Жауабы: Кетпен
13.
Кетпен пайдалана басталды:
Жауабы: неолитте
Неолит кезеңінің тұрақтары:
-Қазақстан аумағында неолит кезеңінің шамамен 800 (кейбір
деректер
бойынша 600, 500) ескерткіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ,
бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.
-Оларды зерттеуге Ә.Марғұлан, С.С. Черников, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев
зор үлес қосты. Кейінірек В.Ф. Зайберт, В.Логвин, Ж.Таймағамбетов, т.б.
ғалымдар айналысып, сол кезеңдегі өндірістің және адам өмірінің көп
салаларының
қыр-сыры, маңызды өзгерістері пайымдалды. Қазақстандық
неолит Еуразиядағы тас дәуірінде болған тарихи-мәдени үрдістің аясында
дамығандығы дәлелденді.
-Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік,
үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
-Пеньки тұрағы,
сондай-ақ Қаратомар, Ботай, Железинка тұрақтары.
Ерекшелігі: тас шапқылар,
жалпақ пышақтар,
жаңқадан жасалған
қырғыштар.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
-Усть-Нарым, Қызылсу, Сатшықыз тұрағы. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
ерекшелігі: құрал ұшы қызметін атқарған өткір сынатастар,
құрамалы
құралдар.
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
-Қарағанды, Зеленая балка, Қосқұдық, Ырғыз, Қараторғай тұрақтары.
Ерекшелігі: үй малының сүйектері.
-Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары
табылды. Ерекшелігі: Қабір қабырғалары
тас плиталармен қоршалған,
адамды басын солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерленген.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
-
Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, Үшбұлақ тағы басқа тұрақтар жатады.
-Арал өңірінен: найзаның тас ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де
өңделген жебе ұштары табылды.
-Балқаштың оңтүстік-шығысындағы тұрақтардан кварцит пен яшмадан
жасалған құралдар табылған.
-Балқаштың солтүстігіндегі тұрақтардан шақпақ яғни кремний тастан
жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар,
нуклеустар және жебе
ұштары табылған.
-Қызылорда облысы Сексеуіл тұрағы. Қой мен сиыр, жабайы жылқы
қаңқалары табылған.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1.
Жаңа тас ғасырында Сарыарқаның солтүстігіңде, Ертістен Есілге дейінгі
аралықта
орналасқан және ұзақ уақыт, тұрақты өмір сүрген қоныстар:
Достарыңызбен бөлісу: