524
дегеннен басқа Мағауияның, Бөжейдің өліміне қатысты өлді, дүниеден озды,
қайтыс болды, жантәсілім етті тәрізді синонимдерді пайдаланады. Ал Абайдың
өзі дүниеден озған сәтті жазушы былай бейнелеген: «Ұлы жан дүниеден көшті.
Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай қаза тапты.Ұлы
кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл дарияны жарып аққан дариядай, игілік
өмір үзілді, алып шынар құлады.
Өмірден Абай кетті» [7].
М.Әуезовтің бас еңбегі «Абай жолындағы» синоним сөздердің көп
қолданлуы жазушы тілінің көркем де кестелігін, һас шеберлігін, жазушы тілінің
байлығын танытаныны анық.
Шеберлік –сөздің орнын таба білу. Әрбір сабақ басталар алдында
оқушыны қызықтырып әкететіндей кіріспе ойлап табу керек. Бейнелі сөздер,
қызықты мәлімет, тартымды үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Жүргізілген жұмыстардан оқушыларда сөздікпен жұмыс істеу дағдысы
қалыптасады, өздігінен кітап оқуға қызығушылығы артады, ұжым болып
жұмыс істеуде бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсарады, шығарманы талдай
білуге үйренеді, әдеби тілде сыпайы сөйлеуге үйренеді.
Синоним сөздер халық тілінің байлығын, сөздік қорының молдығын
танытады. Ал синоним сөздерді жетік меңгерген оқушының тіл байлығы
молайып, шешен де шебер сөйлеуге дағдыланады. Өз ана тілін құрметтей
білетін, оның сөздік қорын мейлінше жоғары игерген оқушыдан таным-түсінігі
терең, қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген тұлға
шығатынына әбден сенуге болады.
Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге
дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Сол себептен, ең алдымен
көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой,
сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті
пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп,әдемілеп қолдануға
дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын
нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді. Сондықтан
көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ.
Библиографиялық сілтемелер
1. Оразахынова Н. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру
жолдары//Қазақ тілі менәдебиеті.-2013.-№2.-18-23б.
2. Құрманова
Ж. Оқушының шығармашылық іс-әрекетін тиімді
ұйымдастыру
арқылы
жеке
тұлға
қалыптастыру
жолдары.-
Өскемен,2014.-7-10б.
3. Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея.-Алматы,2002.
4. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты
бағыты// Ана тілі.-2012.-№5,2-8 ақпан.
5. Мұғалімге
арналған нұсқаулық.-Астана: «Назарбаев Зияткерлік
мектебі» ДББҰ,2012.-306 б.
6. Аймауытов Ж. Бес томдық жинағы.Vтом.-1999,301 б.