Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет20/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
Байланысты:
отбасы

Дәстүрлі кезең 
Б.э.д. V ғ. бастап -  XIX ғ. ортасына дейін 
Конфуций,  Сократ,  Платон,  Аристотель,  Әл-Фараби, 
Ж.Баласағұн,  Қ.А.Иассауи,  Шоқан,  Абай,  И.Кант,  Г.  Гегель, 
Ф.Ницше,  О.Конт,  Г.Спенсер,  Л.Г.Морган,  Э.Гартман, 
П.Лапи, У.Гуд М.М.Ковалевский, т.б. 
 
Сурет 1- Отбасылық құндылықтар генезисі 


 
 
Суретте  көрсетілген  кезеңдерге  оны  зерттеген  ғалымдар  еңбектеріне 
сүйене отырып, салыстырмалы сипаттама беру отбасы институты мәселесінің 
тарихи  типтерінің  сан  алуан  түрлі  факторлардың  әсерімен  қалыптасқанын 
ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір кезеңнің ішінде отбасын 
зерттеудің  әртүрлі  тұжырымдамалық  тұғырлары  сараланып,  талдау 
жасалады.  
1.  Отбасы  тұжырымдамасы  дамуының  дәстүрлі  деп  аталатын  бірінші 
кезеңі  б.э.д.  V  ғасырдан  XIX  ғасырдың  ортасына  дейінгі  уақытты  қамтиды. 
Бұл  кезеңде  отбасының  әлеуметтік-философиялық  тұжырымдасында  отбасы 
концептуалды  тұрғыдан  (тәсіл)  зерттелінеді.  Сондықтан  осы  кезеңге  тән 
сипаттаманың  бірі  -  патриархалды  отбасы  қоғамының  бастапқы  «клеткасы» 
ретінде  отбасында  адамның  өз  ұрпақтарын  жалғастыруы  қарастырылады. 
Антикалық  дәуірден  Жаңа  кезеңге  дейін  отбасы  тұжырымдамасы 
метафизикалық тұғырға сүйене отырып талқылынады.  
Отбасы  педагогикасы  философия  ғылымымен  тыңыз  байланысты. 
Философия  табиғат  пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын  зерттейді, 
өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі.  
Ежелгі  философ  Платон  (б.э.д.  428-347жж.)  отбасы,  құндылық 
мәселесін 
алғаш 
қарастырып, 
патриархалды 
теорияның 
негізін 
қалаушылардың  бірі  болды.  Ол  «отбасылық  қатынастар  табиғи  үрдіс  емес 
жасанды,  дәстүр  адамдарды  отбасын  құруға  мәжбүр  етеді,  болмаса  адам 
некеге  тұрмай-ақ  қойса  да  болады»  -  деп  есептейді.  Философтың  пікірінен 
біз,  өмір  салтының,  соның  ішінде  құндылықтарды  қайта  қараудың  қажет 
екенідігін түсінеміз [71]. 
Аристотель  (б.э.д.  384-322жж.)  өз  еңбектерінде:  «әйел  адамның 
табиғаты аса эмоционалды, ал ер адамның табиғаты рационалды дей отырып, 
олардың  табиғатын  бөліп  қарастырады.  Сондықтан  қоғамда  ғана  емес, 
отбасында  да  еркек  пен  әйелдің  рөлі  гендерлік  белгілері  бойынша 
ажыратылуы  тиіс.  Отбасы  адамдардың  ұрпақтарын  жалғастыруына 
талпындыратын,  одақ  құруының  мемлекеттік  әрі  табиғи  қажеттілігі»  -  деп 
тұжырымдайды.  Бізге  белгілісі,  Аристотель  отбасы  адам  табиғатына  жауап 
беретін 
және 
мемлекеттің 
алғашқы 
құрылымы 
деген 
идеяны 
дамытқандығында болып отыр[71, 64б.].  
Гегель «Философиялық пропедевтика» деген еңбегінде отбасын табиғи 
қоғам  ретінде  мүшелері  сүйіспеншілікпен,  сеніммен  және  табиғи 
бағынушылықпен  байланысқан  деп  көрсетеді.  Ойшыл  отбасын  табиғи 
тұтастық,  ал  некені  діни  акт  ретінде  ұсына  отырып,  отбасының  рухани, 
әлеуметтік  негізіне,  оның  даму  және  қызмет  ету  үрдісіне  ерекше  мән  беріп, 
адамгершілікті  нақты  түрде  көрсететін  қоғамдық  және  жекелік  қажеттілік 
ретінде анықтайды [72]. 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  отбасының  теориялық  мәселелері 
антропологтар  мен  социологтар  назарында  болды.  Соның  ішінде, 
Л.Г.Морган,  М.М.Ковалевский,  т.б.  эволюциялық  теорияларында  отбасын 
тарихи категория ретінде сипаттаса; К.Маркс пен Ф.Энгельстің формациялық 


 
 
теориясында  отбасы  қоғамдық  иснтитут,  қоғамдық  құбылыс  ретінде 
қарастырылады.  
Л.Морган  «Ежелгі  қоғам»  (1877)  еңбегінде  отбасының  қоғам  мен 
мемлекеттің  дамуымен  бірге  өзгеретін  тарихи  құбылыс  екенін  айқындап, 
отбасылық  қауымдастық  мүшелері  арасындағы  өзара  қарым-қатынас, 
отбасылық  қатынастардың  дамуы  мен  қалыптасу  тарихы  бойынша  деректі 
материалдар жинақтап қорытындылаған [73]. 
У.Гуд  «Отбасы  үлгілері  мен  әлемдегі  индустриалды  төңкеріс»  деген 
кітабында  классикалық  дәстүрлі  отбасын  нақты  бейнелейді:  «Отбасының 
шаруашылығы,  экономикалық  дербестігі,  мүлкі  секілді  көп  қызметтері  бар. 
Отбасының  негізгі  мүшесі  әке  қатал  әрі  байсалды,  өйткені  шешімді  ол 
қабылдайды.  Ана  әсершіл  және  тұрмысты  ұйымдастыруда  дана,  отбасында 
ауызбіршілік  бар,  бірақ  өмір  қиындыққа  толы.  Жастар  ерте  отау  құрады, 
некеге  адал,  сондықтан  ажырасу  жоқ»,  деп  түсіндіреді.  Ғалымның  бұл 
пікірінен  отбасылық  өмірде  ана  мен  әкенің  нақты  атқаратын  функцияларын 
бөліп көрсеткендігін аңғарамыз [74]. 
М.М.Ковалевский  (1851-1916)  «Отбасы  мен  меншіктің  пайда  болуы 
және  дамуы  очеркі»    кітабында  адамзаттың  ежелгі  тарихындағы  некелік-
отбасылық  қатынастарға  терең  талдау  жасап,  отбасы  қалыптасуының 
алғашқы  кезеңдерін  зерттейді.  Өйткені,  отбасы  мемлекет  ұяшығы  ретінде 
қоғаммен бірге дамиды, онда адамдар арасындағы жаңа өзара қатынастардың 
пайда  болуы  жаңа  қозғаушы  күштердің  туындауына,  оның  мәселелерін 
шешудің  қажеттілігіне  алып  келеді.  Бұл  әлеуметтік  институт  ретінде 
заманауи жеке отбасын зерттеу маңызды деп есептейді [75].  
Г.Спенсер және басқа ғалымдардың позитивизм теорияларында отбасы 
жалпыадамзаттық  құбылыс  ретінде  зерттелінді.  Бұл  теория  тарихи  даму 
тұжырымдамасын  сақтай  отырып,  жалпыадамзаттық  құндылық  ретінде 
отбасының  әмбебаптығын  дәлелдейді.  Ғалымдардың  тұжырымы  бойынша 
отбасы үлгі бойынша барлық қоғам қалыптасатын негізгі әлеуметтік элемент 
- индивидтер ассоциациясының формасы деп танылды [76].  
О.Конт  «отбасы  тұжырымдамасында  қоғамды  отбасы  арқылы  тану 
керек, өйткені отбасы - адамзат  тегін жалғастырушы. Адамзаттың сақталуы 
әлеуметтік  ұйымдасу  әрекетінің  қорытындысы,  әлеуметтік  жүйенің  табысты 
нәтижесі.  Сондықтан  адамның  өндірістік  әрекетін  түсіну  үшін  отбасын 
зерттеу  қажет»  -  деп  тұжырымдайды.  О.Конттың  тұжырымын  талдай  келе, 
әлеуметтік  ұйымдасу  әрекеті  нәтижесінде  тұлғаның  әлеуметтену  үрдісі 
отбасында басталатындығын байқауға болады [77]. 
2.  Классикалық  сциентистік  кезеңде  отбасы  тұжырымдамасының 
дамуында  нақты  ғылыми,  алдымен  әлеуметтік,  сосын  психологиялық 
тұжырымдамалар  басымдылық  көрсетеді.  Бұл  кезең  XIX  ғасырдың 
ортасынан басталып XX ғасырдың 20-шы жылдарын қамтиды.  
Осы  тұста  философиялық  бағыт  ретінде  сциентизмге  анықтама  беруді 
жөн көрдік. Сциентизм – бұл ғылымға тұрақты бағдар ретінде ғылым барлық 
туындаған  мәселені  шеше  алады  деген  сенімге  жүгінуді  білдіреді.  Ол  он 


 
 
тоғызыншы  және  жиырмасынша  ғасырларда  ғылымның  қарқынды  дамуына 
байланысты реакция ретінде пайда болған.  
Сондықтан  отбасы  тұжырымдамасының  дамуының  классикалық 
сциентистік  кезеңі  осы  уақыттардағы  ғылымның  жетістіктеріне  негізделді, 
отбасын  зерттеудің  әртүрлі  эволюциялық,  эмпирикалық  (қолданбалы)  және 
функционалдық тұғырлары қалыптасты.  
Э.Гидденс 
нақты-тарихи 
формадағы 
отбасы 
институтының 
динамикасын,  тенденциясын,  перспективасын  құндылықтардың  әлеуметтік-
мәдени  сабақтастығын,  отбасының  рөлін,  некелік-отбасылық  қатынастың 
дәстүрлі  және  альтернативті  арақатынасы  мәселелерін  зерттеді.  Оның 
пікірінше,  «отбасы  -  бұл  бірін-бірі  әлеуметтік,  экономикалық  немесе 
психологиялық  (махаббат,  қамқорлық,  бауыр  басу)  тұрғыдан  үнемі 
қолдайтын,  құрамы  бірнеше  адамдардан  тұратын  қоғамның  ұйытқысы» 
болмақ.  Э.Гидденстің  пікіріне  сүйенсек,  отбасын  қоғамның  ұйытқысы 
ретінде  санап,  онда  бір-бірін  қолдаушылардың  болуының  өзі,  дұрыс  қарым-
қатынас  жасау,  жақсы  көңіл-күйдің,  психологиялық  денсаулықтың, 
шығармашылық іс-әрекеттің негізі екендігін аңғарамыз [30, 59б.]. 
3.  Классикалық  емес  сциентистік  кезең  XX  ғасырдың  екінші  және 
үшінші  жартысын  қамтиды.  Бұл  кезеңде  отбасын  зерттеудің  бұрынғы 
концептуалды  тұғырлары  түрлендіріліп,  жаңа  тұғырлардың  пайда  болуына 
алып  келеді.  Сондықтан  отбасы  мәселесі  классикалық  эволюциялық 
тұрғыдан  өзіндік  ерекшелігі  бар  жалғасы  ретінде  қалыптасқан  әлеуметтік-
психологиялық,  құрылымдық-функционалдық,  институционалдық-тарихи 
тұғырлар негізінде зерттелінді. 
А.И.Антонов пен В.М.Медков аномия жөніндегі Э.Дрюкгеймнің ілімін 
қолдана  отырып,  қазіргі  заманғы  дағдарысты  отбасылық  аномияның  – 
отбасылық  тепе-теңдіктің  бұзылуы,  әлеуметтік  қатынастардың  ыдырауы, 
құндылық  бағдарды  жоғалтуы,  тәрбиенің  отбасылық  әлеуметтендіруді 
жоғалтуы,  т.б.  нәтижесі  ретінде  талдау  мүмкін  деп  есептейді.  Ғалымдардың 
пікірінше, Ресей «фамилистік өркениет» дағдарысын басынан кешуде [78]. 
А.И.Антоновтың  пікірінше,  отбасының  әлеуметтік  статусы  қоғамның 
талап  етуімен,  әлеуметтік  институт  ретінде  саяси,  экономикалық  және 
әлеуметтік  саласындағы  отбасы  «жұмысының»  тиімділігімен  анықталады. 
Өкінішке  орай,  бүгінде  отбасының  қызметтері  қоғамдық  қажеттіліктерге 
сәйкес  емес,  ұрпақтар  сабақтастығын  қамтамасыз  етуде,  әлеуметтік-мәдени 
және  экономикалық  –  кәсіптік  капиталды  беруде  отбасы  мүмкіндігі  әлсіреді 
[79]. 
Зерттеушілердің  пікірінше,  отбасының  институционалдық  дағдарысы 
дамушы  елдерде  XX  ғасырдың  екінші  жартысында  отбасының  негізгі 
қызметінің  орындалмауымен  байланысты  көрініс  тапты  деп  есептейді. 
Отбасының  құлдырауының  тұлға  мен  отбасына,  маңызды  әлеуметтік 
институттарға  ықпалы,  алдымен,  қоғамдық  пікірдегі  отбасылық  өмір 
салтының  беделінің,  маңызының  шұғыл  төмендеуімен,  мемлекеттік, 
коммерциялық,  қоғамдық,  діни  ұйымдар  үшін  іс-әрекеттердегі  құнды 


 
 
басымдылықтардың түбегейлі өзгерістерімен, өмірлік құндылықтардың жеке 
жүйесінің трансформациялануымен байланысты [42, С. 8].  
Көптеген  ғалымдар  А.Г.Вишневский,  М.С.Мацковский  зерттеулерінде 
отбасы  институтының  «модернизациялық»  парадигмасы  тұрғысынан 
өзгерістері,  қоғам  өміріндегі  отбасының  рөлі  қарастырылады,  онда 
отбасылық  -  некелік  қатынастағы  күрделі  құрылымдық,  демографиялық, 
әлеуметтік-статустық 
өзгерістерді 
өркениеттің 
жаңа 
типіне 
өтуін 
сипаттайтын индустриалды дамыған мемлекеттерге тән деп белгілейді.  
Біздің  көзқарасымыз  бойынша  А.Г.Вишневский  заманауи  отбасының 
идеологиясы  мен  саясатын  зерттей  отырып,  отбасының  жаңаруы  тұлғалық 
бостандық  құндылығының  өсуі,  тұлғалық  қажеттіліктердің  толық 
қанағаттандырылуы  және  серіктестік  тепе-теңдікке  жету  есебінен  өтуде  деп 
тұжырымдайды [80].  
М.С.Мацковский отбасы институтының дағдарысын емес, жаңа сапалы 
деңгейге  өту  трансформациясын,  әлеуметтік  нормаларын  реттейтін 
өзгерістерін  анықтайды.  Оның  пікірінше,  отбасының  трансформацияның 
осындай формасына біртіндеп өтуі тұлғаның, тұтас алғанда, қоғамның, ерлі-
зайыптылардың, ата-ана мен балалардың сүйіспеншілігіне, өзара сыйластығы 
мен өзара көмегіне негізделген қызығушылықтарына жауап береді. Сананың 
өзгерісі  адам  өмірінің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайының  жаңаруына 
қарағанда  баяуырақ  жүретіндіктен,  неке  мен  отбасындағы  өзара  қарым-
қатынастың  жаңа  формасының  бекітілуі  біршама  ұзақ  кезеңді  қамтиды  [54, 
С. 154]. 
Көптеген  ғалымдар  (О.И.Воложина,  С.И.Голод,  т.б.)  еңбектерінде 
отбасы  феномені  әлеуметтік-мәдени  құндылық  ретінде  қарастырылды,  онда 
отбасылық  функционалдық-рөлдік  өзара  әрекеттестіктің  әлеуметтік-мәдени 
аспектісі  зерттелді,  сонымен  бірге  қоғамның  құндылығы  ретінде  отбасы 
тұжырымдамасы  жасалды  және  оның  негізінде  қазіргі  қоғамдағы  отбасы 
құндылықтарының  трансформациялану  үрдісінің  негізгі  бағыттары  ашып 
көрсетілді [81].  
С.И.Голод отбасын  «кем дегенде қандық туыстық, туған  нәрсе, қасиет 
сияқты  үш  түрдің  бірінен  тұратын  индивидтердің  жиынтығы»  ретінде 
қарастырды.  Ғалымның  зерттеуіне  сүйенсек,  қоғамның  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси  және  рухани-мәдени  өмірі  жағдайларының  мәнді 
өзгерістері  жаңа  бейімделу  механизмдерін  қажет  етеді.  Соның  ішінде, 
әлеуметтік  институттар  жастардың  әлеуметтену  үрдісінің  жаңа  бейімделу 
тетіктерін қоғамдық құрылым ерекшеліктерімен қатар зерттеуде [35, С.91].. 
А.Г.Харчев өз зерттеуінде «... отбасын ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен 
балалар  арасындағы  өзара  қарым-қатынастың  тарихи  нақты  жүйесі,  некелік 
немесе  ата-аналық  қатынастармен,  тұрмыс-тіршілік  пен  моралдық 
жауапкершіліктің  ортақтығымен  байланысқан  кіші  әлеуметтік  топ,  халықты 
физикалық  және  рухани  өндірудегі  қоғамның  сұранысымен  негізделген 
әлеуметтік қажеттілік ретінде» анықтауға болады деп түсіндіреді. Сондай-ақ, 
А.Г.Харчев  неке  мен  отбасының  әлеуметтік  мәнін  айқындап,  некелік-
отбасылық  қатынастың  дамуындағы  дәстүрлі  эволюциялық  тұғырдың 


 
 
орнына  отбасын  функционалдық  тұрғыдан  зерттеуді  ұсынған  ғалымдардың 
бірі деуге болады [45, с.75]. 
Дж.Мердок  отбасына  биологиялық  тұрғыдан:  «бір  шаңырақтың 
астында тұрып, шаруашылықты, өндіріс саласын бірге жүргізетін әлеуметтік 
топ.  Оның  құрамында  ересек  жастағы  екі  жыныстың  өкілі  бар,  бір  немесе 
одан  да  көп  туған  не  асыранды  балалары  болуы  мүмкін»  деп  анықтама 
береді.  Ғалымның  пайымдауынан  байқайтынымыз,  отбасын  құрудағы 
кезеңдердің  барлығы  дерлік  қарапайым  деңгейден,  күрделі  әлеуметтік  және 
тұлғалық  мәнге  дейін  бітімгершілік,  қолдаушылық  сынды  құндылықтар 
ескеріліп отыруы тиіс екендігінде болып отыр[82].  
Э.Муньенің  пікірінше,  «отбасының  мәні  қоғамдық  және  жеке  өмірді 
байланыстыратын  орта  ретінде  болуы  керек.  Осындай  делдалдық  рөлінің 
арқасында  отбасы  тұлға  әлемінің  өзегіне  айналады.  Отбасының  маңызды 
сипаты  оның  рухани-адамгершілік  негізі,  ерлі-зайыптылар  мен  балалардың 
өзара  шығармашылығын  жүзеге  асыруға  бағытталған  қоғам  құру.  Мұндай 
қоғам,  егер  адамдар  оған  бар  ынтасымен  талпынған  жағдайда  қалыптасады, 
сондай  қоғамның  сәулесімен  нұрланған  жағдайда  ғана  отбасы  рухани 
қауымдастық  болып  саналады»  делінген.  Ендеше  біз,  отбасы  үшін 
адамгершілік  құндылықтардың  маңызын  жоғары  деп  санаймыз.  Өйткені, 
отбасындағы  адамгершілік  құндылықтар  және  психологиялық  ахуал  бала 
үшін  адамдармен  қатынастың  алғашық  мектебі  екені  анық.  Ғалымның 
пікірінен,  отбасылық  тәрбиедегі  өмірлік  іс-әрекеттер:  интеллектілі-
танымдық,  еңбектік  және  қоғамдық,  құндылық  бағдарлау,  көркем-
шығармашылықты болмақ деп қорытынды шығарамыз [83]. 
Отбасы  мәселесіне  арналған  психологиялық  ғылыми  зерттеулерді 
талдау  отбасының  психологиялық  феномен  ретіндегі  функцияларының 
механизмдерін түсіндірудің екі бағытын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.  
Бірінші  бағытта  отбасы  кіші  топ  ретінде  зерттелінеді  (М.Земская, 
Е.В.Криченко,  В.А.Терехин,  т.б.),  онда  басқа  кіші  топтан  ажыратылатын 
отбасының  ерекшеліктері,  ондағы  өтетін  үрдістер,  отбасы  түсінігін  кеңейту 
тенденциялары  қарастырылады.  Бұл  зерттеулерде  отбасын  құндылықтардың 
бірегейлігіне,  сондай-ақ  әлеммен  өзара  қатынаста  ерлі-зайыптылардың 
өмірлік  ұстанымдарының  ұқсастығына  негізделген  әлеуметтік,  мәдени 
қауымдастық ретінде қарастыру тенденциясы бөліп көрсетіледі. 
Екінші  бағытта  отбасын  жүйе 
ретінде  зерттеу  мүмкіндігі 
қарастырылады:  отбасын  жүйелі  ұйым  деп  мойындай  отырып,  түсініктің 
мазмұнын  кеңейтеді  (Е.В.Антонюк)  [84],  сонымен  бірге  отбасы  қоғамдық 
сана  құрылымында,  қоғамдағы  құндылықтар  иерархиясы  динамикасын 
талдау контекстінде зерттелінеді (Н.Г.Марковская) [85]. 
4.  Постклассикалық  емес  сциентистік  (заманауи)  кезең  XX  ғасырдың 
төртінші жартысынан бастап бүгінгі уақытқа дейін қамтиды. Заманауи кезең 
отбасын зерттеудің көптеген саналуан түрлі тұжырымдамалық тұғырларымен 
сипатталады. Бұл кезеңде отбасы мәселесі әлемдік деңгейдегі философиялық, 
әлеуметтік,  психологиялық  және  педагогикалық  ой-пікірлер  мен  жаңа 
идеяларға негізделіп зерттелінеді.   


 
 
Сонымен отбасы институты эволюциясының осындай ерекшеліктеріне 
сипаттама  беру  және  жан-жақты  талдау  нәтижесі  отбасы  институтының 
эволюциясында  билікті  бөлу,  серіктесті  таңдау,  тұрғылықты  мекен, 
мұрагерлік  тәсілмен  берілген  мүлік  сияқты  параметрлермен  отбасы  және 
неке  формаларының  перманенттік  ауысуы  болған  деп  тұжырымдауға 
мүмкіндік береді.   
Жоғарыда  бөліп  көрсетілген  және  сипатталған  тұғырлардың  ішінде, 
отбасының  тарихи  үрдістегі  ауысуын  зерттеудің  кеңінен  таралған  екі 
тұжырымдамалық  тұғырларын,  атап  айтқанда,  эволюциялық  және 
функционалдық тұғырларды бөліп көрсетуге болады.  
Эволюциялық  тұғырға  сәйкес  отбасы  институты  перманентті 
өзгертіледі  және  өзінің  дамуында  жүйелі  кезеңдер  қатарынан  өтеді.  Ал 
отбасын  зерттеудің  функционалдық  тұғыры  тарихи  ретроспективте 
отбасының өзгеруінің маңызды заңдылықтары ретінде мәдени нормалар мен 
құндылықтарды меңгеретінін сипаттайды.  
Зерттеулерге  сүйенсек,  ресейлік  ғалымдар  отбасы  әлеуметтік 
институтының эволюциясын  мынадай  маңызды  кезеңдерге  бөліп,  сипаттама 
береді: 1) тілдік отбасылық кезең; 2) христиандық отбасы кезеңі; 3) Ресейдегі 
XVIII  -  XX  ғасырды  басындағы  отбасы  институты  кезеңі;  4)  Кеңестік 
Ресейдегі  отбасы  институты  кезеңі  (кеңестік  отбасы  кезеңі);  5)  заманауи 
ресейлік  отбасы  институты  кезеңі.  Мұнда  XX  ғасырды  басынан  бастап, 
отбасылық-некелік  қатынастардың  құқықтық  қорғалуы,  діни  салт-
дәстүрлердің  орын  алуы  мәселесіне  мемлекеттік  тұрғыдан  назар 
аударылғанын көрсетеді [86].  
Р.Нұрғалиевтің  философиялық  сөздігі  бойынша  «Отбасы»  -әлеуметтік 
қауымдастықтың  түрі,  яғни ерлі-зайыпты  одаққа  және  ері  мен  әйелінің,  ата-
аналар мен апа-қарындастардың, бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін 
туыстардың арасындағы сан-алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысты 
ұйымдастырудың  маңызды  формасы»  -  деп  түсіндіріледі.  Р.Нұрғалиевтің 
анықтамасынан  біз,  студенттердің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыруда  ата-ана  мен  баланың  өзара  қарым-қатынасындағы 
педагогикалық және психологиялық даму ерекшеліктері, отбасы мүшелерінің 
рухани деңгейін ескеру қажеттігін пайымдаймыз [87]. 
Қ.Т.Атемованың  еңбектерінде:  «Отбасында  балалар  мен  ересектер  де 
тәрбиеленеді. Әсіресе отбасының ықпалы жасөспірімдерге ерекше әсер етеді. 
Сондықтан отбасының тәрбие берушілік қызметі үш аспектіден тұрады: 
-  Бірінші  –  баланың  жеке  басын  қалыптастыру,  оның  қызығушылығы 
мен қабілетін дамыту; 
-  Екінші  –  үйдегі  әрбір  адамның  жеке  басына  отбасы  ұжымының  үнемі 
жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отыруы; 
-  Үшінші  –  отбасындағы  балалардың  үнемі  ересектердің  өздерін-өздері 
белсенді  түрде  тәрбиелеп  отыруына  мәжбүр  ететіндей  әсер  етуі»  бұл 
айтылғандардың  барлығы  дерлік  өмірлік  тәжірибелер  арқылы  жүзеге 
асырылады  дейді.  Олар:  өмірге  ғылыми  көзқарас,  еңбекке  деген  жоғары 
адамгершілікті  қарым-қатынас,  достық  пен  бауырмашылдық  сезімін  ояту, 


 
 
қоғамдық  мінез-құлық  талаптарын  сақтай  білу,  интеллекттік,  эстетикалық 
дамуды  дене  жағынан  дамумен  ұштастыру,  денсаулығын  сақтау  мен 
санитарлық-гигиеналық  білімін  жетілдіру  секілді  қоғамнан  алған  өмірлік 
тәжірибелері  болуы  мүмкін»  деп  беріледі.  Ғалымның  пікірінше,  отбасы 
баланың  өмір  жолын  бастайтын  және  қоршаған  орта  туралы  тиянақты  да 
терең  әсер  алатын  ұжымы  екенін,  соның  негізінде  білім,  әдет,  мінез-
құлықпен  өмірге  деген  көзқарастың  қалыптасатынын  көруге  болады  [58, 
84б.]. 
Ш.М.Шүйіншина  қазақ  халқының  ұлттық  сана  сезімін  жетілдіруде 
отбасының  маңызын  негізге  алады.  Ол  өзінің  еңбегінде:  «Отбасы  –  дүниеге 
келген жас нәрестеге әлеуметтік орта тәжірибелерін беретін басты институт» 
деп  тұжырым  жасайды.  Ғалымның  бұл  пікірінен  біздің  байқайтынымыз, 
отбасы  адам  үшін  өмірдің  мақсаты,  құндылықтары  жайлы  алдғашқы 
мағлұмат  беретін  әлеуметтік  орта  екендігінде  болмақ.  Сондай-ақ,  өзіміздің 
ұлттық  кодымызға  сай  келетін  әлеуметтік  орта  тәжірибелеріне  отбасындағы 
қарым-қатынас  ерекшеліктерін  айтуға  болады.  Ш.М.Шүйіншина  және 
көптеген  қазақ  ғалымдарының  еңбегінен  ой  түйсек,  мысалы,  ерлі-зайыпты 
адамдардың  бірін-бірі  сыйлау  негізінде  бір-біріне  ат  қоюы;  қыз  баланы 
шешесі  арқылы  тәрбиелеуі,  отбасында  ұл  баланың  әке-шешеге  қатынасы 
және  т.б.  сынды  тәжірибелердің  мәні  зор.  Сондықтан  біздің  зерттеу 
жұмысымыз  бойынша  студенттерге  отбасы  түсінігін  беруде  әлеуметтік  орта 
тәжірибелерімен білімдендірудің маңызы жоғары болмақ [88]. 
Қ.Оразбекұлы  өзінің еңбегінде  отбасы  жайлы:  «Жанұя  –  бұл  өркениет 
мәдениетін  тудырып,  жасаушы  және  соның  нәтижесі.  Ол  қоғам  дамуының 
аса  маңызды  әлеуметтік,  экономикалық  қайнар  көзі  болып  табылады  және 
қоғамның  басты  байлығы  –  жаңа  формация  адамын  қалыптастырады. 
...Болашақ  отбасы  тәрбиесі  –  көп  қырлы  процесс.  Онда  микро-мего  және 
макро  факторлардың  ықпалымен  қалыптасатын  жастарды  жанұялық,  жеке 
және әлеуметтік өмірге дайындаудың міндеттері тығыз астасып жатыр», - дей 
келе, жас ұрпақтың қоғам мен өмірде өз орнын нақты табудағы болашақ ата-
аналарға  лайықталған  нұсқау-кеңестердің  жүйесін  жасауды  алға  шығарады. 
Ғалымның  бұл  тұжырымдауынан  студенттер  арасында  отбасылық  қатынас 
мәселелерін  шешуде  педагогика  жетістіктерін  пайдалану,  жүзеге  асыру 
сынды пайымдауын байқаймыз [89]. 
Л.Б.Шнейдер  отбасылық  қатынастар  психологиясын  зерттей  отырып, 
XX  ғасырда  әлеуметтік  институтта  болған  түбегейлі  өзгерістерге  назар 
аудармай,  отбасының  жағдайы  мен  перспективасын  түсінудің  және  оны 
бағалаудың мүмкін еместігін ашып көрсетеді [49, С. 115].  
Соңғы  жүзжылдықта  әлемде,  соның  ішінде  Қазақстанда  да  кіші 
әлеуметтік  топ  ретінде  отбасы  эволюциясының  динамикасында  бірін-бірі 
алмастыратын  отбасының  төмендегі  типтері  айқындалған:  1)  патриархалды 
отбасы; 2) заманауи отбасы, негізгі өзегі бала; 3) постзаманауи отбасы (ерлі-
зайыптылық одақ). 
Зерттеуімізде  1975-2015  жылдар  аралығындағы  қазақстандық  және 
шетелдік  ғалымдар  еңбектеріндегі  «отбасы»  ұғымына  контент  талдау 


 
 
жасалды [90]. Ғалымдар «отбасы» категориясының мәнін ашып көрсетеді (1-
кесте).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет