Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет94/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Педагогика  ғылымының  теориясы  мен  практикасында  студент 
жастардың  отбасылық  құндылықтарын  қалыптастыру  мәселесін  теориялық 
тұрғыдан  салыстырмалы  талдау  қазақстандық  білімді  модернизациялаудың 
қазіргі  заманғы  жағдайында  студенттерді  отбасылық  өмірге  және  некеге 
дайындау білім беру үдерісінде көрініс табуы қажет деп тұжырымдауымызға 
негіз болды.  
Сонымен жүргізілген зерттеу нәтижелері мынадай қорытынды жасауға 
мүмкіндік береді: 
1. Отбасы - адамгершілік құндылықтары ұғымының генезисі түсіндіру 
және  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы  – 
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  теориялық  –  әдіснамалық 
негіздерін  қарастыру  «отбасы»,  «құндылық»,  «рухани  -  адамгершілік 
құндылық»,  «отбасылық  құндылық»  ұғымдарының  мән-мағынасын  жан-
жақты  талдау  және  осыдан  туындаған  «отбасы  -  адамгершілік 
құндылықтар»  ұғымын  құрылымдау,  мәнін  зерттеу  оларға  берілген 
анықтамалар  мен  тұжырымдарды  жүйеге  келтіріп,  жан-жақты  сипаттама 
беруге,  олардың  бір-бірімен  өзара  байланысын  көрсетуге  және  аталған 
түсініктерді нақтылауға мүмкіндік туғызды.  
2.  Ғалымдар  еңбектеріне  жасалған  талдау  отбасылық  құндылықтарды 
адамдар  қауымдастығының  «некелік  –  ата-аналық  –  туыстық»  байланысқан, 
бірегей  бірлескен  іс-әрекетінің  негізіне  жататын  объектілер  және  олардың 
мәнінің  жағымды  және  жағымсыз  көрсеткіштері,  бұл  объектілердің 
адамзаттың  өмір-тіршілік  саласына,  қызығушылығына,  сұраныстарына, 
әлеуметтік  қарым-қатынастарына  тиістілігі  деп  тұжырымдауға  мүмкіндік 
берді.  Сондықтан  отбасы-адамгершілік  құндылықтардың  ерлі-зайыптылық, 
ата-аналық  және  туысқандық  байланысқа  қарай  жіктелуі  студенттердің 
некеге тұру, ата-ана болу, туыстық қарым-қатынасты үзбеу жауапкершілігін 
сезінуге ықпалын тигізеді. 
3.  Бүгінгі  таңдағы  қалыптасқан  тәжірибе,  отбасының  құрылымын, 
мазмұнын  сипаттайтын  тұжырымдамалар,  аксиологиялық,  әлеуметтік-
гуманистік,  жүйелілік  -  құрылымдық,  іс-әрекеттік,  мәдениеттанымдық 
тұғырлары  қазіргі  заманғы  әлеуметтік-мәдени  өзгерістер  жағдайында 
студенттердің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың 
функционалдық-құрылымдық моделін жасауға мүмкіндік берді.  
4.  Зерттеу  барысында  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың 
құрылымдық  -  функционалдық  моделі  дайындалды.  Бұл  модель  бір-бірімен 
өзара байланысты теориялық-әдіснамалық, ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік, 
критерийлік-бағалау  блоктардан  тұрады.  Теориялық-әдіснамалық  блокта 
модельді  жасаудың  мақсаты;  ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік  блокта 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын  қалыптастыру  үрдісіне  тікелей  ықпал  ететін  әлеуметтік 
ортаның  элементтері,  педагогикалық  шарттары;  критерийлік-бағалау 


 
 
блогында 
отбасылық 
құндылықтың 
қалыптасуының 
өлшемдері, 
көрсеткіштері  мен  деңгейлері  қарастырылады.  Бұл  ПЖОО  студенттерінің 
отбасы-адамгершілік  құндылықтары  қалыптасуының  дүниетанымдық,  іс-
әрекеттік,  тәрбиелік-білімдік  өлшемдерін  негіздеуге,  сонымен  бірге  осы 
өлшемдерді сипаттайтын көрсеткіштерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.  
5.  Зерттеу  барысында  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың 
педагогикалық  шарттары  анықталып,  үш  топқа  бөліп  көрсетілді.  Бірінші 
топқа  отбасын  тұтас  қоғам  және  жеке  тұлға  үшін  маңызды  адамзаттық 
құндылық  ретінде  саналы  түсінуіне  мүмкіндік  беретін  дүниетанымын 
қалыптастыруға 
бағытталған 
шарттар 
жатқызылады. 
Екінші 
топ 
педагогикалық  шарттары  студент  жастардың  өзінің  денсаулығына,  алғашқы 
сезімдеріне,  болашақ  отбасын  құруына  жауапкершілік  қатынасын  жүйелі 
қалыптастыру  мақсатында  тәрбиелік-білімділік  құраушыларды  сипаттайды. 
Үшінші топ мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдардың біріншілік буын 
субъектілеріне  тікелей  әсеріне,  жан-жақты  көмек  көрсетуіне  бағытталған 
бірлігін  күшейту;  әлеуметтік  институттар  тарапынан  ұйымдастырылатын 
әртүрлі  формадағы  іс-әрекеттер  арқылы  студент  жастарды  қоғамдық-
пайдалы  жұмыстарға  тарту,  қабілеттерін  ашу  бағытындағы  іс-әрекеттерді 
құрайды. 
5.  Зерттеу  барысында  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың 
әдістемелік  кешені  дайындалды.  Аталмыш  кешен:  «Қазіргі  заманғы 
отбасының  құндылықтары»  элективті  курс  бағдарламасы  мен  «Отбасылық 
өмірге 
дайындаудағы 
психологиялық 
тренингтер 
топтамасы», 
«Студенттердің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыру 
негіздері»  оқу-әдістемелік  құралынан  тұрады.  Дайындалған  әдістеме 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын  қалыптастырудa  және  жалпы  болашақ  маманды  даярлауда 
қолданылатын  білім  берудің  формaлaры  мен  әдістерін  жетілдіруге, 
студенттердің  сaбaқтaғы  және  сaбaқтaн  тыс  іс-әрекетіне  белсенді 
қaтыстыруғa  және  бұл  іс-шараларды  ұйымдaстыруғa  мүмкіндік  береді. 
Сонымен  бірге  оқытушылaрды  студентермен  жұмыс  жaсaудa  қaжет 
бiлiмдермен  жaбдықтaу,  студенттер  ұжымындa  қолaйлы  психологиялық 
климaтты  және  өзaрa  қарым-қaтынaстарын  орнaту  қaжеттiлiгiн  ұғынуда 
маңызды болып табылады.  
6.  Тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстарды  жүргізу  барысында 
ұсынылған  моделдің  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы маңызы дәлелденді. 
Алынған  зерттеу  нәтижелерінің  тиімділігі  білім  беру  үдерісінің  тиімді 
формаларын  ұйымдастырумен,  жеке  және  топтық  жұмыстардың  оңтайлы 
үйлесімділігімен,  студенттердің  жасампаздық  белсенділігімен,  субъект-
субъектілі  өзара  әрекеттесу  негізінде  қамтамасыз  етілді.  Тәжірибелік-
эксперименттік  жұмыстардан  кейін  эксперименттік  топтағы  студенттердің 


 
 
отбасы-адамгершілік  құндылықтарының  қалыптасу  деңгейлерінде  позитивті 
динамикалық өзгерістер айқындалды.  
7.  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыру 
әдістемесі 
бойынша 
тәжірибелік-педагогикалық  эксперимент  жүргізілді  және  іс  жүзіндегі 
тиімділігі дәлелденіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстары дайындалды.  
Жүргізілген 
зерттеудің 
қорытындылары 
бойынша 
төмендегідей 
ұсыныстар жасалады: 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  диагностикалаудың  әдістемелік  құралдарын 
осы мәселені ары қарай зерттеуде қолданылса;  

зерттеуімізде 
дайындалған 
«Қазіргі 
заманғы 
отбасының 
құндылықтары»  элективті  курс  жоғары  оқу  орындарының  оқу  жоспарына 
ендірілсе;. 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруға  әсер  ететін  педагогикалық 
шарттары жоғары оқу орындарының педагогикалық іс-әрекетінде ескерілсе; 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруда  авторлық  мектептер  мен 
авторлық жобалар, порталдар дайындалып, іс жүзінде жүзеге асырылса. 
Біздің  зерттеу  жұмысымызда  «отбасының  құндылығы»  көп  мағыналы 
ұғым ретінде қарастырылады, оған белгілі мәдениет немесе қоғам аясындағы 
адамның  салыстырмалы  мінез-құлық  моделінің  жалпы  қағидасы  енеді, 
әлеуметтену үрдісі арқылы индивидтің сенімінде отбасы оның өмірінің мәні, 
маңызы  және  эталоны  ретінде  қалыптасады.  Сондықтан  белгіленген 
аспектілер  мен  алынған  нәтижелер  студент  жастардың  отбасылық 
құндылықтарын қалыптастыру үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 
Ғылыми  зерттеу  жұмысымыздың  мақсаты  мен  болжамына  сәйкес 
белгіленген міндеттер орындалып, ғылыми нәтижеге қол жеткіздік.  
Дегенмен,  зерттеліп  отырған  тақырып  өзекті  де  күрделі  болғандықтан 
оны толығымен, түбегейлі шештік деп айта алмаймыз. Болашақта көпжақты 
құбылыс  әрі  пәнаралық  күрделі  мәселе  ретінде  отбасылық  құндылықтар 
басқа қырынан да зерттелуі тиіс деп есептейміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет