Мемлекет реттейтін факторлар. Жалпы алғанда, шетел инвесторларының шешімі мен көзқарасына мемлекет шешуші ықпал жасайды және көбінесе шетел инвестицияларының бағдарламасының сәттілігі мемлекетпен айқындалады. Мемлекеттің инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысында оң және теріс әсерлерінің санқырлы аспектілері бар. Келесіде, осы аспектілер қарастырылады:
1. Шетел инвесторлары мен инвестицияларына байланысты саясат.Инветсор шешім қабылдауды кезінде мемлекеттің шетел инвестицияларына деген іс-әрекетінің оң, теріс немесе бейтарап екендігін білгісі келеді. Шетел инвесторының мемлекет саясатын зерттеудегі позициялары мемлекеттің сөз жүзіндегі және іс жүзіндегі әрекеттерінің сәйкестігіне негізделеді. Әрине, шетел инвесторлары шетел инвестицияларын тарту саясатын жүргізетін мемлекеттерді таңдайды.
Көбінесе, бұл мақсатта мемлекет келесідей әрекеттер жасайды:
өзінің шетел ивнестицияларына ел ішінде қолдау көрсететін және де оларға деген қызығушылығын көрсететін көпшілік алдындағы сөз берулер;
шетел инвесторларын қызықтыратын іскер және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар жасау;
бұл шаралардың жүзеге асырылуын қатаң қадағалау.
2. Заңдық негізін құру.Бұл фактор шетел инвесторының өз инвестицияларын салу орнын таңдаудағы ең маңызды критерий болып табылады. Заңдық аспектілердің маңыздыларының бірі мүлікке деген меншік пен активтер қатынасы болып табылады. Бұл жағдайда инвстор ағымдағы заң жүйесіне ғана емес, сонымен қатар заң жүйесінің эволюциясына сараптама жасайды. Егре, ол мемлекет әрекетіндетайсалушылығын, тиянақсыздығын немесе тұрақсыздығын байқаса, бұл жайттар оның күмәндануына әкеп соғады. Заң жүйесінің басқа аспкетісі – бұл жұмыспен қамту мен еңбек жағдайлары. Кез-келген инвестор кейбір елдегі заң жүйесіне байланысты еңбек жағдайларының минималды жиынтығын құру керек екендігін біледі. Сонымен қатар, батыс елдерінің көпшілігі жұмыскерлер заңмен шамадан тыс қорғалады деп санайды.