логикалық қисынды сөйлеу.
табады немесе өзі құрастырады. Логикалық құрылым анықталған соң мұғалім
529
оқушы білімді меңгеруде қандай ойлау операцияларын жүзеге асыратынын
анықтайды.
Екінші – ойлаудың логикалық операциясы.
Сындарлы оқытуда білім алу үшін бірнеше логикалық құрылымдалған ой
әрекеті, яғни операциялар жүргізіледі.
3.
Оқу қызметін құрылымдау.
Мұғалім сабақ дизайнін (жоспарын) жасай отырып, қандай кооперативтік
немесе жеке әрекет құрылымында оқушы жұмыс істейтінін анықтайды.
Әрекеттің әрбір құрылымы оқушы бойында толеранттылық, түрлі
көзқарастарды қабылдай алу, жауапкершілік, кешіре және мадақтай білу,
біреуді тыңдап және үніне құлақ асу, көмек көрсету, т.б. сияқты жеке
қасиеттерді қалыптастыруға негізделеді. Оқушылар мұғалім бақылауында
үнемі осы құрылымда жұмыс істей отырып, өз тәртіптерін де түзей бастайды.
4.
Байланыс.
Сындарлы оқытудың бұл элементі білімнің бір құрылымын екіншісімен
байланыстыруға қызмет етеді. Бұнда пәннің өз ішіндегі байланыс қана емес,
пәнаралық байланыс та анық көрінеді.
5.
Сұрақтар.
Сабақ дизайнін жасай отырып, мұғалім сабақты қандай сұрақпен бастап,
қандаймен аяқтау керек екенін анықтауы тиіс.Мұғалім қойған сұрақ оған
тақырып туралы оқушылардың нені білетінін, оны қалай елестетенін, өз
болжамдарын дәлелді түрде қалай түсіндіретінін немесе түсінбеген мәселесі
бойынша сұрақты қалай қоятынын анықтайды.
6.
Толықтыру және байланыс.
Сабақтың бұл элементі меңгеріліп отырған білімнің өткен және
болашақтағы біліммен байланыс қызметін атқарады. Осы байланыста жасалған
мұғалім толықтыруы білімді сапалық тұрғыдан өзгертеді.
7.
Таныстырылым немесе бейнелеу.
Сындарлы оқытуда мұғалім төрт адамнан тұратын оқушылар
комаандасына немесе жеке адамға жұмыс қағазын алдын ала дайындап қояды.
Бұл қағаздың бетіне ол алға қойған мақсат негізінде тапсырма жазады, нұсқау
береді. Олар сыныпта атқарылған жұмыстарды қамтуы және түсінуден ғана
емес, терең ойлауды қажет ететін жеңілден басталып, байсалды түрде қиынға,
күрделіге ауысып отыратын тапсырмалардан тұруы тиіс.
Жалпы сындарлы оқыту туралы айтылған Ф. Бунятова еңбектеріне сүйене
отырып, мынадай қорытынды шағруға болады:
-
сындарлы оқыту - оқушыны әлеуметтендірудің қолайлы құралы.
Олай дейтін себебіміз, түрлі ойлау-әрекеттік операцияларды орындап және
командада жұмыс істей отырып, өзін көрсете, пікірін дәлелдей алуға үйренеді.
Сөйтіп, өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдауға бейімделеді;
-
алған білімін тәжірибемен үйлестіруге үйренеді;
-
алған ақпаратын сұрыптап, білімге айналдырады;
-
сыни ойлау қабілеті дамиды;
-
өз бетімен ізденуге дағдыланады;
530
-
шығармашылық ізденісі артады;
-
білім алушы субъектінің ешқайсысы назардан тыс қалмайды, олай
болса, олар өздерін қоғамның тең құқылы азаматы екенін ерте жастан сезінеді;
-
шешім қабылдауға үйренеді.
Дәстүрлі оқытуда басты назар неғұрлым академиялық білімге аударылса,
сындарлы оқытуда білуге, дағдыға, жинақтауға, қолдануға аударылады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Бунятова Ф. Педагогическая технология конструктивного обучения. //
Интернет-журнал "Эйдос". - 2010. - http://www.eidos.ru/journal/2007/0301-5.htm.-
В надзаг: Центр дистанционного образования "Эйдос", e-mail:
list@eidos.ru
.
2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы: «Заң
әдебиеті», 2011.- 176 б.
3. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы,
2012.-130 б.
Достарыңызбен бөлісу: