асыру
қоғамның саяси тұрақтылығын, ұлттық және ұлттан
тыс құрылымдардың құқықтарын айқын ажыратуды,
шетел бизнесінің жұмыс істеуі үшін құқықтық кепіл
діктің тиісті жүйелерін құруды талап етеді. Батыс пен
Шығыстың іскер топтары өздерінің капиталын жұм
сау аясында Қазақстанның болғанына мүдделі екені
сөзсіз. Бірақ олар бас-көз жоқ, тәуекелге бел буып, бар
байлығынан айрылғылары келмейді. Олар біздің екі
жақты және көп жақты қатынастарымыз құрылатын
іргетастың беріктігіне көз жеткізгілері келеді.
Міне, сондықтан біз сыртқы экономикалық байла
ныстарды мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан қамтамасыз
етуге осыншалық терең назар аудардық. Республика
Жоғарғы Кеңесі құжаттардың тұтас бір топтамасын
қабылдады. Олардың арасынан мен «Қазақ КСР-індегі
сыртқы экономикалық қызметтің негізгі принциптері
туралы», «Шетел инвестициялары туралы», «Еркін
576
I ТОМ. – 1989–
–
1991
экономикалық аймақтар туралы» заңдарды ерекше
бөліп айтар едім. Министрлер Кабинеті жасаған сыртқы
экономикалық қызметті дамыту тұжырымдамасы мен
соған сәйкес бағдарламасының, республикалық валюта
комитетін құрудың үлкен мәні болды. Сыртқы эко
номикалық салада дербестікті қамтамасыз ету үшін,
республиканың жеке Валюта және Алмас қорын, алтын
резервін құру туралы шешім қабылдағанымызды сіздер
білесіздер. Қазақстан валютасын енгізу мүмкіндігіне
байланысты мәселелер зерттеліп жатыр.
Адамзаттық өлшем жөніндегі жуырда болып өткен
Мәскеу конференциясы көрсеткеніндей, экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін маңызды
фактор КСРО-дағы адам құқығын қорғау проблема
сын шешу болып табылады. Атап айтқанда, шетел
саясатшылары мен бизнесмендері еліміздің әртүрлі
аймақтарындағы ұлтаралық негіздегі жанжалдардың
толастамай отырғанына алаңдаулы. Ал мұның өзі
алдымен біздің қасіретіміз ғой. Бүгінде құлдырап бара
жатқан орталық өзінің ықпалын жоғалтып, оқиғалар
дың дамуына пәрменді әсер етуден толық айрылған
жағдайда Ресей мен Қазақстан армян-әзірбайжан
жанжалын реттеу дің ауыр борышын өз мойындарына
алды. Біздің егемен республикалардың жоғары беделі
қантөгісті тоқтатып, азап шеккен халықтарға татулық
пен тыныштық әкелетіндігіне сенімдімін. Рас, бұл –
адамның ақыл-ойы мен күш-жігерін көп қажет ететін
аса қиын іс.
Мен Борис Ельцинмен бірге Таулы Қарабақта болға
нымда, ұлттар арасындағы қарым-қатынастың қандай
шетін және осал болатынына, бір-біріне қаталдықпен
577
қарсы тұрудың адамдарға қандай зор қайғы әкелетініне
тағы да бір рет көз жеткіздім. Мен Қарабақтағы тату
лықты қорғай отырып, өз республикамыздағы тату
лықты қорғадым, өйткені ұлтаралық қырғи қабақтық
өртін ешқандай шекара да, ешқандай егемендік те
тоқтата алмайды. Оны тек халықтардың парасатты
еркі, олардың шынайы туысқандықты, тату көршілік
қарым-қатынасты сақтауға деген жоғары жауапкер
шілігі ғана тоқтата алады. Қазақстандықтар мұны жақсы
түсінеді және біздің берік достығымызға зәредей бол
сын жарықшақ түсуіне жол бермейді, тіпті ұлтаралық
жанжалға деген емеурін де білдірмейді деп сенемін.
Қазақстан үкіметі өз тарапынан және мен Президент
ретінде салиқалы ұлттық саясатты табанды түрде
жүзеге асырып, біздің интернационалдық бірлігімізге
іріткі салуға бағытталған құйтырқы іс-әрекеттің қандай
түрінің болсын жолын батыл кесетін боламыз.
Мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
кеңесінің адамдық өлшем жөніндегі конференциясы
төралқасының атына жеделхат жолдап, онда Қазақстан
егемен республика бола отырып, өзін КСРО-ның
әлемдік қоғамдастық алдында осы проблема жөнінде
қабылдаған міндеттемелерінің мұрагері деп есептейді
және кез келген ұлтқа, діни сенім мен партиялылыққа
қарамастан, адам құқығын қамтамасыз етеді деп мәлім
дедім. Сонымен бірге, Қазақстанда адам құқығының
сақталуын бақылайтын ұлтаралық комиссияны кез
келген уақытта қабылдайтынымызға әзірлік білдірдім.
Осы мәселе жайындағы хабар бүкіл дүние жүзіне тарап,
біздің республиканың беделін көтере түсті. Мұның
өзі бізді шынайы өркениетті мемлекеттер дәрежесіне
жақындаттыр ған мейлінше дұрыс қадам деп ойлаймын.
578
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Мен біздің республиканың өсіп келе жатқан беделін
экология мәселелерінде, әскери ведомстволармен
қарым-қатынасымызда дәлелді, өте дәйекті және
орнықты айқындама ұстауымызбен байланыстырамын.
Біз қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың пәрменді
қолдауы арқылы қазақ жерінде кез келген ведомство
лардың ойына келгенін істеп, иелік жасаған жауапсыз
дығын тоқтатуға ұмтылып отырмыз. Семей полигоны
ның жабылуы соның нақты айғағы болып табылады.
Біздің үкімет жуық арада республика аумағында орна
ласқан басқа да әскери полигондардың тағдыры туралы
келіссөзді бастайды ғой деп сенемін.
Біз Аралды сақтау жөніндегі жұмысты бұрынғыдай
табандылықпен жалғастыра береміз. Мұнда мен тек
жалаң елес емес, экологиялық және әскери проблема
ларды шешу негізінде орнықты, парасатты іс-қимыл
қажет екенін атап көрсеткім келеді. Тек сындарлы
келіссөз ғана біздің Атом өнеркәсібі министрлігімен,
ғарышпен жұмыс істейтін ведомстволармен жемісті
ынтымақтастықты жолға қоюымызға мүмкіндік берді.
Біздегі стратегиялық мақсаттағы зымырандарға
сенімді бақылау орнату үшін қажетті шаралардың бәрін
жасайтын боламыз. Ол Қазақстан өкілдерінің міндетті
түрде қатысуымен еліміздің бірыңғай қорғаныс шең
берінде жүзеге асырылуға тиіс. Мұнымен бірге, қол
қойылған КСРО-АҚШ шартына сәйкес стратегиялық
шабуыл қаруын түбегейлі қысқартуға жан-жақты ықпал
жасайтын боламыз.
Жалпы алғанда, республиканың әскери құрылысқа
қатысуы жарияланған егемендікті жүзеге асырудың
мәнді бағыттарының бірі болып табылады. Бірыңғай
579
Қарулы Күштердің және шекара әскерлерінің бірлі
гін сақтау идеясын жоққа шығармай, біз Қазақстан
аумағында орналасқан әскерлермен қарым-қатынасы
мызды қатаң құқықтық негізде, олардың республика
Президентіне міндетті түрде қоса бағынуы арқылы құру
ниетіндеміз. Осы мақсатпен қазір әскерлерді басқара
тын мамандандырылған арнайы орган құру мәселесі
ойластырылуда. Мүмкін, ол Қазақ КСР-інің Қорғаныс
жөніндегі мемлекеттік комитеті болар.
Ұлттық гвардия құру республика қауіпсіздігін нығай
туда маңызды буын болуға тиіс. Бұл қадам толығымен
заңды және, егер қайғылы тамыз оқиғаларын ескерсек,
қажет те.
Менің жарлығыма сәйкес, үстіміздегі жылғы күз
ден бастап, азаматтарды әскери қызметке шақыру
республиканың мемлекеттік органдарының тікелей
бақылауымен жүргізілетін болады. Бірінші кезекте
біздің аумағымызда орналасқан бөлімдер мен құра
маларды жасақтаймыз. Тек содан кейін ғана әскер
қатарына шақырылған қазақстандықтардың шамалы
бөлігі әскери қызметін флотта, әскери-әуе және десант
әскерлерінде өтеу үшін Қазақ КСР-інен тыс жерлерге
жіберіледі.
Өкімет пен басқарудың құрылымы және ұйымдас-
тыру саласында қабылданған актілер туралы да айтпай
кетуге болмайды. «Қазақ КСР-індегі жергілікті өзін-
өзі басқару және халық депутаттарының жергілікті
Кеңестері туралы», «Қазақ КСР Министрлер Кабинеті
туралы» заңдар қабылданып, республика Конститу
циясына тиісті өзгерістер енгізілді. Кезекте «Қазақ
КСР-індегі мемлекеттік қызмет туралы» және «Қазақ
КСР Прокуратурасы туралы» заңдар қаралмақ.
580
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Таяу уақытта азаматтық және көші-қон туралы заң
актілерін қабылдау керек. Бұл жерде біз Қазақстан
халқы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекет
тік өкіметтің қайнар көзі болып табылатындығын
басшылыққа аламыз. Республика аумағында тұра
тын азаматтарға – Декларацияда осылай жазылған
– Конституцияда көзделген барлық құқықтар мен
бостандықтарға кепілдік беріледі. Бұдан былай
Қазақ КСР-і барлық көші-қон үдерістерін реттеуді
өз қолына алады.
Қазір тиісті органдар Қазақстанның рәміздері – оның
елтаңбасына, әнұранына және туына, сондай-ақ біздің
егемен республикамыздың азаматтары марапатталатын
ордендеріне байланысты мәселені зерттеу үстінде.
Жүріп өткен жолыңа көз тастай тұрып, тегінде,
біраз жұмыс тындырылғанына қанағатпен көз жет
кізесің. Бірақ егемендік, жаңа, барлық тұрғыдан
алғанда осы заманғы мемлекет құру үдерісі енді ғана
басталып отыр. Сондықтан оның негізгі нобайын,
былайша айтқанда, бірден-бір дұрыс бас бағытын бел
гілеу бүгінде өте маңызды және сол бағыттан таймай
отырып, біз Қазақстанды әлемдік өркениеттің даңғыл
жолына шығара аламыз.
Осыған байланысты, біздің экономикалық егемен
дікке ұмтылуымыз ешбір жағдайда интеграция мен
біртұтас экономикалық кеңістік қағидаттарын теріске
шығармайтынын ерекше атап өтемін. Ал олар, өз
кезегінде, тиімді жұмыс істейтін республикааралық
құрылымды қажет етеді. Қазіргі уақытта біз саяси және
басқадай жағдайларға байланысты экономикалық
қоғамдастық туралы шартқа қол қоюға қиыншылықпен
581
барып отырған кейбір республикалардың белгілі бір
қарсылығына ұшыраудамыз. Мұны, атап айтқанда, 13
егемен республика басшыларының Алматыда жуырда
болған кездесуі көрсетті. Оның нәтижесін жоғары баға
лай отырып, әйтсе де әзірге кінәратсыз экономикалық
кеңістік үдерісін тежеп отырған басты себеп туралы
айтпай кете алмаймын. Менің көзқарасымша, ол респу
бликалар арасында нағыз нарықтық байланыстардың
әлі де болмауында. Мұндай жағдайда кез келген шару
ашылық тәуелділігі үркітеді, ол бүкіл дүние жүзіндегі
сияқты, топтастырушы емес, қайта ажыратушы фак
торға айналады.
Мезгілі жеткенде, жағдай түпкілікті өзгереді ғой
деп ойлаймын. Біз ортақ рынок идеясына барлығымыз
сөзсіз бірге келеміз. Ал оны жүзеге асырмай қазіргі
заманғы өркениеттің арнасына түсу мүмкін емес. Оған
қоса, объективті экономикалық қажеттілік бізді ашық
түрдегі ортақ рынок құруға, оған батыс кәсіпкерлігін
кең, көп нұсқалы түрде қатыстыруға мәжбүр ететінін
айтқым келеді.
Ерте ме, кеш пе, біз тең құқықты саяси одаққа да
міндетті түрде келіп жететінімізге мен сенімдімін.
Қазірдің өзінде егемен республикалар мен олардың
әртүрлі деңгейдегі саяси органдары арасындағы өзара
қатынастарды реттеудің ұтымды тетігі қажет екені өткір
сезіліп отыр. Батыс Еуропаны, ортақ рынокқа енетін
елдерді алып қараңыздаршы. Олардың әрқайсысында
егемендіктерінің кемшілігі жоқ. Алайда интеграция
мемлекетаралық кеңістік құру жолын іздеуге мәжбүр
етуде. Экономикалық қажеттілігі мен парасатты
ойды басшылыққа ала отырып, бұл елдер бірқатар
582
I ТОМ. – 1989–
–
1991
ортақ саяси құрылымдар құрды. Өздерінің сыртқы
саяси бағытының жекелеген элементтерін келістіруді
тұрақты тәжірибеге айналдырды. Оған қоса, еуропар
ламент заңдарының мемлекеттер заңдарына қарағанда
басымдығы бар. Сондықтан, егер белгілі бір елдің заңы
жалпыеуропалық заңдарға қайшы келетін болса, өз
заңдарыңды өзгерт немесе ортақ рыноктан шық деп
ақыл-кеңес береді.
Мұны шексіз егемендікке берілген кейбіреулерді
асығыс шешімдерден сақтандыру үшін айтып тұрмын.
Өткен жолға қайтып айналып соқпау үшін, бар нәрсеге
күш пен уақыт жұмсап, барлығын түп-тамырымен
талқандаудың қажеті жоқ. Орталықсыздандыруды
сандыраққа дейін жеткізуге, оны ақылға қонымды дең
гейден төмендетуге болмайды.
Бұл күндері салиқалы саяси интеграцияға жету
үшін, республикаларда екі жақты, сондай-ақ көп жақты
негіздегі мемлекетаралық қатынас жасау тәжірибесінің
болмауы кедергі келтіруде деп ойлаймын. Екінші
жағынан, тоталитарлық мемлекеттегі өмірдің өткен
тәжірибесі, тағы да бағынышты жағдайда болудың
қарапайым қорқынышы айтарлықтай кедергі болып
табылады. «Одақ» деген сөздің өзі көптеген республи
калар басшыларының буырқанған теріс көзқарасын
туғызуы кездейсоқ емес. Демек, бәрі өз орнына келу
үшін, уақыт қажет.
Менің жеке өзіме біздің болашақ саяси коалициямыз-
дың конфедерация сипатын – егемен мемлекеттер
одағын иемденетіні күмән туғызбайды. Оның құзырына
мемлекеттік өмірдің соғыс жариялау мен бітім жасау,
жалпы одақтар конфедерациясының субъектілерімен
583
және шетел мемлекеттерімен шарттар жасасу, қорға
ныс, темір жолды, әуе және теңіз көлігін, атом энергети
касын пайдалану, банк, пошта-телеграф ісін ұйымдас-
тыру мәселелері, т. т. кіреді. Коалиция тұрпатының өзі
бұрынғы КСРО-дан түбірімен ерекшеленетін сапалы
жаңа саяси құрылым болатынын айғақтайтынын атап
көрсеткім келеді. Менің көзқарасымша, бұрынғы
одақтас, сондай-ақ автономиялы республикалар кон
федерацияның тең құқықты субъектілері болуға тиіс.
Егер Қазақстанда, көптеген басқа республикалардағы
сияқты, мемлекеттік егемендік негізіндегі ұлттық өрлеу
идеясы бұқараның санасын биледі, таптық мүдделерді
де екінші қатарға ығыстырды десем, қателеспеспін деп
ойлаймын. Мұндай құбылыс тарихи заңдылық. Ол
біртұтас одақтың ыдырауы, халықтардың тоталитаризм
тұсауынан босануы үдерісін, олардың нұсқау бойынша
емес, дербес, армандай күткен еркін кеңістікте өмір
сүруді үйренсек деген тілегін бейнелейді.
Осы жағдайларда біршама жас қазақ ұлтына қазіргі
заманғы өркениеттің жетістіктерін пайдалана отырып,
экономикалық қажеттілік пен парасаттылық прин
циптерін басшылыққа ала отырып, барынша қысқа
мерзімнің ішінде тоталитаризм мен шаруашылықтың
бүлінуінен демократия мен дәулеттілікке қарай өтудің
тарихи мүмкіндігі пайда болды.
Алайда бұл туралы айта тұрып, мен түбегейлі эко
номикалық және демократиялық өзгерістер бірұлтты
мемлекетте аса тиімді өтеді-міс дейтін соңғы уақытта
пайда болған «сәнді» қағиданың жақтаушысы емес
екендігімді ерекше атап көрсеткім келеді. Көп ұлтты
Қазақстан ерекшелігінің орасан зор артықшылығы бар
584
I ТОМ. – 1989–
–
1991
екендігіне сенімдімін. Халықтар достығы – тек біздің
басты және, тегінде, ең бірегей игілігіміз ғана емес,
сондай-ақ біздің сеніміміз, біздің үмітіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |