Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет62/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   250
Марал Уразылқызы Жантлесова  

"Власовка орта мектебі" КММ 

Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы Власовка с. 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ 

САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

В  данной  статье  рассматриваются  эффективные  методы  и  приемы  по 

повышению  функциональной  грамотности  учащихся.  Учителем  были 

определены основные механизмы по развитию грамотности учащихся. 

 

Басты  сөздер: қарым-қатынас, механизм, жеке тұлға, тілдік сауаттылық, 

PISA, негізгі құзыреттелік. 

 

Функционалдық сауаттылық  дегеніміз не? оның негізгі мақсаты қандай? 



осы  және  тағы  басқа  сауалдарға  жауап  беру  мақсатында  2012-2016  жылдарға 

функционалдық сауаттылығын дамытудың Ұлттық жоспары негізінде берілген. 

Ұлттық  жоспар  Қазақстан  Республикасы  білім  сапасын  жаңғыртуда  мақсатқа 

бағыттылықты,  толыққанды  және  оқушылардың  функционалды  сауаттылығын 

дамыту әрекетінің жүйелілігін қалыптастыруға негізделген. 

Функционалдық  сауаттылық  дегеніміз  -  сыртқы  ортамен  қарым-қатынас 

жасау, бейімдеу мен қалыптасу кезеңі. Бұл кезең әрине, дене сау және рухани 

тұрғыдан дамыған азаматын қалыптастыруға жетілдіретін кезең. 

Негізінен Ұлттық жоспар күрделі төрт механизмді қамтиды. 

Бірінші  механизмі  оқу  әдіснамасын  мен  мазмұн  түгелдей  өзгерту  мен 

жетілдіру.  Яғни,  берілген  мұғаліммен  білімді  әлеуметтік  ортада  бейімделуі, 

қоғамда  саналы  пайдалана  білуі.  Одан  білетін  оқушылардың  бойында 

құзыреттіліктерін жоғарлату. Яғни, 

- басқарушылық ( мәселені шешу) 

- ақпараттық (өз бетінше танымдық әрекет жасау) 

-  коммуникативтік  (қазақ  тілі  мен  орыс,  ағылшын  тілдердің  арасындағы 

қарым-қатынас) 

- азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүр, тарихы, мәдениеті) 

Екінші  механизм  ол  оқушыларды  білім  деңгейлерін  бағалау  жүйесі. 

Бүгінде  барлық  оқу  орындарда  сыртқы  және  ішкі  бағалау  жүйесі  енгізіліп 

жатыр.  Ішкі  бағалау  дегеніміз  пән  бойынша  күндегі  білім  сапасын 

диагностикалау.  Ал  сыртқы  бағалау  жүйесі  -  әрбір  деңгейдегі  білім  сапасын 

анықтау.  Яғни,  бүгінгі  4,9,11,  сынып  оқушылардың  білім  сапасының  анықтау 

мониторингі.  Біз  оны  ҰБТ,  ОЖСБ  деп  қарастырсақ,  4,8  сынып  оқушылардың 

PISA  бағдарламасы  бойынша  оқылым,  математикалық  және  жаратылыстану 



190 

 

ғылымдары  бойынша,  нақты  тіл  сабағы  бойынша  тілдік  сауаттылықтарын 



бағалау. Негізінен мындағы кридиттік бағалау жүйесі енгзілді. 

Үшінші  механизм  ата-аналар  тобы.  Бүгінгі  күні  мектеп  пен  ата-ана 

қарым-қатынасы  тығыз  байланыста  болуы  тиіс.  Біздің  басты  мақсатымыз 

балаға сапалы білім беру болса, ал ата-аналардың басты борышы мен мақсаты 

балаға  кіші  жасынан  бастап  адами  құндылықтарын  сіңіру,  саналы  өмір  сүрге 

тәрбиелеу. 

Төртінші механизм сабақтан тыс білім беру. Яғни, оқушылардың бойына 

тек  пән білім-білік қабілеттерін  сіңдіріп  қоймай-ақ, рухани  байлығын дамыту, 

ол  музыка, өнер,  интеллектуалды  білім,  сондай-ақ  мәдени орындарға,  ғылыми 

мекемелерге қатысу, шығармашылық және инновациялық қызығушылықтарын 

арттыру.  Мұндай  оқу  процессі  әлеуметтік  тұрмыста,  мектептен  шыққан  соң 

үйренген білімді қайта өмірде пайдалануды бағыттауды көздейді. 

Орыс  мектепте  қазақ  тілін  үйрету,  орыс  тілді  балаларды  қазақ  тілінде 

сөйлету, тілдік қатынасты дамыту ең басты мәселе. Оқып-үйренген ақпаратты 

мектеп  қабырғасынан  шыққаннан  соң  біздің  оқушыларымыз  қоғамдық  өмірде 

ауызекі  сөйлеуде  пайдалана  білу  біз  үшін  мақтанарлық  сәт.  Міне,  мынадай 

мақсатқа  сүйеніп  қазақ  тілі  сабағында  мен  өз  оқушыларымның  тілдік 

сауаттылықтарын жетілдіру бойынша жаңаша әдіс-тәсілдерді, сабақты жаңаша 

формада  өткізуді  тиімді  жөн  көрдім.  Өз  сабақтарымда  тиімді  қолданатын 

заманауи  әдістердің  бірі  ол  сабақта  жағдаяттық  тапсырма  ұйымдастыру.  Сын 

тұрғыдан  дамыту  технологиясы  әдістерінің  бірі.  Осы  әдісті  қолдану  арқылы 

олардың оқу әрекетіндегі танымдылық, белсенділік деңгейі жоғарлатады, қазақ 

тілін  үйрену  қызығушылықтары  және  ең  басты  тілдік  және  әлеуметтік  -

тұрмыстық сауаттылығын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Мысалы, 5 - 

сынпта "Қыс" модулі бойынша берілген "Қысқы ауа райы" тақырыбы бойынша 

оқушылардың  арасындағы  ауа  райы  қандай,  ауа  райының  жаңалығымен 

танысуды  үйренді.  Сонымен  қатар,  оқушыларға  бұндай  әдіспен  сабақ  беруде 

уақыттың көп алмауына, нақты және дұрыс жауап беруге үйретеді Мысалы,  10 

-  сынып.  "Казпошта"  кітаптар  дүкені  тақырыпта  диалог  жүргізуді  үйрету 

болды.  Мындағы  жерде  оқушыларға  пошта  қызметкерінің  арасындағы  диалог 

жүргізу.  Ол  дегенім  балаларға  арналған  журнал  жартыжылдыққа  және 

жылдыққа жазылуға болады екенің сөйлейді. 

Сонымен  қатар,  тілдік  сауаттылықты  жоғарлату  диалогтік  тәсіл  қолдану 

бойынша  тиімді.  Егер  сабақта  пайдалану  бойынша  қорытынды  жасайтын 

болсақ,  біз  диалогтік  тәсіл  лексикалық  тақырыптарды  тек  пысықтамай, 

оқушылардың  сөздік  қорларын  байытудың  бірі,  екіншіден,  әлеуметтік  немесе 

оқу жағдаяттында комуникативтік қабілеттерін көрсете білуі керек. 

Сабақта "видеоролик" жасау, яғни АКТ -ны пайдалану бойынша да тілдік 

сауаттылықты  жоғарлатуына  үлкен  әсер  етеді.  Мысалы,  5-сынып  "Менің 

мектебім"  атты  модулін  қорытынды  кезеңінде  видеоролик  түсіруді  көп  еңбек 

жасаған. Оқушылар  өз мектебі жайында көп мәлемет беріп, сабақ барысындағы 

жинақталған материалды мектептен тыс жерде қолдануды үйренді. 




191 

 

Қоланып  жүрген  әдістерді  негіздей  отырып,  мынадай  қорытынды 



жасауыма болады: бүгінгі күні жалпы білім беретін мекептерде оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  бойынша  жеткілікті  дәрежеде 

жағдай жасалған. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-

2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. - Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы. 

2. Ғұбайдуллина  Б.  Қазақ  тілі  сабағында  мектеп  оқушылардың 

функционалды сауаттылығын қалыптастыру. - Алматы, 2013. - 12 бет. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет