Нәрестелік және бөбектік шақтағы психикалық даму Жоспары



бет1/5
Дата04.10.2024
өлшемі0,73 Mb.
#146817
  1   2   3   4   5

Нәрестелік және бөбектік шақтағы психикалық даму

Жоспары :

  • Нәрестелік шақтың психологиялық ерекшеліктері.
  • Таным процестерінің дамуы.Бір жастағы дағдарыс.
  • Бөбек жасындағы баланың психикасының дамуы.
  • Бөбек жастағы балалардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.
  • Үш жастағы дағдарыс.

Нәрестелік шақтың психологиялық ерекшеліктері


Нәресте– бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді. Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің қызметін өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған сәбидің салмағы 3,0 – 3,7 кг, бойының ұзындығы 50 – 52 см, басының шеңбері 34 – 35 см, кеуде шеңбері 34 – 36 см болады
Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп негізі және бұл өте маңызды, осындай ықпалды ұйымдастырушы үлкендер болады.Нәрестелік кезеңде бала көп уақытын ұйқымен өткізеді де, егер ояна қалса, онда ол нәрестенің қарны ашу, тону, шөлдеу т.б органикалық үйлесімсіздіктен болады. Жаңа туған бала әр түрлі сезімталдыққа ие: тактильді,температураны, ауырғанды сезіну, дәм сезу.

Нәрестенің физиологиялық және психологиялық- әлеуметтік дамуын өлшеу


Жиілігі

Мерзімдері

Бірінші өлшеу

Туған кезде

Екінші өлшеу

1 ай

1 жасқа дейін

Ай сайын

1 жастан 2 жасқа дейін

Әрбір 3 ай сайын

2 жастан 3 жасқа дейін

Әрбір 6 ай сайын

Кейінгі жылдары

Жыл сайын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет