Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет201/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Айгуль Каукеновна Тышканова 

Қаракөл орта мектебінің  

математика пәнінің мұғалімі 

Керей ауылы, Құлынды ауданы, Алтай өлкесі 

 


591 

 

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 



САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

 

Білім  беру  деңгейлеріндегі  оқушының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  бойынша  біртұтас  әдістемелік  жүйенің  жасалуына,  дамыту, 

қабілетті  және  құзыретті  тұлғаны  қалыптастырудың  жолдарына,  әдіс-

тәсілдеріне талдау жасалған. 

 

Түйін  сөздер:  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы,  Елбасы 

жолдауы,  «Сыни  тұрғыдан  ойлау»  технологиясы,  және  оның  стратегиялары  : 

эссе, синквейн. 

 

Білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру 



бойынша білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндері білім мазмұнының кіріктірілуі 

мен  сабақтастығын  іске  асырудың  негізгі  жолдарын  анықтау  өзекті  мәселе 

болып  табылады. Сонымен  қоса  білім  беру  деңгейлеріндегі  оқушының 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша  біртұтас  әдістемелік 

жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың 

түпкі  нәтижесіне  дейінгі  аралықтағы  компоненттердің  бірлігі  арқылы  жүзеге 

асуы  тиіс.  Сондықтан  мақсатқа  қол  жеткізудің  басты  құралы  саналатын  білім 

мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына 

негіздеп құру тиімді болмақ. 

Оқушылардың  мектепте  алған  білімдерін,  іскерлігі  мен  дағдыларын 

адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында,  сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-

қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін 

пайдалана  алу  қабілеттерін  қалыптастыратын  және  дамытатын  білім 

мазмұнының  іс-әрекеттік  компонентін  кіріктіру  оның  практикалық  және 

қолданбалық мазмұнын күшейтуге септігін тигізеді. Білім беру мазмұнына  іс-

әрекеттік компонентті кіріктіру оқушылардың өмірлік іс-әрекеттерінде әртүрлі 

міндеттерді  шешу  біліктерін  дамытуға,  практикалық  жағдайларда  тиімді  және 

әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  беретін 

шығармашылық  және  практикаға  бағытталған  оқу  материалдарының  берілуін 

ұйғарады. 

Білім  беру  мазмұнындағы  іс-әрекеттік  компоненттер  оқушының  адамзат 

қоғамының  өркендеуі  үшін  ғылыми  жетістіктерді  пайдалану  аясы  мен  ғылым 

негіздері бойынша жүйелі білімді меңгеруін; ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, 

жинақтай  және  қолдана  білуін;  таным,  жобалау,  құрастыру,  зерттеу  және 

шығармашылықпен  қолдану  әдістерін  меңгеруін;  заманауи  ақпараттық-

коммуникациялық 

технологияларды 

меңгеруін; 

жоғары 

деңгейдегі 

коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігін қамтамасыз етеді. 

Математика 

білім 

саласындағы 



оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығы  олардың  мәліметтерді  құрылымдай  білу;  математикалық 

қатынастарды бөлу; математикалық модельдерді құру және оларды талдай білу 

және  түрлендіре  білу;  алынған  нәтижелерді  түсіндіріп  беру;  ақпараттық-



592 

 

коммуникативтік  технологияның  мүмкіндіктерін  шығармашылықпен  және 



өнімді  пайдалана  білу  қабілеттерімен  анықталады.  Басқаша  айтқанда, 

оқушылардың  математикалық  функционалдық  сауаттылығы  күнделікті  өмірде 

кездесетін  мәселелерді  шешу  үшін  математика  мен  ақпараттық  технологияны 

тиімді қолдана білуге мүмкіндік жасайды. 

Қазіргі  тез  құбылмалы  әлемде  функционалдық  сауаттылық  адамдардың 

әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсенді 

қатысуына,  сондай-ақ  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық 

факторлардың біріне айналуда. 

Бастауыш  білім  беру  деңгейі  баланың  жеке  тұлға  ретінде  адамгершілік 

қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі  ынтасы мен 

іскерлігін:  негізгі  мектептің  білім  мазмұнын  меңгеру  үшін  оқудың,  жазудың, 

есептеудің,  тілдік  қатынастың,  шығармашылық  тұрғыдан  өзін-өзі  көрсетудің, 

мінез-құлық  мәдениетінің  берік  дағдыларын  дамытуға  бағытталып,  таным 

әрекетіндегі  жеке  қабілеттері  мен  шеберліктерінің  дамуын,  функционалдық 

сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді. 

Мектептің  оқушысы  нарықтық  қатынастар  мен  ақпараттық  қоғамның 

өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін 

тәжірибелік іс-әрекеттерге  ұштастыра  білетін, функционалды  сауатты,  өмірлік 

қажетті  дағдылары  мен  кең  спектрлі  құзыреттіліктері  қалыптасқан,  өзін-өзі 

дамытуға,  өздігінен  табысты  өмір  сүруге,  өзіне  және  қоғамға  пайдалы  қызмет 

атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. 

Мысалы  функция  шегін  алдын  ала  арнайы  дайындалған  жаттығулар 

жүйесі 

арқылы, 


интегралдық 

есептеулерге 

байланысты 

ұғымдарды  

қалыптастыруда алдымен туынды ұғымын есептер шығару арқылы, элементар 

функция  және  олардың  графиктерін  салумен  байланыстырып,  функция 

жылдамдығының  өзгеруін,  геометриялық  фигуралар  аудандарын    есептеуде 

қолдану. 

Жоғары  математика  элементтері    алгебра  мен  геометрияның  кейбір 

бөлімдерін 

оқытуда 

қолданылады, 

жоғары 

математика 

элементтері 

органикалық түрде дәстүрлі материалмен  бірігіп кетеді. 

Төменгі 

сыныптардың 

математика 

курсында 

функционалдық 

дайындықты  қалыптастыратын  тапсырмаларға  төмендегідей  талаптар  қоюға 

болады: 

- тапсырмалар жүйесі бастауыш сынып бағдарламасында сай білім, білік, 

дағдыны қалыптастыратындай дәрежеде болғаны жөн; 

-  тапсырманың  оқушылардың  бақылау,  талдау,  салыстыру  және 

жалпылау әдістерін қолдануына ыңғайлы болуы; 

-  тапсырма  жүйесі  оқушыларда    объектілердің  әртүрлі  өзгерісін, 

сәйкестігін,  тәуелділігін,  заңдылықтарын  сипаттайтын  белгілерін  айыра  білу; 

олардың  әртүрлі  сурет,  сандық  өрнектер,  теңдік,  кесте,  үлгі,  ереже  түрінде 

көрсете білуге бағытталған біліктілігін қалыптастыру. 

Жоғарыда  айтылған  талаптарды  нақтылы  жүзеге  асыру  үшін 

төмендегідей тапсырмалар түрі ендіріледі: 



593 

 

а)  «заттар  өзгерісін»  математикалық  терминдер,  өрнектер,  теңдік, 



теңсіздіктер арқылы көрсету; 

ә)  бір  немесе  бірнеше  белгілер  арқылы  әртүрлі  объектілер  арасындағы 

сәйкестікті айқындау; 

б)  сандар  қатары,  қос  сандар,  жазылған  өрнектер  сәйкестігі  туралы 

ережелер тұжырымдау; 

в)  орындалған  іс-әрекет  және  нәтиже,  құраушылар  және  іс-әрекет 

нәтижелері,  есеп  шарты  мен  сұрауы,  сұрақтар  мен  шешімдер  арасындағы 

тәуелділікті құру. 

Мектеп  математика  курсы  ғылымының  даму  жетістіктерінен  қалмау 

керек.  Мектеп  математика  курсындағы  негізгі  ұғымдардың  бірі  жиын. 

Функцияны  екі  жиын  арасындағы  сәйкестік  түрінде  анықтау  математикалық 

әртүрлі ұғымдарға функционалдық бағыт береді. 

Жиын  ұғымымен  мектеп  математика  курсында  екі  рет  кездесеміз:  V 

сыныпта шектелген жиын ұғымын, негізгі символикасы мен терминалогиясын 

беруде;  жоғары  сыныпта  рационал,  иррационал,  нақты  сандарды  оқытуда 

шектеусіз жиын ұғымымен таныстыруда. 

Бұл  V  -  VІ  сыныптарда  функция    ұғымына  алдын  -  ала  дайындыққа 

қажетті шарт болады.  

V  -  VІ  сыныптарда  функция  ұғымымен  таныстыруда  төмендегі 

жоспармен қосымша жұмыстар жүргіземіз: 

1)  элементтері  арасындағы  сәйкестік  заңдылығы  бар  шектеулі  жиын 

тізімін құрастыру; 

2)  бір  жиынның  берілген  элементіне  сәйкес  элементті  екінші  жиыннан 

табу; 


3) сәйкес элементтің жалғыздығын түсіндіру; 

4)  бір  жиынның  әрбір  элементіне  екінші  жиыннан  жалғыз  элементтің 

сәйкестігін құру. 

Осындай  жұмыстар  жүргізу  барысында  «сәйкес  келеді»,  «сәйкесінше» 

терминдері дұрыс қолданылып бекітіледі. 

Математика,  яғни  логикалық,  дамушы  теориялар  жиынтығы.  Жоғары 

математиканың функция, функция шегі, туынды, интеграл және тағы да  басқа 

ұғымдары  абстрактілі  ұғымдар.  Сондықтан,  жоғары  математика  элементтерін 

оқығанда  математикалық  ойлау  басқа  пәндерге  қарағанда  абстракцияның 

жоғары деңгейінде болады. 

Жоғары математика элементтерін мектепте саналы оқытудың бірі - дұрыс 

интуитивтік  әсер  қалыптастыру.  Ал  оқушыларда  логикалық  жолмен  білімді 

игеруді дамыту үшін, алдымен олардың интуициясын дамытып, кеңейту керек. 

Математикалық 

материалды 

оқытудың 

интуитивті 

аспектілері 

ұғымдардың, 

фактілердің, 

әдістердің 

ішкі 


мазмұнын 

оқушылардың 

түсінгенінен көрінеді. Логикалық қадамның, алгоритмдерді қолдану дұрыстығы 

осыдан алынатын нәтижені бағалаудан көрінеді. 

Жоғары  математика  элементтерін  мектепте  оқытуда  символдық 

көрнекілік  кең  қолданыс  табады.  Сол  сияқты  қатар  шек,  үздіксіздік  сияқты 




594 

 

ұғымдар  көрнекі-интуитивтік  түрде  ендірілуінің  тиімділігін  оқыту  тәжірибесі 



көрсетіп отыр. 

Сонымен  жоғары  математика  ұғымдарын  қалыптастырудың  мүмкін 

жолдарының  біріншісі  -  бастауыш  сыныптарда  функционалдық  тәуелділік 

ұғымын қалыптастырудан бастау. 

Жоғары  математика  ұғымдарын  қалыптастырудың  мүмкін  жолдарының 

екіншісі 

«бейнелік» 



ойлау. 

Оқушылардың 

«бейнелік» 

ойлауын 


қалыптастыруға әсер ететін мүмкіншіліктер: 

а) оқушылардың 

жоғары 

математика 

ұғымдарын 

тұрмыспен 

байланыстыра елестетуін қалыптастыру; 

ә) тұрмыспен  байланыс  мүмкіндігін  белсендіре  отырып,  оның  негізінде 

математикалық түсінігін қалыптастыру; 

б) жоғары  математика  ұғымдарын  оқыту  барысында,  оқушылардың 

санасында бейнелерді дамыту және ұғымдарды игеру процесіндегі оның рөлін 

ашу. 


Жоғары  математика  ұғымдарын  қалыптастырудың  мүмкін  жолдарының 

үшіншісіне  -  пәнішілік  байланысты  тұрақты  түрде  жүзеге  асыру  жатады. 

Пәнішілік  байланыс  күрделі,  негізінде  ол  ескерілмесе  оқытуда  жоғары 

жетістіктерге жетудің мүмкіншілігі аз. 

Жоғары 

математика 

ұғымдарының 

қалыптастырудың 

мүмкін 

жолдарының төртіншісі – пәнаралық байланысты жүзеге асыру. 

Педагогикалық  әдебиеттерді  талдау  барысында  пәнаралық  байланыстың 

дидактикалық  функциясы    туралы  көп  айтылғанын  байқадық.  Пәнаралық 

байланысты  жүзеге  асыруда  жалпы  сипаттағы  білім,  білік  және  дағдыны 

қалыптастырады,  көптеген  қасиеттер  игеріледі  (есептеу,  өлшеу,  графиктік 

дағды, 

модельдеу, 

бақылау, 

экспиремент, 

жинақтау, 

анықтамалық 

материалдармен жұмыс істей білу т.с. с.). 

Сонымен  қатар  тұрақты  жүзеге  асырылатын  пәнаралық  байланыс 

оқушылардың ойлау процесін дамытады (анализ, синтез, аналогия, жалпылау т. 

с.  с).  Мұның  бәрі  олардың  танымдық  дамуын  белсендіреді,  ойлаудың 

диалектикалық стилін қалыптастырады. 

Жоғары  математика  ұғымдарын  қалыптастырудың  мүмкін  жолдарының 

бесіншісі – ол ұғымдардың  қолданбалық бағытына көңіл аудару. 

Біз жүргізген педагогикалық тәжірибелердің нәтижелері мен әдебиеттерді 

талдау  барысында  мектептегі  оқытылатын  жоғары  математика  ұғымдарын 

қалыптастырудың төмендегідей әдістемелік жолдарын айқындадық: 

1. Оқушылардың  математикалық  ойлауын  дамыту  қазіргі  кезде  ең 

тамырланған  ұғымдардың  бірі  -  функционалдық  тәуелділік  ұғымын  меңгеру 

бағытында жүргізілуі керектігі; 

2. Жоғары  математика  ұғымдарының  негізі  болып  келетін  «бейнелік» 

ойлауды қалыптастырудың қажеттігі; 

3. Оқу  материалының  мазмұнын  іріктеуде  пәнішілік  байланысты  жүзеге 

асыру ескерілуі тиістігін; 



595 

 

4. Оқу  материалының  мазмұнын  іріктеуде  пәнаралық  байланысты 



тұрақты түрде жүзеге асыру ескерілуі тиістігін; 

5. Жоғары  математика  ұғымдарының  қолданбалық  бағытын    ашудың 

маңыздылығы. 

Жүргізілген  педагогикалық  тәжірибелердің  нәтижелері  мен  жоғары 

математика  элементтерін  оқытуды  жетілдіру  жолдарын  ескере  отырып 

мектептегі  математика  ұғымдарын  енгізу  мен  қалыптастыруға  әртүрлі  пәндер 

арасындағы байланыстарды қамту ерекше орын алады. 

Математика  мұғалімінің  аралас  пәндер  бойынша  бағдарламалық 

материалды  жетік  білуінің  және  осы  пәндерден  сабақ  беретін  ұстаздармен 

тығыз  байланыста  ұйымдастырылған  жұмысының  берері  мол,  себебі,  ол 

оқушылардың  алған  білімдерін  түрлі  жағдайларға  қоладну  қабілеттерін 

дамытатын  есептер  тобын  құру  үшін  мол  материал  жинақтап,  кеңінен 

пайдалануға мүмкіндік береді. 

Соңғы  жылдары  математика  ғылымының  басқа  салаларына  кең  көлемде 

тереңдей  енуі  байқалады.  Бір  қарағанда  химия,  әлеуметтану,  медицина, 

лингвистика,  экономика  және  басқа  пәндер  математикадан  алыстау 

көрінгенімен,  ақпараттық  және  индустриалдық  салаларда  математиканың 

қолданбалы  мүмкіндігі  кеңейе  түсті.  Сондықтан  да,  осы  мүмкіндіктерді  орта 

оқу  орындарындағы  бағдарламаларға  енгізіп,  оқушыларды  математикалық 

білімді таным құралы ретінде қолдануға дайындау қажет. 

Қорытындылай  келе,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруға  бағытталған  білім  мазмұнын  игерген  оқушылардың  білімдері 

мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен 

жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, 

өзінің  болжамдарын  ұсыну  және  зерттеулер  жүргізу,  өзінің  ойын  негіздей 

білуді;  іскерлігі  мен  дағдыларын  адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында, 

сондай-ақ  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік 

міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Математика в школе журналдары. 

2. Математика және физика журналдары. 

3. Интернет ресурстары. 

4. Ақпараттықтехнологиялардың тиімді пайдалану теориялық негіздері. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет