Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет49/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101
Байланысты:
отбасы

Орта деңгей 
 -  адамгершілік  қағидалардың  қалыптасуына  жағымсыз  әсер  ететін 
тұлғалық-лайықты  мотивтерді  меңгерген.  Отбасының  әрбір  адам  мен  қоғам 
өміріндегі маңызын жете түсіну көрсеткіші жеткілікті дамымаған, отбасылық 
құндылықтар  жайлы  түсініктері  үстірт.  Отбасының    ұлттық  және  мәдени 
дәстүрін сақтаудың және нығайтудың қажеттілігін жете түсінеді, бірақ өзінің 
білімін өмірінде қолдана алмайды;  
-  отбасылық  өмірге  қажетті  кейбір  білік    және  дағдылары  бар,  бірақ 
отбасылық  өмірдің  адамгершілік-психологиялық  негіздері  жайлы  білімі 
жеткілікті  толық,  жете  ұғынылған  және  тұлғалық  маңызды  емес.  Еліміздегі 
қазіргі  отбасылық  жағдай  және  демографиялық  саясат    туралы  хабардар, 
маңызын түсінеді, бірақ некеге тұруға дайын емес. Бала туу және тәрбиелеу 
мәселелері жөніндегі білімі мен біліктілігі бірін-саран қалыптасқан; 
-  экономикалық  және  шаруашылық  біліктіліктер  мен  дағдылары 
шамалы  қалыптасқан,  ерекше  ынта-ықылассыз  үйдегі  еңбек  міндеттерін 
орындауда  көрініс  табады.  Жеке  жағдаяттарда  отбасы  ішілік  қатынастарды 
реттеуге  қабілеттілігін  көрсетеді;  отбасындағы  кикілжіңде  мінез-құлық 
(жүріс-тұрыс)  стратегиясы  мен  тактикасын  жеткіліксіз  меңгерген. 
Жастардың  бос  уақытты  өткізу  жайлы  түсініктерінің  әртүрлілігі  бос 
уақыттық 
іс-шараларды 
ұйымдастыру 
қажеттілігін 
жеткілікті 
қанағаттандырмайды. 
ПЖОО 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының 
қалыптасуының орта  деңгейі  неке  және  отбасы  жайлы  жалпы  түсініктердің 
бар  екендігін  сипаттайды.  Бұл  саладағы  білімі  мен  біліктілігі  толық  емес, 
студенттер  дербес  емес,  барлық  уақытта  шешім  қабылдамайды,  отбасылық 
құндылықтарды шамалы түсінуі отбасын құру үшін жеткіліксіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет