50-сурет.
Ш арпы рефлекстердің қалыптасу схемасы:
1
-ауыз куысыньщ рецепторлары,
2
-сопақша ми орталығы,
3- орталықтан тепкіш секрециялық нерв,
4- ми қыртысындағы ас қорыту орталығы,
5- есту орталыгы,
6
- есту рецепторы,
7-ми қыртысы орталықтары арасындағы
уақытша байланыс
арасында уақытша байланыс пайда болады, демек шартты рефлекс
қалыптасады (50-сурет).
Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғаш-
қысы
жалпылану (генерализация), екіншісі -
нақыштану, мамандану,
сатысы. Ш арггы және шартсыз тітіркеңдіргіштер қосарлана қайта-
ланса, алдымен байыптау реакциясы, И. П. Павловтың айтуынша
“бұл не?” реакциясы байқалады. Мұндай кезде малдың қимыл-өрекеті
тежеліп, ол басьш тітіркеңдіргіш көзі орналасқан жаққа бұрып, қүла-
ғын тікірейтеді, оның тынысы мен жүрегінің жүмысы өзгереді. Реф
лекс қалыптаса келе аталған реакциялар әлсіреп, жойылып кетеді.
Шартгы рефлекстің қалыптасуында осы байыптау реакцияларының
маңызы зор болады, олар ОЖЖ торшаларының белсенділігін жоға-
рылатуға мүмкіндік береді.
Алғашында рефлекс түрақты болмайды. Жауап-реакция тек шарггы
тітіркендіргішке ғана емес, оған үқсас тітіркендіргіштерге де туын-
дай береді. Бүл рефлекстің жалпылану сатысы. Осыдан соң шартты
рефлекс бекіп, жауап-реакция тек шартты сигналға ғана қайтары-
лады. Бұл рефлекстің нақыштануы.
Барлық шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым қуалайды,
үрпақтан-үрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа іуған төл енесін емеді, қауыз-
дан жаңа ш ы ққан балапан жем шоқиды т.с.с. Ал, шартгы рефлекстер
жүре пайда болады, түқым қуаламайды, үрпақтан-үрпаққа берілмейді.
Ш артсыз рефлекстер белгілі бір түрге төн рефлекстер. Шартты
рефлекс жеке дараққа төн, ол омір төжірбиесі болып табылады.
Шартсыз рефлекстер ОЖ Ж -нің төменгі бөлімдерінің қатысуымен
жүзеге асырылады, ал шартты рефлекс оның жоғары бөлімі - ми
қыртысының қатысуымен атқарылады. Ми қыртысын сылып таста-
са, шартты рефлекс жойылады.
Ш артсыз рефлекс белгілі бір рефлекс өрісінің тітіркенуімен бас-
талады, оның өзіндік доғасы — жолы, болады. Ал, шартгы рефлекстің
268
тұрақты рефлекстік өрісі, түрақты рефлекстік доғасы болмайды, ол
шартты тітіркендіргіш сипатына қарай өзгеріп отырады. Мысалы,
шартгы сілекей бөлу рефлексін қоңырау дауысына, шам жарығына,
механикалық өсерге т.с.с. қалыптастыруға болады.
Шартсыз рефлекс түрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді, ал шарт
ты рефлекс құбылмалы келеді, пайда болып, жойылып отырады.
Шартгы рефлекске сигналдық сипат төн, ол туындауға тиісті шарт
сыз рефлекстің алдын алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: