Панорамирование (pan) – панорамалау, суретті экранда үлкейтпей, кішіретпей орнын ауыстыру.
Пиктограмма (image button) – экран интерфейсінің графикалық элементі, командаларды шақыру үшін қолданылады.
Полилиния (polyline) – полисызық, AutoCAD-тың құрама объектісі болып табылады. Ұштарымен байланысқан тікбұрышты және доғалық сегменттердің жиыны, бүтін объект ретінде қабылданады.
Пользовательская система координат (user coordinate system) – қолданбалы координаттар жүйесі, X, Y и Z осьтерінің үш өлшемді кеңістікте орнын анықтайтын жүйе. ПСК саны сызуда шектелмейді.
Полярная привязка – салулардың дәлдігін қамтамасыз ететін құрал. Бастапқы нүктеден шығатын полярлық сәулелерді бойлай белгілі бір интервалмен орналасқан нүктелерге байлануға мүмкіндік береді.
Полярное отслеживание – салулардың дәлдігін қамтамасыз ететін құрал. Қолданушыға берілген бұрышпен өтетін уақытша сызықтарды көрсетеді.
ПОСЛОЮ (BYLAYER) – қабат бойынша. Объектінің арнайы қасиеті. Бұл қасиетке ие объектінің өзі орналасқан қабатқа тән түсі, сызықтың түрі және салмағы болады.
Размер шага (snap resolution) – адым өлшемі, адымдық байлау торы нүктелерінің арасындағы интервал.
Размерный стиль (dimension style) – өлшем стилі.
Размерный текст (dimension text) – өлшем мәтіні.
Растровый формат (bitmap) – растрлық формат, кескінді санмен өрнектеу, ондағы әрбір пикселге биттердің белгілі бір саны сәйкес болады.
Расчленение (explode) – бөліктеу, күрделі объектілерді (блоктарды, денелерді, полисызықтарды) қарапайым объектілерге бөлу.
Регенерация (regenerate) – монитор экранындағы кескінді жаңалату процесі. Ол автоматты түрде немесе РЕГЕН командасының көмегімен жасалады.
Режим (mode) – режим, бағдарламаның ағымдық жұмыс істеу күйі, жағдайы.
Ручки (grips) – тұтқалар, объектілірді редакциялау үшін таңдағанда пайда болатын түсті кішкентай квадраттар. Қодарды қолдану арқылы объектілерді жылжытып өзгертуге болады.
Сетка (grid) – тор. Экранның графикалық бөлігінде бірдей интервалдермен берілген нүктелерден тұратын қолданушыдың орнататын облысы. Баспаға тордың нүктелері шығарылмайды. Тордың көрінетіндігін басқаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |