УДК 373.167.1 ББК 63.3(0)я72 Н85
Н85
Нұғыманова Н.
Дүниежүзi тарихы: Жұмыс дәптерi. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған оқу құралы. — Өңд., толықт. 3-бас. — Алматы: Мектеп, 2013. — 96 бет.
ISBN 978—601—293—896—8
4306020600—081
Н 404(05)—13
24(4)—13
УДК 373.167.1 ББК 63.3(0)я72
ISBN 978—601—293—896—8
© Нұғыманова Н., 2005
© “Мектеп” баспасы, көркем безендiрiлуi, 2013
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның мүлiктiк құқықтары “Мектеп” баспасына тиесiлi
АЛҒЫ СӨЗ
Қымбатты оқушылар, 9-сыныптың “Дүниежүзi тарихы” оқу- лығының жұмыс дәптерi сендердiң оқулықтан алған бiлiмдерiңдi бекiту мақсатымен ұсынылып отыр.
Тақырыптар бойынша тарихи мағлұматтарды қаншалықты меңгергендерiңдi жұмыс дәптерiнде ұсынылған сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру арқылы байқауларыңа болады. Сен- дер оқулықпен жұмыс iстеу барысында тың тарихи деректердi, ұғымдарды есте сақтауға тырысасыңдар. Ол үшiн өтiлген тақырыпты дидактикалық негiзде әр сабақ сайын пысықтап отыруларың қажет. Мiне, осы iсте сендерге бұл оқу құралы таптырмас көмек көрсетедi.
Жұмыс дәптерiнде берiлген тапсырмалар оқулық материалда- рымен сәйкестендiрiлiп берiлдi. Оқулықтағы тарихи оқиғалар, ел басшылары, саясат және қоғам қайраткерлерiнiң қызметi мен өмiрi жұмыс дәптерiндегi тапсырмаларда қамтылған. Ол сендердiң өз көзқарастарыңды нақтылауға, ойларыңды ашық айтып, оны тұжырымдауға үйретедi және тұлға ретiнде қалыптасуларыңа кө- мектеседi.
Оқу құралында жинақталған проблемалық сұрақтар, салыс- тыру кестелерi, сұлбалар, сұрақтарға түсiнiк беру, мәлiметтердi сәйкестендiру, берiлген даталарға байланысты болған оқиғаларды жазу, құжат үзiндiлерiне талдау жасау сияқты тапсырма түрлерi сендердiң қызығушылықтарыңды арттырып, танымдарыңды ке- ңейтедi деген сенiмдемiз. Iске сәт!
Достарыңызбен бөлісу: |