Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет12/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101
Байланысты:
отбасы

Зерттеу кезеңдері 
Бірінші  кезең  (2015-2016жж.)  –  зерттеу  мәселесі  бойынша  материалдар 
жиналып,  жүйеге  келтірілді,  ғылыми  аппарат  айқындалды,  педагогикалық 
жоғары  оқу  орындарының  озық  тәжірибелері  жинақталып,  талқыланып 
қорытындыланды,  эксперимент  жұмысының  бағдарламасы  дайындалды, 
отбасы,  құндылық,  адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру  мәселелеріне 
арналған ғылыми еңбектер мен әдебиеттер зерделенді.  
Екінші  кезең  (2016-2017жж.)  –  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру  мәселелері 
бойынша  отандық  және  шетелдік  ғалымдардың  психология-педагогикалық 
идеялары  сараланды.  Эмпирикалық  материалдар  жинақталып,  ғылыми 
дәйектер 
қорытындыланды, 
студенттердің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
теориялық-әдіснамалық 
негіздері 
айқындалды, зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелері тексеруден өткізілді.  
Үшінші  кезеңде  (2017-2018жж.)  –  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру  бойынша 
элективті  курс  бағдарламасы,  тренингтер  топтамасы  дайындалып  тәжірибеге 
ендірілді, диссертациялық зерттеудің рәсімделуі аяқталды. 


 
 
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы  және  теориялық  маңыздылығы 
төмендегілер болып табылады:  
1.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  теориялық-әдіснамалық 
негіздері анықталды. 
2.  «Отбасы-адамгершілік  құндылықтары»  ұғымының  мәні  нақтыланып, 
құрылымы айқындалды;  
3.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық -функционалдық 
моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері айқындалды. 
4.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
әдістемесі 
жасалды, 
әдістеменің  тиімділігі  тексерілді  және  ғылыми-әдістемелік  ұсыныстар 
дайындалды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет