Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет91/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

189- 
сурақ.  Биологиялық  белсенді  заттар  деген  не,  олар  қалай 
жіктеледі?
Организмде белгілі бір өрекетгерді (функцияларды) ретгейтін өзіндік 
өсері бар органикалық қосылыстарды  биологиялық белсенді заттар 
дейді. Оларды торг топқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагор - 
мондар, телегрондар (2-схема).
179


2 — схема.  Физиологияпык, белсенді заттардың жіктелуі.
Іш кі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин,  тироксин,  гидро­
кортизон т.б.) гормондар деп атайды.  Олар қан арқылы бүкіл денеге 
тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда 
түзіліп, солардың өзіне ғана эсер ететін физиологиялық белсенді зат- 
тарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға 
жайылып,  олардың қызметіне эсер ететін физиологиялық белсенді 
заттарды үлпальіқ гормондар немесе гистогормондар деп атайды.
Парагормондар деп  ұлпаларда  зат  алмасу  өнімі  ретінде  бөлініп, 
физиологиялық белсенділік көрсететін затгарды (мысалы, көмір қыш- 
қы л  газы,  мочевина)  атайды.  Ішкі  секреция  бездерінен тыс,  басқа 
мүшелер мен ұлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен 
көптеген физиологиялық өрекеттерді реттеуге қатысатын химиялық 
қүрылымы жағынан өртекті физиологиялық белсенді затгарды (мы­
салы, гастрин, серотонин, гепарин, секретин, гистамин, ацетилхолин
180
т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қы сқа мерзім ішінде эсер етеді, 
үлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.
Бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп,  басқа 
дарақтарға эсер ететін физиологиялық белсенді затгарды (ферромон- 
дар, алломондар т.б.) телегрондар дейді.
190-сүрақ.  Гормондар дегеніміз не,  олар қалай ж іктеледі?
Гормон деген атауды  1902 жылы ағылшын ғалымдары В.Бейлис 
пен Э.Старлинг үйқы безі сөлінің бөлінуін ретгейтін секретин деген 
затқа байланысты енгізген.  Гормондар, немесе инкретгер, - ішкі сек­
реция бездерінде түзілетін биологиялық белсенді затгар. Олар қүры- 
лымдық материал да, қуат көзі де болмайды, олар ерекше биокатали- 
заторлар - реттегіш затгар.
Табигатына қарай гормондарды төрт топқа бөледі: стероидтық гор­
мондар, полипептидтік гормондар, амин қышқылдарының туынды- 
лары, белок тектес гормондар.  Стероидтық гормондар холестериннің 
туындьшарына  жатады.  Бұл  топты  бүйрек  үсті  безінің  қыртыс 
бөлігінің  гормондары  мен  жыныс  бездері  гормондары  құрайды. 
Полипептидтік гормондарга окситоцин, вазопрессин,  амин қышқыл- 
дары  туындыларына  -  тироксин,  бүйрек  үсті  бездерінің  боз  заты- 
ның гормондары  - катехоламиндер,  ал белок тектес гормондарга - 
гипофиздің алдыңғы жөне ортаңғы бөліктері мен аралшық без (ұйқы 
безі) гормондары жатады.
Организмге  ететін  өсерлерінің  сипатына,  физиологиялық мөніне 
к,арай гормоңдар метаболизмдік, морфогенездік және үйлесімдік гор­
мондар болып бөлінеді.
Метаболизмдік гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қар- 
қыньш ретгейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетгі ферменттердің 
түзілуін жандандыру, бәсеңцету немесе тоқтату нөтижесінде эсер етеді. 
Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмірсулардың 
алмасуын реттейді, өсу гормоны - белоктардың түзілуін жанданды- 
рып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын өзгертеді; тирок­
син  -  қуаттың  өндірілуін  күшейтіп,  белоктардың,  көмірсулардың, 
майлардың тотығуын жақсартады.
Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттары- 
на эсер ету арқылы торшалардың өсуін,  көбеюін, жікгелуін бағыт- 
тап,  реттеп  отырады.  Олар  организм  мүшелерінің,  бөліктерінің, 
белгілерінің дамуындағы реттілікті қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет