Нишанбаева сабира зетбековна


 Педагогикалық жоғары  оқу орындары студенттерінің  отбасы  -



Pdf көрінісі
бет51/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101
Байланысты:
отбасы

2.2 Педагогикалық жоғары  оқу орындары студенттерінің  отбасы  - 
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру диагностикасы 
 
Білім  беру  жүйесіндегі  педагогикалық  іс-әрекеттің  тиімділігі  оны 
диагностикалаудың 
негізінде 
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың 
нәтижесін  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Педагогикалық  диагностиканың 
мәнін 
оның 
атқаратын 
функциялары 
арқылы 
талдауға 
болады. 
Педагогикалық 
үдерістің 
барлық 
құраушылары 
педагогикалық 
диагностиканың нысаны болып табылады.  
Ғылыми  педагогикалық  зерттеудің  қандай  да  бір  әдіс  не  тәсілінің 
педагогикалық  тиімділігін  анықтау  үшін  арнайы  ұйымдастырылған  тексеру 
түрі  –  эксперимент  жүргізіледі.  Ғылыми  зерттеудің  теориялық  және 
эмпирикалық  деңгейлері  арасын  эксперимент  байланыстырады.  Демек  оның 
мақсаты  тұлғаны  оқыту  мен  тәрбиелеу,  дамыту  тәжірибесін  жаңарту  болып 
табылады.  Сонымен  бірге  тәжірибелік  эксперимент  табиғи,  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  күнделікті,  сондай-ақ  лабораториялық  жағдайларда  жүзеге 
асырылады.  Педагогикалық  эксперименттің  анықтаушы  түрі  зерттеу 
нысанының  бастапқы  күйін  белгілесе,  қалыптастырушы  түрі  зерттеу 
нысанын қайта құруға бағытталады.  
Осы  орайда,  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс  барысында  мынадай 
негізгі міндеттер орындалу қажеттілігі айқындалды:  
1)педагогикалық экспериментті жүргізу және ұйымдастыру алгоритмін 
құру;  


 
 
2)педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  құрылымдық  -  мазмұндық 
моделін  және  оның  компоненттері,  өлшемдері,  деңгейлік  көрсеткіштері 
жүйесін негіздеу;  
3)бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздандыру; 
4)эксперимент  барысында  алынған  нәтижелерге  талдау  жасау  және 
өңдеу.  
Эксперимент  үш  кезеңнен  тұрады:  анықтау,  қалыптастыру,  бақылау. 
Зерттеу  барысында  осы  үш  эксперимент  кезеңдерін  талқылай  отырып, 
сипаттама беріледі.  
Педагогикалық жоғары оқу орнында білім алу үрдісінде студенттерінің 
отбасы-адамгершілік  құндылықтарының  мәні  мен  мазмұнын,  ғылыми 
тұғырларын теориялық талдау, қалыптасу моделін дайындау, педагогикалық 
және  психологиялық  диагностикалау  әдістерін  пайдалану  оны  тиімді 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  
Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарын 
айқындау 
мақсатында 
тәжірибелік-
эксперимент  базасы  ретінде  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті және Алматы университеті алынды. Экспериментке 5В010300 - 
«Педагогика  және  психология»  мамандықтары  бойынша  3-4  курс 
студенттерін  қоса  алғанда  білім  алушы  120  студент  қатыстырылды,  оның 
ішінде  бақылау  тобында  55  студенті  (Алматы  университетінен)  және 
эксперимент  тобында  65  студент  Абай  атындағы  ҚазҰПУ)  болды.  Себебі 
тәжірибелік-эксперимент  және  бақылау  эксперименті  жұмыстарының 
нәтижесі экспериментке қатысатын студенттердің санына тәуелді. 
Эксперимент  үш  кезеңнен  тұрады:  анықтау,  қалыптастыру,  бақылау. 
Зерттеу  барысында  осы  үш  эксперимент  кезеңдерін  талқылай  отырып, 
сипаттама беріледі.  
Анықтау экспериментінің мақсаты бастапқы диагностика мәліметтеріне 
сүйене отырып, педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы 

адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  құрылымдық 
-
функционалдық  моделінің  компоненттері  (мотивациялық-мақсаттылық, 
рефлексивтік-іс-әрекеттік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет