Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласымен бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі



бет3/3
Дата09.06.2023
өлшемі32,83 Kb.
#100086
1   2   3
Баланың кеуде аумағын өлшеу

  1. Анасына әдістін мақсатын түсіндір, рұқсатын ал

  2. Қолды жуып, резенке қолғап киі

  3. Жөргектеу үстелін дезертіндімен өнде

  4. Сантиметрлік лентаны екі жағынаң спирт ерітіндісіне 70 % малынған мақта шаригімен сүрт

  5. Баланы жатқыз немесе отырғыз

  6. Сантиметрлік лентаны артынан жауырынның төменгі бұрыштары, алдынан омырау үсті бойынша өткіз. Баланы қолын түсір

  7. Лента бойынша кеуде аумағын анықта

  8. Нәтижесін баланың даму тарихына жаз

  9. Анасына нәтижені айт

  10. Қолғапты шеш, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сал. Қолынды жу



Баланы омырауға дұрыс салуды анасына түсіндіру. 4*3*4 техникасы
Мақсаты : аналарды баланы омырауға дұрыс салу техникасына үйрету.
1. Сәбидің басы мен денесін тік, бір жазықта ұстаңыз.
2. Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болуы керек.
3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болуы керек
4. Анасы тек мойыны мен иығын ғана емес , сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады .
5. Сәбидің ерніне емшек ұшын тигізіңіз
6. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.
7. Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз.
8. Сәбидің иегі емшекке тиіп түрады
9. Сәбидің аузы барынша ашық
10Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады.
Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керек.


Жаңа туған нәрестенің көзіне дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу
Құрал-жабдықтар: көз тамшылары, залалсыздандырылған көз пипеткасы, мақта шариктері, лоток
Міндетті шарт: көзге тамызатын дәрінің температурасы бөлмедегі ауа температурасындай болуы керек

  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Қолды жуып құрғату

  3. Қолға резеңке қолғап кию

  4. Баланы шалқасынан жатқызу

  5. Көзден іріңді бөлініс болса, мақта шаригін қайнаған суға малып алып, сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту (әр көзге жеке шарик)

  6. Пипетканы тік ұстап, 2/3 бөлігіне дейін дәріні сорғызып алу

  7. Сол қолдың сұқ саусағымен көздің үстіңгі қабағын жоғары қарай, үлкен саусағымен астыңғы қабағын сәл төмен қарай тарту (көздің қабақтарын мақта шариктері арқылы ұстау)

  8. Пипетканы көзге жақындау және 400 бұрышта ұстап, көздің ішкі бұрышына жақындау дәрінің 1 тамшысын бірнеше секундтан кейін екінші тамшысын тамызу

  9. Жоғарыдағы ережелерді сақтай отырып, дәріні екінші көзге тамызу

  10. Шариктерді пайдаланған заттарға арналған лотокқа тастау

  11. Көздің сыртына шыққан дәріні мақта шаригімен сорғызу қимылымен сүрту

  12. Пипетканы дезерітіндіге салу. Қолды жуып, құрғату



Жаңа туған нәрестенің мұрнына дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу, мұрын жолдарында қабыну процессін жою, өткізгіштігін жақсарту, инфекцияның төменгі жолдарға таралуының алдын алу
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат, залалсыздандырылған пипетка, мақта шиыршықтары (шариктері), лоток
Міндетті шарт: мұрын жолдарын шырыштан тазарту



  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Қолды жуып, құрғату

  3. Баламен қарым-қатынас орнату

  4. Дәрілік препараттың атын оқып, мерзімін тексеріп, дайындап, пипеткаға сорғызып алу

  5. Дәрі тамшылары жылы болуы керек (22-240С, бөлме температурасындай)

  6. Стерильденген мақта шиыршығымен мұрын жолдарын тазарту

  7. Баланы шалқасынан жатқызып, басын сәл шалқайту

  8. Бір қолдың 4 саусағын баланың маңдайына, ал үлкен (1-ші)саусақпен мұрынның ұшын сәл жоғары көтеру

  9. Мұрынның шырышты қабатына бағыттап 2-3 тамшыны тамызу (пипетканы терең енгізбей)

  10. Айналмалы қозғалыспен мұрын қанатын мұрын пердесіне қарай басу

  11. Аталған әрекеттерді қайталай отырып мұрынның екінші жағына тамшыны тамызу

  12. Қолданған заттарды дезерітіндіге салу

  13. Қолды жуып, құрғату



Жаңа туған нәрестенің құлағына дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу, ортаңғы құлақта қабыну процессін жою, евстахий түтігінің өткізгіштігін жақсарту
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат, залалсыздандырылған пипетка, мақта шиыршықтары (шариктері), лоток
Міндетті шарт: сыртқы есту жолы шырышты-іріңді бөліністен тазартылуы тиіс

  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  1. Қолды жуып, құрғату

  2. Баламен қарым-қатынас орнату

  3. Дәрілік препараттың атын оқып, мерзімін тексеріп, дайындап, пипеткаға сорғызып алу

  4. Дәрі тамшылары жылы болуы керек (36-370С, бөлме температурасындай)

  5. Баланы шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұру

  6. Қажет болса құлақты тазалау

  7. Пипеткаға дәріні сорғызып алу

  8. Дәрінің температурасын тексеру (сол қолдың білезік буынының ішкі жағына тамызып көру)

  9. Сол қолмен құлақ сырғалығын төмен қарай тарту, егер бала 1 жасқа дейін болса, немесе құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тарту, егер бала 1 жастан жоғары болса

  10. Есту жолына тамшыны тамызу

  11. Бірнеше рет құлақ бөбежігін басу (дәрінің ортаңғы құлаққа дейін жетуін қамтамасыз ету)

  12. Құлаққа мақта тампонын 10-15 мин қою

  13. 10-15 мин соң тампонды алып тастау

  14. Қолданған заттарды дезерітіндіге салу

  15. Қолды жуып, құрғату


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет