ІІ кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады.
Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
ІІІ кезең. Несиелік және кепіл туралы келісім-шарт жасасу.
несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.