Неврология модуль


)Дәм талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. Дәм қабылдағыштарының орналасуы. Дәм тітіркендіргіштерін қабылдау



бет71/81
Дата26.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#59676
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
невро-физио

21)Дәм талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы. Дәм қабылдағыштарының орналасуы. Дәм тітіркендіргіштерін қабылдау.
Дәм сезу мүшесі - ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды.Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді. Дәм сезу талдағышы, бөлімдері Шеткі бөлімі:Дәм рецепторлары - дәм сезу баданалары олардың әрбіреуі - 2-6 қабылдағыш және тірек жасушалардан құрылады.
Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы 10-20 мкм,Көлденеңі - 3-4 мкм, жоғарғы саңылауға қараған ұшында өте жіңішке 0,10,2 мкм-дей түктері болады.Дәм баданалары орналасқан дәм емізікшелердің үш түрін ажыратады:
саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді. Дәм
рецепцияның зонасы: тілдің емізікшелерінде, жұмсақ таңдайда, тілше мен
жұтқыншақтың артқы жағында, көмекейде (бадамшаларда).Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері –тілдің ұшы,бүйірлері және түбі.Дәм қабылдағыштары төрт түрлі дәмді сезеді:тәтті, ащы, қышқыл, тұзды.Тілдің түбі – ащыны ұшы – тәттіні бүйірлері – қышқылды және тұзды.
22 Иіс сезу талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы.Иісті қабылдау.
Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс, сезім қабылдайтын жүйке элементтері бар.Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей қабықшадан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді. Иіс жүйкесінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп, мидың маңдайбөлігінің астыңғы жағындағы иіс орталығына жетіп аяқталады. Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін суықтыққа малынып тұрады; Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз аксондар шығады. Рецепторлық аксон талшықтары иіс жүйкесін құрады. Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы мидың иіс пиязшасына жетеді (2 нейрон) иіс трактысымен (traktus olfactorius) өтіп иіс сезу орталығына жетеді. Иіс сезу талдағышының орталық бөлімі – самай бөлімінің ішкі беті – гиппокамп. Шеткі бөлімі - иіс сезім жүйесінің рецепторлары мұрынның жоғарғы кеуілдерінде орналасады – иіс эпителийі.Иіс рецепторлары – биполярлық жасушалар:жоғарғы жағынан иіс буылтығымен кірпікшелері шығып тұрады;




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет