Несепағар жоспар Кiрicпе



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#115730
1   2   3
Байланысты:
НЕСЕПАҒАР-ҚҰРЫЛЫСЫ-БӨЛІМДЕРІ-ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Иннервациясы: Жоғарғы бөлігі plexus renalis, ортаңғы бөлігі- abdomina lis-plexus-unreteric-тен, ал төменгі бөлімі pars pelvina- plexus hupogasticus және. n pelvici-ден (парасимпатикалық жүйкелер) нервтенеді

Несеп ағар аномалиясы

Несепағар яғни жоғарғы несеп жолдары бүйректен, жоғарғы жинақтаушы өзекшелерден басталып, төменгі несеп ағар сағасымен аяқталады. Жоғарғы несеп жодары аномалияларының басты ерекшелігі олардың бәрінде бірдей өздерін қоректендіретін қан тамырларының аномалияларымен жалғасады.

Жоғарғы несеп жолдарының ақаулары урологияның көлемді бір тарауы, сондықтан бұларды зерттеуде практикада аса мән беріледі. Көптеген ғалымдар бүйрек аномалиялары көп кездеседі деп есептеп келсе, енддігі жерде зерттеушілер жоғарғы несеп жолдары дамуының ақаулары одан кем түспейді деп есептейді.

Жіктелуі:

  • Санына байланысты:
  • Екі жақты агенезия
  • Бір жақты агенезия
  • Жоғары несеп жолдарының қосарлануы
  • Тұйықталып бітетін несепағарлар
  • Орналасу аномалиялары:
  • Несепағардың қан таситын тамырлармен қарым қатынасы
  • Несепағар сағасынығ эктопиясы
  • Форма, ұзындығына байланысты:
  • Штопор тәрізді несепағар
  • Сақина тәрізді
  • Ұзындық аномалиялары
  • Кисталар
  • Құрылым аномалиялары:
  • Несепағар гипоплазиясы
  • Клапандар мен басы артық қатпарлар
  • Дивертикулдер
  • Нейро бұлшық ет дисплазиясы
  • Гидронефроз
  • Қуық несепағар сегментінің обструкциясы
  • Уретероцеле

Сандық аномалиялар

Несепағарлардың сандық аномалиялары басқа несеп жолдарының аномалияларымен салыстырғанда 1,5-4%-ке дейін жиі кездеседі. Несепағарда бұл аномалия болса созылмалы қабыну, нефролитиз, гидронефроз және т.б түрдегі асқынулар едәуір жиі кездеседі.

Жалғыз несепағар (бір жақты агенезия) әрқашан бір бүйректің болмауымен қабаттасады. Соның себебінен қуықтыңда жартысыда дұрыс жетілмейді. Жалғыз бүйректің функциясы онда ауру пайда болғанға дейін зардап шекпейді. Науқастардың көпшілігінде бұл аномалия көлденең аурулардан асқынбаса, өзінде жалғыз бүйрек екенін білмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет