Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеңіне байланысты.Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстың пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады. Дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді. Үш жастағы дағдарыс