Неврология модуль


Алынған нәтижелерді талқылау



бет59/83
Дата15.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#122945
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org 2

Алынған нәтижелерді талқылау.
  1. Қайтарылған жауап сӛздердің латенттік мерзімдері ӛзара салыстырылып, зерттелуші адамның ой ӛрісінің жылдамдығы туралы қорытынды шығарылады. Латенттік мерзім 1-3 секундтан аспаса, ой ӛрісінің жүйке процестерінің жылдамдығы «жақсы» деп есептелінеді, ал 3 секундтан асса, керісінше ой ӛрісінің жылдамдығы баяу болғаны.


  2. Тәжірибиенің аяғына қарай қайтарылған жауап сӛздердің латенттік мерзімі ұзара бастаса, бұл ми қыртысы жасушаларының тез шаршайтынын кӛрсетеді.


  3. Зерттелуші адам кейбір сӛздерге жауап бермесе немесе оның жауап сӛздерінің латенттік мерзімі ӛте ұзақ болса, ондай сӛздер тежелу сӛздер деп аталады.


  4. Зерттелуші адам жауап сӛздерін қайталай алмаса, ой ӛрісінің (жүйке процестерінің) салғырт (инертті) болғаны.




Сұрақтар:
  1. Ассоциация – жеке оқиғалар, құбылыстар, фактілер, бір-бірімен нақты байланысы жоқ объектілер арасындағы логикалық байланыстардың пайда болу құбылысы. Ассоциациялардың физиологиялық негізі - жануарлардағы шартты рефлекстерді зерттеу кезінде И.П.Павлов ашқан уақытша жүйке байланысының пайда болу механизмі.


  2. Ассоциация түрлері: Ұқсастығы бойынша-екі құбылыстың да ұқсас белгілері бар болған жағдайда


Қарама –қарсы ассоциацияалар: екі құбылыстың қарама-қарсы белгілері бар


Кеңістікте орналасуына байланысты , уақытқа байланысты ұқсастық бар ассоциациялар Себептік ассоциациялар- екі құбылыстың да себеп салдары ретінде байланысы бар
  1. Латенттік кезең – тітіркендіргіштің әрекет ете бастаған уақыты мен оған жауап беру мезгілінің арасындағы уақыт.



2 тапсырма. «Стереотиптің құрылуы» зертханалық жұмысын орындау тәсілімен танысып сұрақтарға жауап беріңіз.


Жұмыстың орындалу тәртібі:
Ассоциативтік тәжірибеде қолданылған сӛздерден латенттік мерзімі қысқа 10 сӛз таңдап алынады. Оларды тӛмендегі кестенің сәйкес жолына жазып қояды.


Тітіркендіргіш сӛздер

Талап етілетін жауап


Жауапты бағалау (дұрыс +; қате -)


Ескерту

1

Орман

Ағаш

-



2

Спорт

денсаулық


-



3

Қыс

Қар

+



4

Телефон

Қоңырау

+



5

Жасыл

Шӛп

-



6

Ыстық

От

+



7

Дастархан

Тамақ

+



8

Ақ

Қара

-

латенттің уақыты шамалы


артты

9

Ара

Бал

+



10

Кӛбелек

Гүл

+




Берілген 10 сӛзден 3 сӛз бұрынғы жауаптарымен қалдырылады да, олардың жауаптары кестенің екінші бағанасына жазылады, қалған сӛздердің алтауына басқаша

жауаптар тауып, оларды да кестеге тіркейді. Бұл сӛздер мида қозу процесін тудыратын мәнді сӛздер деп аталады.


Жоғарыда аталған 10 сӛздің біреуіне зерттелуші адам жауап бермейді. Бұл сӛз – тежеуші тітіркендіргіш. Зерттеуші адам тәжірибенің барысын зерттелуші адамға алдын ала ұғындырады, айтылатын сӛздерді түгелдей оқып шығады да, кестеде жазылған сӛздермен бірге олардың жауаптарын жаттап алуды ұсынады. Содаң соң стереотип құра бастайды. Ол үшін тітіркендіргіш сӛздер бірнеше рет қайталап айтылады. Оларға дұрыс жауап берілсе, кесте бағанасына қосу белгісі (+), ал қате болса алу белгісі (-) қойылады да жауаптың дұрысын зерттелуші адамның есіне салады.Тәжірибе тұрақты стереотип пайда болғанша қайталана береді. Әдетте 3 рет қайталағаннан кейін әрбір тітіркендіргіш сӛзге дұрыс жауап беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет