Нәруыздардың жалпы қасиеттері



бет1/6
Дата19.04.2023
өлшемі20,87 Kb.
#84441
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нәруыздардың жалпы қасиеттері-melimde.com


Нәруыздардың жалпы қасиеттері

Нәруыздардың жалпы қасиеттері




Нәруыздар (протеиндер) дегеніміз – альфа-аминқышқылдардың қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулалық биологиялық полимерлер.

Ақуыздардың алуан түрлілігі
Табиғатта 1010-1012 ақуыздар кездеседі. Осы ақуыздар 106 жануартектес ағзалардың тіршілігін қамтамасыз етеді. Жалпы ақуыздар адам денесінің құрғақ заты массасының 45%-ын құрайды. Бұлшық етте, өкпеде, көкбауырда, бүйректе ақуыздардың үлесіне құрғақ затының 70-80% сәйкес келеді

Нәруыздардың атқаратын қызметтері

Нәруыздардың құрылымдық қызметі


  • Құрылымдық (тіректік, пластикалық) қызметі – ақуыздар өсімдіктердің, микроорганизмдердің, жануарлардың денелерінің құрылымын анықтайды және жасушаның, субжасушаның жарғағының құрамына кіреді. Кеңінен танымалы, сүйек оссеині (коллаген), шаш және тырнақ кератині.

  • Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жоғары жылдамдықпен жүруін қамтамасыз ететін арнайы ақуыздар.

      Нәруыздардың қоректік қызметі


  • Нәруыздардың дамып келе жатқан ұрық (жұмыртқа, уылдырық, сүт ақуыздары және т.б.) үшін негізгі қорек көзі болып табылады Сондықтан жануар организміне организмде түзілмейтін алмастырылмайтын амин қышқылдары үнемі түсіп отыру қажет.


Нәруыздардың тасымалдау қызметі

Нәруыздар қан арқылы суда ерімейтін қосылыстарды, мысалы альбуминдер май қышқылдарын, билирубинді, гормондарды, глобулиндер – липидтерді, металдарды тасымалдайды. Гемоглобин газдарды тасымалдайды.

Нәруыздардың қорғаныштық қызметі
Иммундық жүйе ерекше ақуыздар иммуноглобулиндердің (антиденелер) синтезін қамтамасыз етеді. Осы нәруыздардар ағзаға бөгде заттар немесе бактериялар түскен кезде жауап ретінде түзіледі. Қансыраудан сақтайтын қан ұю үрдісіне қатысатын фибриноген нәруызының қызметі де қорғаныштық болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет