М.Шакенова +7 775 343 95 61 Темпоралдық категорияның Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде көрініс табуы Мақалада Ахмет Байтұрсынов еңбегінде кездесетін темпоралдық категориясының жасалу жолдары, әсіресе, шақ категориясының түзілуі талқыланды. Ғалым темпоралдық категорияны зерттеу нысанына алып, ғылыми еңбектерінде бұл тақырыпқа арнайы тоқталмаса да, етістердің шақ категориясын, көсемшенің қолданысын ашып беруде уақыт ұғымы да толықтай қамтылғанын байқадық. Ғалым етістіктердің грамматикалық ерекшелігін ашуда олардың сөйлемде тек іс-әрекеттің өту процесін ғана емес, уақытты да білдіретінін атап көрсеткен. Сол арқылы ғалымның грамматикалық бірліктерді түсіндіріп анықтауда ұстанған қағидасына шолу жасалды. Мақалада Ахмет Байтұрсыновтың уақыт ұғымын қандай тақырыптар аясында ашқаны көрсетілген. Уақыт, яғни, темпоралдық категориясының негізінен танылатын тұсы етістік, оның ішінде шақ категориясы болса, екіншіден, үстеу сөз табы арқылы да істің өту процесінің мерзімі мен уақыты беріліп жатады. Ахмет Байтұрсынұлы уақытты білдіретін сөздер қатарына үстеу сөз табын жатқызып, мезгіл үстеу тақырыбында оның түрлеріне жекеше тоқталған. Осылайша, Ахмет Байтұрсынұлының зерттеулері бойынша үстеудің де сөйлемдегі атқаратын қызметі мен оның функционалды грамматикада алар орнын анықтадық. Функционалды грамматиканың жалпы көріністерін Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен салыстыра қаралып, ғалым зерттеуіндегі жаңалықтар бүгінгі күн аясында салыстырылып алынды. Түйін сөздер: темпоралдық категорисы, уақыт ұғымы, етістіктің шақ категориясы. Проявление темпоральной категории в трудах Ахмета Байтурсынулы В статье рассмотрены способы образования темпоральной категории, встречающиеся в трудах Ахмета Байтурсынова, в особенности, формирования категории времени. Несмотря на то, что ученый не брал в качестве объекта исследования темпоральную категорию и специально не акцентировал внимание на этой теме в своих научных трудах, мы заметили, что понятие времени полностью включено в раскрытие временной категории глаголов и деепричастий. Выявляя грамматические особенности глаголов, ученый указывал, что они обозначают не только процесс действия, но и время в предложении. Таким образом, был сделан обзор принципа, которым следовал ученый при объяснении и определении грамматических единиц. В статье показано в каких темах раскрыл понятие времени Ахмет Байтурсынулы. Время, то есть, наиболее узнаваемый аспект теспоральной категории, раскрывается через глагол, в том числе категория времени, а во-вторых, через наречий также дается срок и время процесса действия. Ахмет Байтурсынулы включил класс наречий в число слов, обозначающих время, и остановился на его видах отдельно по тематике наречий времени. Таким образом, согласно исследованиям Ахмета Байтурсынулы, мы определили функцию наречия в предложении и его место в функциональной грамматике.Были сопоставлены общие аспекты функциональной грамматики с работами Ахмета Байтурсынова, а также сопоставлены новизны исследований ученого в контексте сегодняшнего дня.