Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет46/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   250
Зерттеудің  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отырған  мемлекетіміздің 

білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту  тұжырымдамасында  басым 

бағыттардың  бірі  ретінде  шетел  тілдерін  оқыту  атап  көрсетілген.  Ел 

басшымыздың  үштұғырлы  саясатына  сай  шет  тілін  үйрену,  қолданыс  аясын 

кеңейту - бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселелері. 

Осы  тұста,  соңғы  жылдардағы  тілші-әдіскер  ғалымдардың  зерттеу 

жұмыстарының  нәтижесі  бойынша  сөйлеу  дағдысын  дамыту  мектеп 

оқушыларының  көпшілігінің  сөздік  қоры  жұтаң,  сөз  тіркестері,  яғни 

фразеологизмдер,  идиомалар,  мақал-мәтелдер,  дәйексөздер  сөйлем  және  мәтін 

құрауда  дәрменсіздік  танытатындығын,  өз  ойын  толығымен  әрі  жүйелі  түрде 

тыңдаушыға жеткізе алмайтындығын, сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға 

әбден  болады.  Мұның  бірден  бір  себебі  –  оқушының  сөйлеу  формаларын 

игерудегі дағдыларының әлі дұрыс қалыптаспағандығынан, сөздік қорларының 

аздығынан және  тілге қатысты білімдерінің жеткіліксіздігінен. Сонымен қатар,  

кейбір  зерттеушілердің  ойынша,  мектептерде  немесе  тіл  орталықтарында  оқу 

үдерісі өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде. 

Осы себептен де, ағылшын тілі сабағында ән, өлең арқылы оқушылардың 

есте сақтау қабілеттерін дамыту қазіргі оқу үдерісінде, айталық ағылшын тілі 

сабағында, аса маңызды мәселе болып табылады. Демек, біздің ойымызша, бұл 

мәселе педагогика саласындағы зерттеулер қатарында ғылыми нысаны ретінде 

осы күнге дейін барынша қамтылмаған. 

Зерттеу  нысаны:  Ағылшын  тілі  сабағында  оқу-тәрбие  үрдісінде 

оқушылардың ән, өлең арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 



Зерттеу пәні: Қазіргі заманауи ақпараттық технологияларға сүйемелдену 

арқылы оқу-тәрбие үрдісінде субьектілердің есте сақтау қабілеттерін дамыту. 



Зерттеу 

мақсаты: 

Оқушылардың 

ағылшын 

тілін 


жоғары 

деңгейдетмеңгеруіне жағдай жасау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 



Зерттеудің міндеттері: Жоғарыда аталған мақсаттың мүддесінен шығу 

үшін, осы жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді: 

 

зерттеу жұмысына тиянақ болатын отандық және шетелдік теориялық- 



әдістемелік зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру; 

 



баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру; 

 



ән, өлең арқылы оқушының сөздік қорын молайтуға ықпал ету

 



ән,  өлең  арқылы  оқушының  қоршаған  дүние  туралы  түсінігін 

қалыптастыру; 




129 

 



 

оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерін  дамытуға  арналған  ән,  өлең 

түрлерін жинақтау, кітапша жасау; 

 



аудио,  видео,  электрондық  таспаларды  жинау,  пайдалану  жолдарын 

меңгеру; 

 

ағылшын  тілі  сабағында  ән,  өлең  арқылы  оқушылардың  есте  сақтау 



қабілеттерін  дамыту  әдістемесінің  ұтымдығының  эксперимент  нәтижелеріне 

сүйеніп дәлелдеу. 



Зерттеу  болжамы:  Егер  сабақ  барысында  оқушылардың  есте  сақтауын 

дамыту мақсатында ақпараттық технологияларды қолданса, онда оқушылардың 

пәнге деген қызығушыларалы артады, және ойлау қабілеттері дамиды. 

 

Зерттеу кездегі қарама –қайшылықтар: 

Педагогикалық іс-әрекеттер 

Қарама-қайшылық 

Жаңа 

әнді 


сабақтың 

тақырыбына 

байланысты 

алдым. 


Әнді 

тыңдаттым, 

қайталаттым,  әнге  байланысты  қимылдар 

жасаттым. 

Бірақ  дегенмен  де  оқушылар  әр  себептерге 

байланысты қабылдамайды. 

Сабаққа байланысты ән, өлеңді қолданғанда 

көрнекіліктер 

қолданамын. 

Оқушылар 

сипаттайды, ұстап көреді, сезеді. 

Бірақ 


оқушылар 

толығымен 

сипаттай 

алмайды.  Әр  түрлі  танымдық  қабілеттеріне 

байланысты. 

Ән,  өлең  арқылы  оқушылар  көреді,  естиді, 

қайталайды.  Сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем  қылып 

айтқызамын. 

Сонда да оқушылар толық меңгермейді. 

Ән,  өлеңді  оқушыларға  беремін.  Оқушылар 

естиді, оларды жазады. 

Дегенмен 

де, 

тәжірибе 



жүзінде 

оқушылардың  толық    меңгермегендігі 

байқалады. 

Қате 


жіберетін 

оқушылар 

болады. 

Ән, өлеңді айт барысында топтың жұмыстар 

жасаймыз. Қарым-қатынасты жақсартамын. 

Дегенмен  де,  кейбір  оқушылар  қарым-

қатысқа түспей, өздерін ғана ойлайды. 

Оқушылардың  ағылшын  тілінде  білім  алуы 

көпшілгіне  ұнайды,  қызығады,  белсенді 

болады. 


Дегенмен де, кейбір ата-аналар балаларының 

пәнге деген қызығушылығын қолдамайды. 

Кез-келген  оқу  үрдісінің  дамытушы  күші  ол  қарама-қайшылық.  Жалпы 

қарама-қайшылық менің сабағымның жүру барысына түрткі болады. 

Жоғарыда  аталған  қарама-қайшылықтарды  басшылыққа  алып,  үнемі 

оларды өзгертіп, азайтуға үнемі жұмыс атқарып, сабақ жоспарын құрамын. 

Білім  беру  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру  оның  философиялық, 

психологиялық-педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек 

қайта  қарау  қажеті  осындай  қиыншылықтарды  жеңе  отырып,  оқушының  жан-

жақты, терең сапалы білім алуына бар мүмкіншілігімізді салуымызды жүктейді. 

Сондықтан  да  менің  зерттеу  тақырыбым  «Бастауыш  сыныптарда 

ағылшын  тілі  сабағында  ән,  өлең  арқылы  оқушылардың  есте  сақтау 

қабілеттерін дамыту». 

Мемлекетіміздің  білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту 

тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі ретінде шетел тілдерін оқыту атап 

көрсетілген.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  мақсатында  2009-20013  оқу 

жылынан  бастап  Өскемен  қаласы  әкімдігінің  «А.Байтурсынов  атындағы  №20 

орта  мектеп»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде  Қ.Р.Үкіметінің  2002 




130 

 

жылғы  11-қаңтарға  №41  қаулысына  сәйкес  ағылшын  тілін  1-сыныптан  бастап 



оқыту,  яғни  эксперимент  сыныбы  ұйымдастырылып,  оқытып  келемін.  Оқушы 

бойына «жайдан –күрделіге» қарай оқыта отырып, есте сақтау көру есту, және 

ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өрбіту  арқылы  оқушы  оқи  алады,  компьютермен 

жұмыс жүргізеді және сурет салып суреттей алатын қабілетке жетті [9]. 

Мектептегі оқу – тәрбие процестің негізгі мақсаттарының бірі – баланың 

есте  сақтау  қабілетін  үздіксіз  дамытып  отыру  қажет.  Әр  жастағы  оқушының 

есінің  қалайша  дамытып  отыратындығын  психологиялық  зерттеулерде  жақсы 

көрсетілген, заңдылықтармен дәледенген. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда 

оқушыны, еңбекке, қоғамдық істерге араластыру, ғылыми, шығармашылықпен 

жұмыс  жүргізу  керек.  Заман  талабына  сай  әр  мұғалім  сабағын  жаңаша 

ұйымдастырып,  ізденісте  болу  керек.  Білім  беру  субьектісі  ретінде  оқушыны 

қалай  дамытамын?  Не  арқылы  дамытамын?  Деген  сұрақтар  туындады.  Іздену 

арқылы  жаңа  технолгиялармен  таныстым.  Грамматикалық  материалды,  жаңа 

лексиканы  енгізу,  тілдік  материалды  бекіту  барысында  тыңдауға  арналған 

жаттығулар  мен  тапсырмалардың  тіл  үйрену  процесі  барысында  берері  мол. 

Соның  ішінде  коммуникативтік  дағдыларды  қалыптастыру  барысындағы  ән, 

өлеңнің алатын орны ерекше. 

Атақты педагог Ян Амос Каменский музыканы түсінбейтін адам сауатсыз 

деп  айтуға  болады  деген  сөзі  бар.  Ежелгі  Греция  мектептерінде  мәтіндерді 

әнмен үйретсе, Индияда арифметиканы әнмен оқытады. 

Атақты  психолог  В.Левин  былай  деген  «Одни  лучше  запоминают, 

переписав,  другие,  услышав,  третьи  -  увидев,  четвертые  -  под  тихую  музыку, 

пятые  -  почесывая  голову.  Если  вы  еще  не  знаете  индивидуальных 

особенностей  своей  памяти,  надлежит  перепробовать  указанные  способы, 

дополнив их новыми, насколько у вас хватит фантазии». 

Ағылшын  тіліндегі  әндер  оқу  үрдісінен  шыға  алады  және  оқу  үрдісімен 

байланысатын буын ретінде болады. 

Ағылшын  тіліндегі  әннің  көмегі  арқылы  оқуды,  есте  сақтауды,  айтуды, 

грамматиканы, сөзік қорын молайтудың ең тиімді әдіс болып табылады. 

Ән мидың оң жақ бөлігіне әсер етсе, ал сөз мидың сол жақ бөлігіне әсер 

ететінін дәлелдеп отыр, міне, сондықтан да, мәтіннің ритмі және жағымды әуен 

біздің есте сақтауымызда көпке дейін есімізде қалады [8]. 

Ағылшын  тілін  үйрету  барысында  әннің  ықпалы  мол.  Олай  болса  тіл 

үйренудегі әннің әсеріне тоқтала кетейік. 

а)  Ән  тілдік  қарым  қатынас  құралы  ретінде  жаңа  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінен  құралып,  оқушының  сөз  қорының  кеңейіп,  бекуіне  ықпал  етеді, 

Ән  тыңдау  кезінде  таныс  лексика  жаңа  контексте  кездесіп,  оны  қолданудың 

қарқыны  өсіп,  оқушының  есінде  тез  сақталады.  Әндерде  жер  су  атаулары, 

географиялық  атаулар,  тілдік  реалиялар,  поэтикалық  сөздер  жиі  кездесетін 

болғандықтан,  оқушшының  тілдің  стилистикалық  ерекшеліктерін  түсініп, 

сезінуіне ықпал жасалады. 

ә)  Әнмен  жұмыс  барысында  грамматикалық  құрылымдардың  қарқыны 

арта  түсетіндіктен,  оқушының  грамматикалық  құрылымдарды  еске  сақтауы 



131 

 

жеңілдей  түседі.  Әндер  заман  талабына  сай  жазылып,  сілтемелер  беріліп, 



мазмұнын талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады. 

б) Ағылшын тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы 

қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, 

дұрыс артикуляцияны қалыптастырады. 

в)  Әнмен  жұмыс  барысында  эстетикалық  тәрбие  қалыптасып, 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  ашылады.  Сонымен  қоса  сабақтағы 

психологиялық  климат  ретке  келіп,  тілдік  әрекет  қарқындатылып, 

эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы арта 

түспек. 

г)  Әнмен  жұмыс  оқушының  монологты,  диалогты  және  ауыз  екі  сөйлеу 

тілінің дамуына ықпал етеді [3]. 

Әнді  сабақтың  әр  кезеңінде  қолдануға  болады.  Мен  әндерді  әр  кезеңге 

байланысты қолданамын: 

 



бастапқы кезеңде фонетикалық әндерді

 



әннің қолдауымен жазбаша жұмыс жасағанда; 

 



бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқанда әнді сәттер

Ағылшын    тілі  сабақтарында  берілетін  әндер  мұқият  таңдалып  алынуы 

тиіс.  Ән  сабақтың  негізгі  тақырыбы  бола  алмайды,  оны  негізінен  жаңа 

лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және 

әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады. 

Әннің мәтімен жұмыс істеу бірнеше кезеңнен тұрады. 

Біріншіден әндегі, өлеңдегі таныс емес, қиын сөздерді көрнекі құрал, ия 

болмаса  аударма  арқылы  түсіндіремін.  Оқушылар  әннің,  өлеңнің  жалпы 

мазмұнын түсінген кезде әнді, өлеңді магнитофон таспасынан тыңдайды. Кейде 

әнді,  өлеңді  өзім  оқып  беремін.  Соңынан  оқушылар  қиын  сөздер  мен  күрделі 

сөз тіркесін дыбыстық жағынан меңгеру мақсатымен менің соңынан бәрі бірдей 

әрі  жекелей  қайталап  айтады.  Ән,  өлең  жолдары  өте  қиын  болмаса,  толық 

жатталады,  біршама  қиын  әндерді,  өлеңдерді  мәнерлеп,  интонациямен  оқуға 

алдын ала дайындық жасалады. Ол үшін мен оқушыларға дауыстап, мәнерлеп 

оқып  беруге  міндеттімін.  Әнмен,өлеңдермен  жұмыс  істеу  арқылы 

оқушылардың  сөздік  қорын  дамуы,  ағылшын  тіліне  деген  қызығушылығы 

пайда  болады.  Сабаққа  қажетті  әнді,  өлеңді  таңдау  сол  кезде  өтіліп  жатқан 

лексикалық  және  грамматикалық  материал  мазмұнымен,  оқулықтағы  мәтін 

немесе  ауызша  әңгіме  тақырыбымен,  сондай-ақ  қызыл  даталы  күндермен 

байланысты анықталады. 

Ән  арқылы  сергіту  сәттерін  жасау,  ән  арқылы  қимылдар  жасау  қазіргі 

заман денсаулық сақтау технологиясымен байланыстыруға болады. 

Әнді  қолдану  әдісінде  мынаған  көңіл  бөлу  керек:  лексикалық-

грамматикалық материалдарды әнді арқылы бекіту  

Келесі екі-үш сабақта әнді бір-екі рет қайталау керек, себебі әннің сөздері 

ұзақ және берік есте қалу үшін. 




132 

 

Жаңа  грамматикалық  материалды  өткенде  оқушылар  грамматикалық 



құрылымға  сүйеніп,  жаңа  материалды  бекіткенде  жеңіл  болады.  Мысалы: 

ағылшын тілін жаңа бастағандарға ағылшын тіліндегі алфавитті жаттағанда [7]. 

Ағылшын тіліндегі алфавитті ән арқылы айтқанда оқушыларға қызықты, 

әрі рет-ретімен есте қалады. 

Әнді айта отырып оқушылар жеңіл және еріксіз модалді етістікттерді еске 

түсіреді, болашақта мәтін құрғанда қолданады [16]. 

Осы  аяқталған  шақтың  арнайы  сұрақтарын  өткенде  ән  арқылы  сұрақты 

реті жылдам және жеңіл есте қалады. 

Әуендік  тақырыпты  қолдана  отырып,  жаңа  лексикалық-грамматикалық 

құрылымдар  сабақтың  уақытын  үнемдеуге  мүмкіндік  туғызады  және  бір 

уақытта  қабылдаудың  бірнеше  каналдарына  сүйенеді.  Өлеңді  әуенмен 

сүйемелдеуде  аудиалдар  мен  жақсы  қабылданады,  ал  әуен  іс-қимылдармен 

сүйемелдеуде кинестетиктермен жақсы қабылданады. Егер сыныпта немесе оқу 

құрамында  әннің  сюжетіне  көрнекіліктер  сәйкес  келетін  болса,  бұл 

ақпараттардың  визуалдармен  есте  сақтауына  ешқандай  мәселе  болмайды.  Ән 

арқылы  жаттығу  жасауда,  белгілі  ойынды  ойнағанда  немесе  билегенде  ән 

арқылы  ағылшын  сөздерінің  көмегімен  кинестетиктер  ән  мен  ойынға,  сөздер 

мен сөйлемдерді естеріне сақтауға дағдыланады. Әнді қолдана отырып, біз есте 

сақатуда еш қиналусыз кеңейте  аламыз. Ұзақ  уақытта есте сақтауды дамытуда 

психологтардың  дәлелдеуі  бойынша  адам  тек  қана  эмоционалдық  басынан 

өткен  жағдайларды  есіне  жақсы  сақтап  қалатынын  дәлелдеп  отыр.  Балалар  ән 

айтуды  және  билеуді  ұнатады.  Сондықтан  да,  кез  келген  айтылған  ән 

лексикалық  бірлік  олармен  өткерліген.  Тұлғалық  мағыналы,  жеке  эмоциямен 

байланысты мәңгілік естерінде сақталады. 

Сабақ  барысында  біз  бірнеше  әндер  жаттаймыз.  Оқушылармен  қиын 

қабылданатын  сөздер  бұл  сәтте  жеңіл  қабылданады.  Олар:  ырықты  етістер, 

шартты райлы  шырайлар, уақыттар. Мысалы:  to be going to  құрылымын мына 

ән арқылы құрып, оқушылар үнемі естеріне қайта жаңғыртады [17]. 

Әннің  әуені  энергиялық  және  ритімді  өзгерте  алатындай  болу  керек, 

себебі  бұл  оқушылардың  жұмысын  бір  түрден  екінші  түрге  ауысуына 

қолданылады.  Бұл  әсіресе  оқушыларға  арналған  қандайда  бір  қозғалмалы 

ойыннан,  сайыстан  кейін  оқушыларды  тыныштандыру  үшін  ән  қолданылады 

бәрінен  ең  жақсысы,  ең  танымал  әндерді  қосқан  дұрыс,  әсіресе  қайырмасы 

аздап  өзгертілетін  әндер  қолданамын,  мысалы:  «Five  little  bears»  ,  «Two  fat 

gentlemen» немесе «Five fat sausages». 

Мен тақырыбымды зерттеу барысында сауалнама алдым. Сауалнамаға 29 

оқушы қатысты. Сауалнама бес сұрақтан тұрады. Сұрақтарда бірнеше жауаптар 

ұсындым: ия, жоқ, кей-кезде. 

Сауалнаманың  қорытындысында  мен  жауаптарын  санап,  пайызын 

шығардым. Нәтижесінде диаграмма құрдым. 

 

89% оқушы әнді ағылшын тілінде тыңдағанды ұнатады 



 

48% оқушы ағылшын тілінде тыңдалған әнді түсінеді. 




133 

 



 

Оқушылардың  жартысы  тыңдалған  ағылшын  тіліндегі  әннің  мәтінін 

түсінеді немесе кейбір бөлігін ғана түсінеді. 

 



Оқушылардың  ағылшын  тіліндегі  әндерді  тыңдауда  63%  есте 

сақтауын дамытады, 30% ішкі қанағаттанушылық сезімін алады. 

 

Солардың ішінде 13% ән жай ұнайды. 



 

Ағылшын  тіліндегі  әндердің  көмегімен  оқушылардың  67%  сөздік 



қоры молаяды. 

 



Оқушылардың  2%  ағылшын  тілінде  әнді  тыңдайды,  себебі  барлығы 

әнді тыңдайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жүргізілген  жұмыс  нәтижесінде  мынадай  қорытынды  жасауға  болады, 

ағылшын  тілін  үйренуде  ән,  өлең  есте  сақтау  қабілетін  дамытуда  өз  орнын 

алады.  Қазіргі  кезде  жастар  арасында  ағылшын  тілінде  әндер,  өлеңдер  кең 

таралған және өзек болып табылады. Бұл әндерді, өлеңдерді біз теледидардан, 

радиодан тыңдағанды ұнатамыз. Олар бізге ұнағандықтан, біз әндерді айтамыз, 

қайталайымз, айтылып жатқан мәтіннің сөздерін қайталаймыз, сол арқылы есте 

сақтау  қабілетін  дамытамыз.  Сол  сияқты  ағылшын  тіліндегі  сөздерді  жақсы 

айтуға  үйренеміз,  әннің,  өлеңнің  мағынасын  түсіне  бастаймыз,  егер  қандайда 

бір сөзді түсінбесек сөздіктен ашып қарауға мүмкіндік бар. 

Қорыта келе, келесі ойға келдім: 

 

ағылшын  тіліндегі  ән,  өлең  оқушының  дамуына  үлкен  мүмкіндік 



туғызады; 

 



әннің,  өлеңнің  сөздері  оқушының  сөздік  қорының  молайуына  тиімді 

тәсіл болып табылады; 

 

ән, 



өлең 

оқушыларда 

жоғарғы 

адамгершілік 

қасиеттерін 

қалыптасуына ықпал етеді

 

ән, өлең арқылы оқушылардың дүниетанымдық қабілеті молаяды; 



 

әнмен, 



өлеңмен 

жргізілген 

жұмыс 

түрлері 


оқушының 

қызығушылығына  түрткі  береді,  жыл  көлемінде  оқушының  пәнге  деген 

қызығушылығы артады; 

 



әндер,  өлеңдер  оң  эмоционалдық  көңіл  күй  тудырады,  лексикалық-

грамматикалық тақырыпты меңгеруге ықпалын тудырады




134 

 



 

ағылшын  тіліндегі  әндер,  өлеңдер  басқа  елдердің  мәдени-тарихи 

дамуын кеңейтеді. 

Қорытындылай  келе,  менің  зерттеу  жұмысыма  қойылған  мақсатыма 

жеттім  деп  ойлаймын.  Ағылшын  тілі  сабағында  оқушылардың  есте  сақтауын, 

тілін  дамытуды  көздей  отырып  ән,  өлең  арқылы  сыныпта  психологиялық 

жайлы жағдай тудыруға сенімдімін. 

Экспериментальды  негізде  жүргізілген    жұмысымды  арқау  ете  отырып, 

мен мынадай қорытындыға келдім: ағылшын тілі сабағында оқушылардың есте  

сақтау  қабілеттері  белгілі  бір  жүйемен  үздіксіз  жүргізіліп,  жүйелі  сөйлеуге 

дағдыландыру  кешенді  жұмыстар  мен  жаттығулар  негізінде  ұйымдастырылса, 

оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелеріне 

негізделсе,  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерінің  дамуы  анық.  Сонымен 

қатар, ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушылардың есте сақтау қабілеттерін 

дамыту  мақсатында  ән,  өлең  арқылы  көптеген  жаттығулар  түрлерін  ұсыну 

қажет. 


Дегенмен  де,  қазіргі  заман  талабына  сай  тек  қана  педагогикаға  сүйеніп 

мұғалім  болу  мүмкін  емес,  біз  үнемі  тұлғалардың  жас  ерекшелігіне,  ақыл 

ойының  дамуына  психологиялық  жас  ерекшелігіне  ,  оған  байланысты 

психологиялық әдебиеттерге сүйеніп, үнемі ізденіс үстінде болуымыз керек. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. А.А. Леонтьев. Психология общения. 3-е изд. М.: 1999– 145c. 

2. Веренинова  Ж.Б.  Роль  песни  при  обучении  английскому  произношению.// 

Иностранные языки в школе. – 1998. - № 6, С. 65 – 70. 

3. Гебель  С.Ф.  Использование  песни  на  уроках  иностранного  языка/С.Ф. 

Гебель//Иностранные языки в школе. – 2009. - №5. – с.28-31. 

4. Екибасова Д.Д. //Ағылшын тілі мектепте журналы. 2009 ж.№ 4. 

5. Измайлова  Е.В.  Песни  и  стихи  на  уроках  английского  языка  в  III 

классе//Иностранные языки в школе -2005- №3. 

6. К.К.  Жаксымбетова  «Информационно-коммуникационные  технологии  в 

обучении  иностранному  языку»//  Шетел  тілін  оқыту  әдістемесі.2007ж.  №28-

15б. 

7. Клементьева  Т.,  Монк  Б.  Счастливый  английский  5-6  классы:  Учебник  для 



общеобразовательных учебных заведений – М.: Просвещение 2001. 

8. Крутецкий В.К. Психология. Издание второе. Переработанное и дополнение-

М. Просвещение 1986.-97 с. 

9. Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж. - 83б. 

10. Лебединская  Б.Я.  –  Английская  грамматика  в  стихах:  Пособие  по 

английскому  языку  –  М.:  ООО  “Издательство  АСТ”;  “Издательство  Астрель”, 

2003. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет