Неврология модуль



бет74/83
Дата15.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#122945
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org 2

ЖЖІӘ зерттеу әдістері.

Жжіә –зерттеу әдістері негізіннен мінез-құлықтың және мидың қызметін зерттеу әдістерінен құралады.


1.Шартты рефлекстер әдісі – адам мінезін тексерудегі негізгі әдіс болып табылады. Жалпы Павлов өзінің эксперименттерін жүргізу барысында шартты рефлекстің қалыптасу теориясын ұсынған болатын:
  • Жалпы шартты рефлекс қалыптасу үшін шартты және шартсыз тітіркендірулердің әсері бір мезгілде ұштасуы керек. Сондай жағдайда ғана рефлекс қалыптасады.



  • Рефлекс сау адамда ғана қалыптасады, егерде адамның ОЖЖ ауру болатын болса рефлекс мүлдем қалыптаспайды. Сондықтан да адам денсаулығы рефлекс қалыптасуы үшін аса маңызды.


  • Басты ереженің бірі бұл - шартты рефлекс шартсыздан бұрын берулуі керек.


  • Шартты тітіркеніс кезінде бөтен тітіркендіргіштер әсер етпеу керек. Мысалы итке тәжірибе барысында оның қуығының зәрге толы болмауына мән беруіміз қажет немесе тәжірибеші адам мен зерттелушіні екі бөлек бөлмеге оқшаулап, сырттай бақылау жүргізу қажет.


  • Шартты тітіркендіру тек бағдарлау рефлексін шығаратын күйде әлсіз және талғаусыз болуы қажет.


2. Этологиялық әдіс – бастапқұы кезде жанарлардың бостандықта жүрген кездегі мінез құлықтарын видеоматериалдарға түсіру арқылы анықтаймыз. Кейін сол жануарларға шартты сигналдармен әсер етіп, ми қыртысында шартты бейнеленістердің пайда болуын бақылаймыз. Зердені тексеру үшін бұдан басқа ауыртатын тітіркендіргішті пайдаланғанда жануарда сақтаныс рефлексі қалыптасады.


3.Экстраполяциялық әдіс – жануардың туа біткен мінез-құлқын тексеретін әдіс болап табылады. Бұл әдіс барысында зерттеуге алынған жануардлардың сезім мүшелерінен жойылған иісі бар тағамды жыллжымалы таспа бойымен жібереміз, соңында жануар тағамның қай бағытке кеткенін анықтағанын көруімізге болады.
4.Амалдау әдісі- жануарлардың біркелкі фигуралардың көмегімен амалдау әдісі тексеріледі. Мысалы егер де тағамды шұңғыл және жайпақ ыдысқа құйып қоятын болсақ, жануар амалдап өзінің ыңғайына келетін ыдысты таңдайды. Бұл қабілет маймылдар мен дельфиндерде өте жақсы дамыған.
5.Морфологиялық әдістер – микроскопия және гистохимиялық тәсілдердің жиынтығынан тұрады.
6.Клиникалық әдіс – бұл жалпы медицина саласында кеңінен қолданылатын әдістің бірі болып саналады. Яғни пациенттің ауруының клиникалық және физиологиялық көріністеріне қарап жүйке іс әрекетіндегі ақаулықтарды анықтай аламыз.
7.Физиологиялық әдістер:
1.)Алып тастау әдісі- мысалы адамның ОЖЖ белгілі бір бөлігін ешқандай зақым келтірмей алып тастайды, соның нәтижеснде адамның іс әрекеті мен мінез құлқындағы өзгерістерге тұжырымдама жасайды.
2.)Тітіркендіру әдісі- мидың әртүрлі құрылымдарындағы белсенділікті анықтаудағы ең тиімді әдіс болып есептелінеді. Бұл зерттеу түрінде біз микроэлектродтарды қолданамыз.
3.)Электрофизиологиялық әдіс – адамның мінездік әсерленісі менен шартты рефлекстер қалыптасқанда ми нейрондарында пайда болатын электрлік құбылыстарды анықтауға негізделген болып табылады.
8. Биохимиялық әдіс – көбінесе мидағы уақытша байланыстартың нығаюы мен қалыптасуына қатысатын ферменттер мен макромолекулалық қосылыстарды ң концентрациясын анықтауға негізделген.
9.Ең соңғы әдіс – кибернетикалық әдіс болып табылады. Ол жалпы заңдылықтарға негізделген әдәс түрі. ЖЖІӘ тексеретін кибернетикалық әдістің түрі бұл – модельдеу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет