Нәруыздардың жалпы қасиеттері



бет5/6
Дата19.04.2023
өлшемі20,87 Kb.
#84441
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нәруыздардың жалпы қасиеттері-melimde.com

Биурет реакциясы
Бұл әдіс ақуыздың пептидтік тобының және полипептидтің сілтілік ортада мыс иондарымен (II) - Сu2+ күлгін түсті комплекстік қосылыс түзу қабілеттілігіне негізделген. Түстің қарқындылығы пептидтік байланыстың санына тікелей тәуелді.


Нингидрин реакциясы
Әдіс нингидриннің альфа-амин қышқылының, пептидтердің, нәруыздардың амин тобымен әрекеттесу нәтижесінде көк түсті комплекстік қосылыс түзу қабілеттілігіне негізделген. Түстің қарқындылығы ерітіндідегі амин қышқылдарының мөлшеріне тікелей байланысты. Сондықтан оны амин қышқылдарының концентрациясын анықтауға пайдаланады.


Жалпы түсті реакциялардың маңызы
Түсті реакциялар нәтижесінде биологиялық материалда нәруыздың және амин қышқылының бар екенін және нәруыз қосылыстарының гидролиз дәрежесін, яғни ерітіндіде ақуыз, полипептидтер, пептидтер немесе амин қышқылдары бар екенін анықтауға болады


Жеке аминқышқылдарына жасалатын түсті реакциялар
Мульдер реакциясы (ксантопротеин) триптофанды, фенилаланинді және тирозинді ашады; Паули диазореакциясы триптофан, тирозин, гистидинді ашады; Миллон реакциясы – тирозинді; Шульце-Распайль және Адамкевич – триптофанды; натрий нитропруссидімен реакция және Фоль реакциясы– құрамында күкірті бар АҚ; натрий гипобромиті– аргининді аша алады.


Мульдер реакциясы (ксантопротеин)
Бұл әдіс ароматты амин қышқылдарының (триптофан, фенилаланин, тирозин) концентрлі HNO3 пен әрекеттесу нәтижесінде сары түсті динитротуындыларын түзу қабілеттілігіне негізделген. Олар сілтілік ортада қызылсары түсті хиноидті құрылымдарды түзеді.


Фоль реакциясы
Әдіс сілтілік ортада натрий плюмбитімен қыздырған кезде құрамында күкірті бар амин қышқылдарының қорғасын сульфидінің қара тұнбасын беретін натрий сульфидін түзу қабілеттілігіне негізделген.


Натрий нитропруссидімен жүретін реакция
Әдіс цистеиннің сілтілік гидролизі кезінде түзілген натрий сульфидінің натрий нитропруссидімен қызыл-күлгін түсті комплексті қосылыс түзуіне негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет