Несепті зерттеу



Дата21.12.2023
өлшемі8,35 Mb.
#142371

Несепті зерттеу

Жалпы клиникалық зерттеулер


Жасаған:Тілегенова Аружан
603 топ

Зәрдің жалпы анализі

Зәрдің физикалық қасиеттері

Зәрдің мөлшері.

Дені сау адамдарда зәрдің тәуліктік мөлшері 0,8-2,0 л, орташа 1500 мл. Тәуліктік диурездің артуы ісіктер кайтканда, кантты және қантсыз диабет кездерінде байқалады. Тәуліктік диурездің төмендеуі — қатты терлегенде, іш қатты өткенде, кұсқанда байкалады. Тәуліктік зәрдің төмендеуі себебі көбінесе ісіктердің өсуімен байланысты және ол ісіктердің шығу тегіне тәуелді емес. Диурездің айтарлықтай төмендеуі — олигурия (тәулігіне 600 мл төмен); зәрдің тіптен болмауы немесе оның көлемі тәулігіне 50 мл төмен болса, ол анурия деп аталады. Анурияның себептеріне сәйкес олардың төмендегідей түрлері бар. Пререналды анурия —бүйректен тыс себептермен кан жоғалтудың ауыр түрлерінде, жүректік және қантамырлык жіті жеткіліксіздік (шок) үздіксіз кұсу, іш өтудің ауыр түрінде дамиды. Бүй- ректік (секрециялык) анурия — бүйректің өзінің патологиялык үдерістермен байланысты жіті нефрит, некронефроз, сәйкес келмейтін қан құю және бүйректің созылмалы аурулары кезінде дамиды. Обтурациялык (экскреторлы) анурия бүйректердің екі бірдей несепағары тастармен бітеліп калғанда немесе несепағарға жақын орналаскан жатыр, анабездің косалқылары, куыкасты безі, куык катерлі ісіктері, басқа мүшелердің метастазалары нәти- жесінде басылып калғанда байқалады.

Зәрдің түсі

Зәрдің тығыздығы

Дені сау адамдарда зәрдің тығыздығы тәулік бойына 1,008-1,025 г/л дейін, кейде одан да жоғары мөлшерде ауытқиды. Зәрдің тығыздығын арттыратын себептерге (1,030 г/л-ден жоғары) оның қүрамында калыпты жағдайда кездеспейтін әртүрлі заттардың пайда болуы жатады. Көбінесе зәрдің тығыздығының артуына глюкозаның пайда болуы (кантты диабет кезінде), айтарлыктай мөлшерде нәруыздардың (бүйрек аурулары), дәрілікзаттардың және олардың метаболиттерінің (мысалы, наукасқа манитолды не­месе декстрандарды венаішілік еккен кезде) зәрдің кұрамында пайда болуы себеп болады. Зәрдің тығыздығының үнемі томен болуы (1,015 г/л томен) — бүйректік кантсыз диабет кезінде дамиды немесе бүйректің кызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің белгісі болып табылады.

Зәрдің химиялық қасиеттері

Қалыпты жағдайда зәрдің рН-ы, әдетте әлсіз кышкылдык, дегенмен оның рН-ы 4,5-8,0 дейін ауыткып отырады. Зәрдің рН-нын төмен- деуі (рН ~5,0 жуық) метаболизмдік және тыныстык ацидозға, гиперкалиемияға тән, гипокалиемияға, сусыздануға, кантты диабетке тән. Несептін рН-ның жоғарылауы (рН >7,0) метаболизмдік және тыныстық алкалозға, гиперка- лиемияға тән, әрі сонымен катар, негізінен өсімдік өнімдерін пайдаланғанда байкалады.

Зәрдегі кетон денелері

Кетон денелеріне-ацетон,айетосірке қышқылы,оксимай қышқылы жатады.

Қалыпты жағдайда зәрде кетондык денелер болмай­ ды. Зәрде кетондық денелердің болуы көбінесе, 1-типті кантты диабеттің айкын декомпенсациясы. Айкын кетонурия гиперкетонемиялық диабеттік комада байқалады. Қантты диабеттен баска, кетонурия прекоматозалык күйде, ұзак уакыт ашыкканда, ауыр кызбаларда, алкоголдік интоксикация кезінде, гиперинсулинизм кезінде, гиперкатехолемияда, операциядан кейінгі кезеңде байқалады.

Зәрдегі нәруыз

Дені сау адамдарда зәрде нәруыз болмайды немесе оның концентрациясы 0,002 г/л томен болады. Нәруыздың зәрде пайда болуы про­теинурия деп аталады. Зәрдегі нәруыздың тест-жолак аркылы аныкталуы протеинурияның бар екендігін шамамен жартылай сандык аныктау болып табылады. Зәрде нәруыздың бар екендігін аныктағаннан кейін, оның накты кондентрациясын көрсету үшін лабораторияда өте дәл және күрделі аналитикалық әдістер қолданылып, нәруыздың сандық мөлшері көрсетіледі.Егер зәрде карапайым әдістер арқылы жүргізілген анализдерде нәруыздардың ізі ғана байкалатын болса немесе оның концентрациясы 0,033 г/л болса, анализді кайталау қажет, себебі зәрде нәруыздың ең аз мөлшері анықгалса да, ол бүйрек ауруының каупі бар екендігінің белгісі болып табылады. Күманданған жағдайларда зәрмен тәулігіне бөлінетін нәруызды анықтау қажет.Протеинурияның екі негізгі тобы бар: физиологиялык және патологиялык.

Зәрдегі глюкоза

Қалыпты жағдайда зәрде глюкоза болмайды,бірақ оның 0,8 ммоль/л артық емес концентрациясы қалыптыға жатады

Зәрдегі билирубин

Қалыпты жағдайда зәрде билирубин болмайды. Зәрдегі билирубинді анықтау талдамасын гемолиздік сары ауруды сары аурудың басқа түрлерінен (паренхиматозалық және механикалык) ажыратудың дифференциалды диагностикасы үшін экспресс-әдіс есебінде колданады. Билирубинурия негізінен бауыр паренхимасы зақымдалғанда (паренхиматозалы сары ауру) және өттің ағып шығуы бүзылғанда (обтурациялық сары ауру) бақылайды. Гемолиздік сары ауру кезінде билирубинурия байкалмайды, себебі тікелей емес билирубин бүйрек сүзгісінен өте алмайды.

Зәрдегі уробилиноген

Зәрдегі гемоглобин

Зәрдегі лейкоциттер

Зәрдегі эритроциттер

Зәрдегі цилиндрлер

Зәрдегі бактерия

Қалыпты жағдайда зәрде бактерия болмайды.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет