Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет203/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте. Тұлға бойында болу керек функционалдық сапалар 

 



598 

 

Функционалдық  сауаттылықты  жүзеге  асырудың  бірнеше  жолын 



көрсетуге болады: 

 



Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу  

бағдарламаларын  басшылыққа  ала  отырып,  білім  беру  арқылы; 

Бағдарламалардың орындалуы, сабақ үрдісінде бағдарламаға сай, сұрыпталған, 

өңделген  оқулықтардың  жүруі  –  оқушы  сауаттылығын  арттырудың  бірден-бір 

кепілі. 

 



Функционалдық сауаттылықты  жүзеге  асырудың  келесі  тетігі  – оқыту 

нысандары  мен  әдістері.  Оқушылардың  оқу  белсенділіктерін,  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырып  отыру  үшін,  шыңдай  түсу  үшін  қолайлы  әдіс-

тәсілдер ретін дұрыс таңдаудың маңыздылығы жоғары. 

Әр  пән  мұғалімі  өз  сабағында  тиімділігіне  қарай  түрлі  көрнекілік 

құралдарын  қолдану,  сұрақ-жауап,  талдау,  жинақтау,  ажырату,  тақтаға  жазу, 

айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық сұрақтарға 

жауап  беру,  нақтылы  және  жалпылама  тапсырмалар  беріп,  шағын 

шығармашылық  жұмыстарды  орындату,  оқушының  бірін-бірі  сынауы,  өзіндік 

пікір  білдіруі,  баяндама  жасауы,  ғылыми  зерттеу  жазып  қорғауы  т.б.  алуан 

түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. 

Қ.О.Бітібаеваның  пәнді  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін 

пайдалана  отырып,  оқушы  бойына  жоғарыда  атап  өткен  функционалдық 

сапаларды  дарытуға  болады.  Функционалдық  сауаттылықтың  жалпы 

сауаттылық, 

компьютерлік 

сауаттылық, 

информациялық 

сауаттылық, 

коммуникативтік  сауаттылық,  шет  тілдерін  білудегі  сауаттылық,  тұрмыстық 

сауаттылық, төтенше жағдай кезіндегі сауаттылық, қоғамдық-саяси сауаттылық 

сияқты  түрлерін  барын  ескерсек,  ол  оқушының  бойынан,  ең  алдымен, 

шығармашылық  тұрғыда  белсенді  іс-әрекет  жасауынан  көрініс  табады.  Бұл 

тұрғыда ұстаз ұсынған технологияның зерттеу, іздендіру, топтап, жұптап оқыту 

әдістерінің  ерекшелігі  зор.  Бұл  әдістерді  пайдалану  –  берілетін  білімнің 

ғылымилығын  арттыруда,  берілетін  білімді  қосымша  материалдармен 

байытуда, оқушыларды өз беттерінше іздендіруде, тапқан мағлұматын іріктеп, 

түртіп,  сабақ  процесінде  қолдана  білуде,  оқушылардың  өз  беттерінше 

қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Сондай-ақ, тақырып 

бойынша,  нақыл  сөздер  бойынша  туындыларды,  өлеңдерді  топтастыру  да 

оқушының  ізденімпаздық,  шығармашылық  қабілетін  арттырудың  бірден-бір 

жолы  болып  табылады.  Сөздік  жұмыстарымен  жұмыс  жасай  отырып,  өзге 

пәндермен  пәнаралық  байланыс  жасай  отырып,  оқушының  білім  өрісін 

кеңейтуге болады. 

Оқушының  шығармашылық  қабілетін  шыңдау  үшін  берілетін 

тапсырмалар  жүйесіне  мыналарды  жатқызуға  болады  деп  санаймын:  мақал-

мәтел, жұмбақ, өлең шумақтарын, ертегілер құрастыру, сюжетті сурет бойынша 

ойтолғау, шығармалар жазу, пейзаж жазу, автор идеясын өрбіту және т.б. 

ХХІ  ғасыр  –  техника  ғасыры.  Ол  мамандығына,  жасына  қарамай, 

компьютерді жетік меңгеруді, онлайн арқылы жұмыстар жасай білуді, интернет 




599 

 

желілерін,  өзге  салаға  қатысты  техниканы  қажет  ететін  біліммен  қамтамасыз 



етілуі керек. 

Қ.О.Бітібаеваның  пәнді  оқытуға  байланысты  ұсынған  технологияның 

әдіс-тәсілдерін  АКТ-ны  пайдалана  отырып  та  жүзеге  асыруға  болады.  «Т» 

кестесі,  тест-интервью,  бейнелі  сөздерді  табуға  арналған  немесе  салыстыру, 

сәйкестендіру кестелерімен жұмыс жасағанда, АКТ элементтерін, интерактивті 

тақтаны  пайдалансақ,  түрлі  видеокөрсетілімдер  көрсетіп,  аудиожазбалар 

тыңдатсақ,  оқушының  рухани  дамуына,  оқуға  деген  белсенділігін  арттыруына 

жағдай жасар еді. 

Оқушының кез келген ортаға тез бейімделіп кетуі үшін, сыртқы ортамен 

еркін қарым-қатынас жасай білуі үшін, өмір сүруі үшін сөйлеу тілін дамытудың 

орны  өзгеше.  Оны,  екінші  сөзбен,  оқушының  коммуникативтік  құзыреттілігін 

дамыту  деп  түсіндіруге  болады.  Құзыреттілік  –  бұл  алынған  білімдер  мен 

біліктерді  іс-жүзінде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық  және 

теориялық  мәселелерді  шешуге    қолдана  алу  қабілеттілігі.  Ол,  ең  әуелі,  жаза 

білу,  оқи  білу,  оқығанын  түсіне  білу  түрінде  мектептегі  оқыту  үрдісінде 

қалыптасады. Ал, коммуникативтік құзыреттілік –  қажетті  тілдерді, қоршаған 

адамдармен  және  оқиғалармен  әрекеттестікте  болу  тәсілдерін  білуді,  топта 

жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді  меңгеруді 

қамтиды.  Оқушы  хат  жаза,  анкета  толтыра,  түрлі  кесте,  қималармен  жұмыс 

жасап,  сұрақ  қоя,  ойын  білдіре,  пікір  таластыра  білуі  тиіс.  Сондықтан  да, 

сөйлеу  тілін  дамытуда  қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту  амалдары  қатарына 

сұрақ-жауап,  іскерлік  ойындар,  ұжымдық  (топтық),  жұптық  оқыту  амалдары, 

проблемалық  оқыту,  конкурс,  модель,  конкурс  сабақтар  (мәтінге  жуық 

әңгімелеу,  шығарма  желісі  бойынша  сюжетті  конкурстар  өткізу),  макет,  кіші 

жоба  қорғау  сабақтары,  дебатқа  құрылған  сабақтар,  реферат,  тест-интервью 

(сұрақтар қатарын жасап, аз уақыт ішінде оқушы жауабын білу) т.б.жатады. 

 

Шығармада маған әсер еткен көріністер 



Сурет арқылы бейнелеуім 

Мүсін  жасап  отырған  сары  балаға 

Шоқанның  жақындап  келіп,  жылы,  шырайлы, 

күлімсіреген  жүзбен  қарап,  түйе  ойыншығын 

сұрап, 

өзін 


анасының 

үйіне 


апарып, 

тамақтандырғаны. Ешкімге тиіскізбей, қамқорлық 

танытқаны.  

Мен  осы  көріністі  көз  алдыма  елестете 

отырып, 

Шоқанның 

сары 

баладан 


түйе 

ойыншығын алып жатқан көрінісін салып келдім. 

6-сынып оқушысы А.Байдуллаев 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет