ASCII (American Standard Code for Information Interchange) – Америкалық стандарттық сандық код, компьютерлердің арасында алмасу кезінде қолданылады.
DWF (Drawing Web format) – AutoCAD-та сызылған суреттен жасалған тығыздалған файл форматы. DWF форматындағы файл AutoCAD суреттерін Internet желісінде көрсету үшін керек.
DWG – AutoCAD суреттерінің векторлық графикасын сақтайтын файлдар үшін стандарттық формат.
Абсолют координаталар (absolute coordinates) – Ағымдық қолданбалы координаталар жүйесіндегі нүктенің орны.
Ассоциативтік сызықшалау (штриховка) (associative hatching) – Тұйық ауданды, сыртқы контуры өзгергенде бірге өзгеретін сызықшалау.
Базалық сызық (baseline) – Мәтін символдары орналасатын ойша жүргізілген сызық. Символдардың кейбір төменгі элементтері базалық сызықтан төмен орналасуы мүмкін.
Базовая точка (base point) – базалық нүкте.
Базовый размер (baseline dimension) – базалық өлшем
Блок (block) – блок, AutoCAD командалары бір объект ретінде қабылдайтын бір немесе бірнеше объектілердің тобы.
Вектор (vector)– Бағыты мен ұзындығы бар, бірақ кеңістікте орны белгісіз математикалық объект.
Вес линии (lineweight) – сызықтың салмағы, TrueType қаріптері мен растрлық кескіндерден басқа барлық графикалық объектілердің жуандық мәні.
Вид (view) – Көрініс, кеңістікте берілген бір нүктеден екіөлшемді суреттің немесе үшөлшемді модельдің көрінісі.
Видовой экран (viewport) – Сурет моделі кеңістігінің бір бөлігі кескінделетін экранның шектеулі облысы.
Границы рисунка (drawing extents) – сурет шекарасы, суреттің (сызбаның) барлық объектілерін қамтитын шартты ең кіші тік төртбұрыш. Барлық объектілер кіретін көріністердің экрандағы ең үлкені болып табылады.
Единицы измерения (dimension units) – өлшем бірліктері.
Зумирование (zoom) – экрандағы графикалық кескінді, объектілердің нақты өлшемдерін өзгертпей үлкейту немесе кішірейту.