6. Қандай тамақты ұнатасың? 6. Қандай жемісті ұнатасың?
7. Көңіл-күйің қалай? 7. Қалай сезініп тұрсың?
1. Жеке жұмыс: 1топ-5 жолды өлең, 2-топ РАФТ
126
2. Көрермендерге сұрақ
3. Топтық жұмыс: геометриялық фигуралар
арқылы бейнелер құрастыру
Қазылар алқасының шешімі
Сауал тастау. Жеңген топ жеңілген топқа сауал тастайды.
Қыздар тобының құттықтауы:
Қазақстан елінің
Әскер күнін тойлаймыз
Мерекемен құттықтап
Ұлдарды біз сыйлаймыз
Қорытынды
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық
өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар
оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
«Сыни тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда алған білімді,
білгенін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Оның бұрынғы дәстүрлі оқу технологиясынан айрықша ерекшеліктері бар.
Олар мынадай:
1) Оқушының интеллектуальды дамуының аз уақыт ішінде қабылдануы
2) Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма – сай болуы
3) Мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасында жауапкершілік пен
сенімділіктің болуы.
Сыни тұрғысынан ойлау сабақтары және кез-келген осы бағдарлама
негізінде жасалатын іс-шаралар оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау,
қорытындыға келу, құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше
білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады. Сондықтан мұғалім әрі үйретуші,
әрі ұйымдастырушы, әрі зерттеуші болып табылады.
Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю
керек?» еңбегінде нағыз мұғалім «бұғау салмайды, еркіндік береді; басымдық
көрсетпейді, мақтап-мадақтайды; намысына тимейді, қалыптастырады;
бұйырмайды, үйретеді; талап етпейді, сұрайды, балалардың қиналған
сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі...» деп айтқан болатын. Олай болса,
балаларды өмірді тыңдау мен қарауға ғана емес, естуге, көруге, сезінуге
үйретуіміз керек. Ал әр баланың өзінің тұлғалық «Менін» қалыптастыруда
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының алатын орны ерекше. Менің ойымша
осындай игі шаралар болашақ Қазақстанның үлкен жемісі болмақ.
«Ізденген жетер мұратқа» демекші, мұғалім – келешек ұрпақ тағдырының
жолбасшысы. Жаңа технологияны пайдалану – заман талабы. Сондықтан
қоршаған ортаға өзіндік пікірі бар саналы шешім қабылдай алатын жеке тұлға
даярлауда іздене берейік, әріптестер!
Достарыңызбен бөлісу: