04.03.23ж.
Құралдармен орындалатын жаттығулар балалардың қимыл-қозғалысқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың орындалу сапасын да жақсартады. Әрі бұл – қозғалыс белсенділігін жан-жақты етудің таптырмас құралы. Бұл жаттығулар балалардың денешынықтыру сабағына қызығушылығын арттырып, қозғалыстарды тез меңгеруіне, сенсориканың, қозғалыс қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. Жаттығу барысында әртүрлі заттармен жасалатын қимылдар түс, пішін, салмақ, материалдың сапасы сынды заттың өзге де қасиеттерін тануға мүмкіндік береді.
Секіргішпен ЖДЖ құру, орындау. Аяқты ауыстыра тұра секіру. Аяқты ауыстыра тұрып, әр секіріс сайын аяқты алдыға қарай созып секіру. Жартылай отыра секіру. Аяқты айқастыра секіру. Бір секіргенде аяқты айқастырып қоясыз, екінші секірісте орнына алып келесіз. Қосымша секіріс. Секіртпені бір айналдырғанда екі рет секіріп үлгеріңіз.Әбден жаттыққандарға мынандай қосымша секіріс түрлерін қосса болады. Секіртпені алдыға, артқа қарай айналдыра секіру. Алдыға жүгіріп, секіртпеден секіру. Бір аяқпен секіру. Бір секірісте секіртпені екі рет айналдырып үлгеру. Скиппинг жалпы дене шымыр, сау болуы үшін керемет жаттығулар. Ол жүректі жаттықтырып, ағзаның жалпы саулығын қамтамасыз етеді. Айта кетсек, секіртпемен секіру үшін арнайы фитнес орталыққа, спротзалға, тіпті далаға шығудың қажеті жоқ: бұл жаттығуларды үйде де жасасаңыз болады. Бар керегі - секіртпе сатып алу. Скиппинг денсаулығыңызға пайдалы әрі көңіліңізді де көтереді.
Нығыздалған доп және фитболмен ЖДЖ құру, орындау.
Негізгі тұрыста допты алда төмен ұстап тұрып: алға қарай доға жасау; допты жоғары көтеру; бір аяқты жанға қарай жіберіп, допты ұшына қою; белді қайқайтып,жоғарыдан ұстап допқа қарау ; допты жоғарыда ұстап, бір жағына қисаю. Аяқты алшақ соза допты жоғары көтеріп отырып: алға қарай еңкейіп, қайтадан жазылу.
Допты артына ұстап тұрған қалыптан еңкейе беріп алға әрі жоғары қарай еңкейіп, қайтадан жазылу.
Бір аяқ түзу, екінші аяқты алға қарай тізеден бүгіп тұрып: допты оң қолмен аяқтың астынан сол қолға және сол қолмен арт жағынан оң қолға беру. Жерге отырып: бүгілген аяқты сәл жоғары көтере әрі тепе – теңдікті сақтай отырып допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу.
Аяқты алшақ қойып тұрып: допты оң қолмен арт жақтан алдыға қарай сол иықтан аса ұшатындай етіп лақтырып, алдан екі қолмен қағып алу.
Допты еденге қойып, бір аяқпен секіре жүріп допты белгілі бір қашықтыққа теуіп домалату.
Екі бала бір – біріне қарап, допты екеуі де сол не оң иығына қойып тұрып: бір – біріне сілтей лақтырып, қағып алу.
Екі бала бір – біріне қарама – қарсы 6- 8 м қашықтықта отырып: допты кеудеден және төменнен бір – біріне лақтырып, қағып алу.
Екі бала допты бір – біріне бір мезгілде лақтырып, қағып алу. Доптар соқтығысып қалмау үшін, біреуі допты жоғарыдан, екіншісі төменнен лақтырады
Гимнастикалық таяқшамен ЖДЖ құру, орындау.
1.Таяқты кеуде тұсына ұстап тұру.
2. Екі аяқта бастапқы қалыпта таяқ жауырынға ұстап тұру.
3.Аяқ бастапқы қалыпта таяқты жоғары көтеріп оңға солға бұрылулар.
4. Таяқ белде оңға солға иілу.
5.Қол белде өкшемен тұрамыз аяқ үстіне таяқты қойып тұру.
6.Таяқты жауырынға қойып отыру.
7.Аяқ бастапқы қалыпта таяқты алға ұстап тұру.
8.Иіліп таяқты төменге қою.
9.Таяқтан оңға солға аттап өту.
Бұлшық етпен сезіну дене мүшелерінің қалпы, жиырылуы туралы хабар береді, жекелеген бұлшық еттердің жұмысында күрделі келісім үдерісі жүреді, қозғалысты берілген үлгімен үйлестіру үдерісі басталады. Таяқша, құрсау сынды тағы да басқа құралдарды пайдалану арқылы қарсылық айқын сезіліп, денеге түсетін салмақ айқындала түседі. Кейбір заттар бұлшық еттің сезіну қабілетін саралауға көмектеседі (резеңке, доптар т.б.).
Сондықтан құралдардың көмегімен орындалатын жаттығулар дененің қозғалыс қабілеті мен сапасын дамытуға мүмкіндік береді. Құралдармен жасалатын жаттығулардың бәрі белгілі бір деңгейде қолдағы саусақтарды дамытуға көмектеседі. Бұл анализаторлар жүйесінің қызметін күшейтіп, сөйлеу қабілетін дамытады. Балалардың интеллектуалдық тұрғыдан дамып жетілуіне ықпал етеді. Саусақтардың үйлесімділігін дамыту – баланы балабақша мен мектепте оқуға дайындау үдерісінің маңызды бөлігі. Заттардың көмегімен жасалатын жаттығулар тәрбиелік міндеттердің де шешімін тауып береді: балалар құралдарға мұқият болуға, оларды күтіп ұстауға, оларды алып, орнына қайтадан қоюға, сол затпен ойнағысы келген балаға жол беруге, педагогтің балаларды ұйымдастыруына көмектесуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |