Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет2/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
 

ӘОЖ 37.0 

КБЖ 74.00 

 

ISBN 978-601-7432-81-2 

 

© 

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ, 2015



 

 

 


 

 



Секция  5  Современные  формы  и  методы  реализации  педагогических 

технологий в процессе развития функциональной грамотности школьников 

 

 



Арайлым Сериковна Абдрахманова 

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған 

мектеп-лицей-интернаты 

ШҚО, Өскемен қаласы 

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

 

XXI  ғасыр-бұл  ақпараттық  қоғам,  технологиялық  мәдениет  дәуірі. 

Информатика  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  әрі  талантты, 

еркін  дамуына  жол  ашады.  Информатика  сабағында  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылықтарын  арттыру  үшін  интербелсенді  әдіс  тәсілдерді 

қолданылады.    Интербелсенді  оқытудың  мәнісі  сыныптағы  барлық  оқушы 

таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері 

арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. 



 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-

экономикалық  жаңғырту-Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 

халқына  Жолдауында  2012-2016  жылдарға  арналған  «Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту»  жөніндегі  ұлттық  іс-қимыл  жоспарын 

қабылдап,  жүзеге  асыруды  міндеттеген  болатын.  Дамыған  елдердің  қатарына 

қосылу  еліміздің  білім  жүйесінде  көптеген  жаңартуларды  енгізуді  қажет  етіп 

отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру іс-қимыл жоспары 

мен 12-жылдық білім жүйесіне көшу жоспарының алға қойған мақсаттары бір-

бірімен  астасып,  бір-бірін  толықтырып  отыр.  Ұлттық  жоспардың  мақсаты  – 

Қазақстан  Республикасындағы  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  үшін  жағдай  жасау  болып  белгіленген.  Осыған  орай 

Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың  төмендегідей  негізгі 

механизімдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың мақсат, міндеттерін жүзеге 

асыруда  төмендегідей  тетіктері  (механизмдері)  нақтыланып,  мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  білім  беру 

жүйесінде басшылыққа алыну көзделді. Олар: 

- оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту; 

- оқыту нысандары мен әдістері; 

- оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту; 

- қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды; 

- мектепті басқару моделі; 




 

- барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы 



білім беру ортасының болуы; 

- ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуге  белсенді  қатысуын 

қамтамасыз ету. 

Функционалдық  сауаттылықты  жүзеге  асырудың  екінші  тетігі 



(механизмі) – оқыту нысандары мен әдістері. 

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бірі- педагог қызметкерлерінің біліктілігін 

арттыру  курстарының  деңгейлік  бағдарламасын  оқытудағы  Кембридж  тәсілі 

болып  табылады.  Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол 

жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы 

теориялық  оқытуға  негізделген  тәсіл  кең  тараған.  Сындарлы  оқытудың 

мақсаты-  оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін 

сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз 

ету болып табылады. 

XXI  ғасырдың  жан-жақты,  зерделі,  дарынды,  талантты  адамдарды 

қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай 

үйлестіре  алу  міндеті  туындап,  жаңа  талаптар  қойылуда.    Соған  орай 

ұстаздардың  алдында  тұрған  міндет:  табысты  және  әркетке  дайын  қабілетті, 

әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. 

Оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын 

дамытуда 

оқу 

бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде информатика пәнінің 



алатын орны ерекше. Информатика пәнің оқытудағы  мақсатым: оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамытуда заманауи әдістерді пайдаланып, білім 

сапасын  арттыру.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  бірнеше  міндеттерді  айқындап 

алдым. 


Міндеттер: 

- Оқушыларға  білімді  дайын  күйде  бермей,оны  ізденуге  бағыт-бағдар 

сілтеу; 

- Оқушылар  арасында  ашық,  еркін,шығармашылық  қарым-қатынас 

орнату; 

- Оқушыларға  білімнің  өзіндік  әрекеттер  арқылы  ғана  тиімді  түрде 

меңгерілетіндігін дәлелдеу; 

- Оқушыларды  белсенді  әрекеттерге  баулып,  олардың  білім  игеру 

әрекеттерін ұйымдастыру; 

- Үйренуді  практикалық  әрекеттерге  негіздеу,  пән  мен  тақырыпты 

күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру; 

- Оқушылардың  дайын  жауаптарын  қанағат  тұтпай,  оларды  ой-толғаныс 

арқылы  өзіндік  пікір  құрастыруға,  проблема  шешуде  өзіндік  тұрғыдан  жауап 

табуға ынталандыру

- Оқушылардың  сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру. 

Бұл  мақсат,  міндеттерімді  жүзеге  асыру  үшін  сабағымда  Кембридж 

бағдарламасының 7 модулін өз сабақтарымда қолданып келемін. 

 

1-кесте-сабақтарымда қолданылатын  бағдарламаның 7 модулі 



№ 

Бағдарламаның 

Қолданылатын әдіс-

Оқыту нәтижесі 




 

модульдері 



тәсілдер: 

Оқыту мен оқудағы 



жаңа әдіс -тәсілдер 

Даналық ағашы,ой 

қозғау сұрақтары, 

өрмекші торы 

диалогтың түрлерін, қалай оқитынын 

назарға ала отырып, сабақты 

оқушылардың өз түсінігі мен пікірі 

қалыптасатындай етіп өткізу. 

Сыни тұрғыдан 



ойлауға үйрету 

Фишбоун әдісі, 

синквейн, insert, ББҮ,  

семантикалық карта, “Т” 

кестесі, Эдвард де Бано 

“ақылдың алты қалпағы” 

ештеңеге сенбейтін,  идеялар мен 

келешекке  ашық оқушылар 

қалыптасуына ықпал ету. 

Оқыту үшін бағалау 



және оқуды бағалау 

Өзін-өзін бағалау, 

топтарды формативті 

бағалау, критерий 

арқылы бағалау 

критериалды  бағалау арқылы 

мұғалім және оқушы мақсатқа жету 

өлшемін білу 

Оқыту мен оқуда 



ақпараттық-

коммуникациялық 

технологияларды 

(АКТ) қолдану 

Интерактивті тақта, 

электронды оқулық, 

бейнебаян, Activstudio, 

VipTest бағдарламасы 

оқытуды  жетілдіру мақсатында 

сандық технологияларды қолдану 

Талантты және 



дарынды балаларды 

оқыту 


Жоғары дәрежедегі 

сұрақтар,шығармашылық 

тапсырмалар (эссе, 

досыма хат 

кеңейтілген мектеп, акселерация 

моделін қолдану 

Жас 


ерекшеліктеріне 

сәйкес оқыту 

Оқушылардың қабылдау 

қабілеті мен жас 

ерекшелігін екскере 

отырып тапсырмалар 

беру 

өзін-өзі реттеу,білім алуына жас 



ерекшелігіне сәйкес әдістер қолдану 

Оқытуды басқару 



және көшбасшылық 

Сәйкестендіру, сөйлемді 

аяқта, анаграмма, 

логикалық тапсырмалар 

Тапсырмаларды орындауда ең алғаш 

белсенділік танытқан оқушыларды 

анықтау, оқушылар көшбасшылығын 

дамыту 


 

Мен  өз  сабақтарымда  «Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету»  модулін 

басшылыққа  аламын.  Бұл  модулді  таңдап  алу  себебім,  оқушыларды  сыни 

ойлауға  баули  отырып,  көптеген  пікірлер  мен  шешімдердің  ішінен  ненің 

маңызды екендігін анықтай алып, одан ой қорытып, алған білімін өмірде тиімді 

қолдана алуға үйрету. 

Сыни тұрғыдан ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және 

мұғалімдердің  сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамыту.  Өзара  байланысты  бұл 

үдерістер  екеуін  де  дамытуды  қажет  етеді.  Мұғалімдердің  сыни  тұрғыдан 

ойлауы  өзінің  жұмыс  тәжірибесінен,  жаңа  тәсілдерді  қолдану  және  бағалау 

әрекеттерінен көрінсе, оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен 

идеяларды  синтездеу  қабілеті,  ақпарат  пен  идеяның  шынайылығы  мен 

салыстырмалы  түрде  маңыздылығы  туралы  ойлана  білу  қабілеті.  (Мұғалімге 

арналған нұсқаулық, 13). 

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғым 

келсе,  онда  ең  алдымен  өз  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетімді  дамытып,  жаңа 

идеяларды,  әдіс-тәсілдерді  сабақта  қолдануға  тиіспін.  Пажарес  оқыту  стилін 



 

таңдау  кезінде  мұғалімнің  білімділігінен  гөрі  ұстанымға  негізделген  ой-



тоқтамдарының ықпалы күштірек дегендей, білім беруде жаңаша көзқараспен, 

шешім  қабылдап,    сыныптағы  іс-әрекетке  оң  әсер  ететіндей,  өзгерісті  өзімнен 

бастауды жөн көрдім. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 7). 

Сабақтарымда 

қызығушылықты 

ояту 


кезеңінде 

әртүрлі 


таныстырылымдар,  бейнебаян  көрсету,  «мозайка»  әдісі,  ребус  сияқты  түрлі 

тапсырмалар беру арқылы сабақтың тақырыбын оқушыларға анықтатамын. 

Сабақтар  барысында,  «ой  қозғау»,  «өрмекші  торы»,  «білім  ағашы» 

стратегиялық әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, түрткі, сынақтан өткізу, қайта 

бағыттау  сұрақтары    арқылы  оқушылардың  сыни  ойлауын  жетілдіруге  жұмыс 

жасаймын. «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар сұрақты дұрыс қоя білуге 

дағдыланумен қатар, жылдам жауап беруге үйренеді. 

  

 



Оқушылардың  сыни  көзқарастарын  дамыту  мақсатында    сабақтарымда 

«Инсерт», «Т» кестесі, «Семантикалық карта», «Синквейн», «Фишбоун», «ББҮ 

кестесі»  Эдвард  де  Бононың  «Ойлаудың  алты  қалпағы»,  Эссе,  «Досыма  хат», 

Болжау кестесі  стратегиялар әдіс-тәсілдерін қолданамын. 

«Фишбоун»  бұл  әдісінің  тиімділігі,  оқушыға  проблемалық  сұрақ  қоя 

отырып, теориялық білімдерін тиімді қолдана отырып, проблемалық сұрақтың 

шешу  жолдарын  ұсынып,  оларға  дәлелдемелер  келтіре  отырып,  негізгі  ой 

түйіндеді. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар пікір алмасып, бір-

бірінің  пікірімен  санаса  отырып,  ынтымақтастықпен  жұмыс  жасағандары 

байқалды. 

 

«Т»  кестесі,  «Семантикалық  карта»  әдістері  арқылы  оқушылар  тақырып 



бойынша  негізгі  ойды  жаза  отырып,  тақырыптарды  бір-бірімен  салыстыруға, 

талдауға  үйрене  отырып,  сыни  тұрғыда  ойланды.  «Семантикалық  карта» 

арқылы  өтілген  тақырыптарды  салыстыра  отырып,  пікір  алмасып,  негізгі 

түйінді ойды жаза отырып, тақырыпты қайталап, талдап негізгі ұғымдарын есте 

сақтауға өз көмегін тигізді. 



 

Интернет,  электронды  пошта  тақырыбын  оқу  барысында  оқушыларға 



тақырыпқа  байланысты  12  түрлі  сурет  таратылып,  оларды  топқа  жүйелеу 

тапсырылды. Әр топ түрлі топқа жіктеді. Мысалы, I топтағы оқушылар 2 топқа 

жіктеді.  Қалған  топ  оқушылары,  берілген  суреттерді,  «іздестіру  сайттары», 

«броузерлер»,  «чат  бағдарламалары»  3  топқа  жіктеді.  Бұл  жердегі  мақсатым, 

көзге көрінетін айғақтар арқылы оқушылардың ойлауларын жетілдіру болатын. 

Оқушылар теориялық білімдерін тиімді қолдана отырып, берілген тапсырманы, 

берілген уақыт көлемінде орындап шықты. 

«PowerPoint  бағдарламасы»  тақырыбын  оқуда  визуальды  қабылдау 

арқылы  оқушылар  ақпаратты  жақсы  есте  сақтайтындығын  ескеріліп, 

таныстырылым  ретінде  оқушыларға  арнап  бейнебаян  әзірледім.  Оқушыларға 

қосымша  ресурс  таратылып,  оқушылар  оқып,  топ  ішінде  талқылай  отырып 

теориялық  білімдерін  жетілдірді.  Осы  теориялық  білімдерін  практикамен 

ұштастыру барысында, 3 топқа үш түрлі тақырып беріліп, интернеттен қажетті 

материал  іздестіре  отырып,  шығармашылық  жұмыс  жасау  қажеттілігі 

тапсырылды.  Бұл  жерде  оқушыларымның  жеке  қабілеттерін  қолдану  арқылы 

тақырыпты жан жақтан ашуға бағыттадым. Өз жұмыстарын қорғау барысында 

қабілетті оқушыларым өз тақырыптарына байланысты өлең шығарып, топтарға 

берілген  критерийлерді  ескере  отырып,  өз  таныстырылымдарында  анимация, 

музыка, бейнебаян кірістіре отырып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Сыни 

тұрғыдан дамытуды көздейтін тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың ой-

өрісін дамытып, іскерлік дағдыларын арттыруға болатындығын аңғардым. Осы 

сабақтың  соңында    кері  байланыста  Эдвард  де  Бононың  «ойлаудың  алты 

қалпағы»  стратегиялық  әдіс  –  тәсілі  арқылы    оқушылар  сабақ  туралы  ой 

пікірлерін  білдім.  Ойлаудың  алты  қалпағы  арқылы  оқушылар  сабақтан  алған 

білімдерін  саралап,  өмірмен  байланыстылығын,  тақырыптың  маңыздылығын, 

өздерінің көңіл күйлерін білдіре отырып, сабаққа сын пікір де айта білді. 

 

«Маған  айтсаң  ұмытып  қаламын,  көрсетсең  есте  қалар,  өзім  істесем 



үйреніп  аламын».  Шығыс  даналығындағы  ұлағатты  сөзді  назарға  алып, 

сабақтарымда  бағыт  бағдар  көрсетіп,  оқушыларды  өзбетімен  жұмыс  жасап, 

білім алуына күш жұмсадым. 

Сабақтар  барысында  «Синквейін  әдісі»,  «Эссе»,  «Досыма  хат» 

стратегиялық әдіс-тәсілдері арқылы топтарға жекеленген тапсырмалар берілді. 

Оқушылар  бұл  стратегиялық  әдіс  тәсілдерді  тиімді  қолданып,  тақырыптың 

негізгі идеясын аша отырып, топта ынтымақтастықпен жұмыс жасай білді. «В» 



 

деңгейлі  оқушым  топ  мүшелерімен  ақылдасып  «Досыма  хат»  жазуды  өз 



міндетіне алды. Өз хатында «Досым менің саған хат жазу себебім, саған айтар 

керемет  жаңалығым  бар.  Мен  жақында  ғана  интернет  желісіне  қосылдым. 

Интернет  бұл  ауқымды  желі  болып  табылады.  Мен  ақ  қағаз  бетіне  соңғы  рет 

хат жазып отырмын. Бұдан былай электронды пошта арқылы хатымды оқитын 

боласың»  деген  жолдардан  оқушының  тақырыптың  маңыздылығын  түсініп, 

алдағы уақытта өзінің қолданатындығын досына айтуы мені қуантты. 

Компьютерде оқушыларға  жекеленген деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы өз 

білімдерін дұрыс бағалауға жұмыс жасадым. Әр оқушығаөзінің білім  деңгейін 

анықтау үшін өзін-өзі бағалау парағы ұсынылды. 

 

Жаңа-әдіс  тәсілдерді  тиімді  қолдана  отырып  жүргізілген  сабақтардан 



оқушылардан  бойында  көшбасшылық,  дарындылық,  өз  бетімен  білім  алу 

дағдыларының арта түсетіндігін аңғаруға болады. Бұл технологияның тиімділігі 

оқушының құзыреттілігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар: 

- жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады; 

- мұғалім мен оқушы арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайды; 

- оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады

- алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алуға үйренеді; 

- оқушы ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді; 

- бірін-бірі сыйлауға баулиды; 

- мәселенің ең негізгі түйінің табуға дағдыланады; 

- оқушының шығармашылық белсенділігі арттырады. 

Информатика  сабағында  интербелсенді  әдіс  тәсілдерді  қолдана  отырып 

білім  беруде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  арттып,  өз  бетімен 

білім алу дағдысы қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

дамыту – бүгінгі заманның талабы. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-

2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  (Қазақстан 

Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы). 

2. «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғыруы  –  Қазақстан  дамуның  басты 

бағыты»  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  2012  жылғы  27 

қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. 

3. Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» 

ДББҰ, 2012  




 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет