14
1. қолқада – 120-130 мм с.б.б.
2. орташа жуандықтағы артерияда – 100-110 мм с.б.б.
3. артериолада – 70-80 мм с.б.б.
4. капиллярларда – 25-30мм – 6-15 мм с.б.б.
5. веналарда – 9-12 мм - +2; +5 мм с.б.б.
Артериялық қан қысымы ең алдымен жүректің
қызметіне, оның систолалық және минуттық қан көлеміне
тікелей байланысты.
Тұңғыш рет қан қысымын 1733ж.
Стефан Хелс
өлшеген. 1847ж. Людвиг «U» тәрізді сынап манометрімен
өлшеп, қан қысымының қисық сызығын жазып алды.
Қан қысымының түрлері:
1. Систолалық қысым – 105-125 мм с.б.б.,
бұл ең жоғары
қысым(максимальдық). Ол сол жақ қарынша етінің
физиологиялық жағдайын сипаттайды.
2. Диастолалық қысым – 60-85 мм с.б.б.,бұл төмен
қысым(минимальдық). Ол артериялар қабырғасы
тонусының деңгейін көрсетеді.
3. Пульстық қысым – 40-50мм с.б.б.-
систолалық және
диастолалық қысымның айырмасы. Ол қысым қарынша
систоласы
кезінде
қолқа
мен
өкпе
сабауы
қақпақшаларының ашылуы үшін қажет.
Артериялық қысым деңгейі адамның жасына,
организмнің физиологиялық күйіне, жүрек жұмысына,
денедегі қанның жалпы мөлшеріне байланысты өзгереді. Қан
қысымының жоғарлауын –
гипертензия, ал төмендеуін –
гипотензия дейді. Қан қысымы тұрақтылығын жүйке жүйесі
қамтамасыз етеді.
Қан қысымын екі түрлі әдіспен анықтайды:
1. Тікелей әдіс немесе «қанды» әдіс.
2. Тікелей емес немесе Коротков әдісі.
Бүкіл әлемде адамда қан
қысымы Коротков әдісімен
анықталады. Ол үшін тонометр,
фонендоскоп, қар артериясы
қолданылады.