бірлігі сезімі; оларды әлеуметтік белгілері
бойынша бөлмеу; дәстүр, рудың бірлігін
сақтау, 7 атаға дейін өз руының қызына
үйленуге тыйым салу; үлкендерді сыйлау
дәстүрі; рухты құрметтеу; «ас» функциясы –
біріктірудің қоғамдық органы ретінде
бағаланады»
8
Интернет желісі
https://ru.wikipedia.org
Отбасылық құндылықтар жанұяға керекті
маңыздылар, генетикалық кодпен ұқсас
адамдарды достық бірлестікке біріктіреді.
9
Энциклопедический
словарь. - М., 2009
Отбасылық моральдық құндылықтар -
қабылданған ережелер шарттар, тұлғаның
құқықтары мен міндеттері, дүниетанымы.
Отбасылық құндылық отбасының болуына мән және маңыз беретін,
оның барлық мүшелері сыйлайтын өмірлік бағдар деп түсіндіріледі, ол
отбасының ішкі байланыстарының элементі және оның функциясының
орындалуы бойынша ұсынылады.
Біз, жоғарыда ғалымдар еңбектеріне жасалған талдау бойынша зерттеу
жұмысымыздың аясында зерделеу жұмыстарын жүргізе келе және кестеде
көрсетілгендей, ғалымдардың пікірлеріне жасалған контент-талдауларға
сүйене отырып,
«отбасылық құндылықтар – адамдар қауымдастығының
некелік – ата-аналық – туыстық байланысқан, бірегей бірлескен іс-әрекетінің
негізіне жататын объектілер және олардың мәнінің жағымды және жағымсыз
көрсеткіштері,
объектілердің
адамзаттың
өмір-тіршілік
саласына,
қызығушылығына,
сұраныстарына,
әлеуметтік
қарым-қатынастарына
тиістілігі» деп тұжырымдаймыз.
Демек құндылық,
біріншіден, жеке адамның адамгершілік қасиеті,
оның абыройы, әділдігі, бақыты болса,
екіншіден, моралдық сана, норма,
мүдде, принцип, мұрат пен мақсаты. Сондықтан отбасылық құндылықтарды
отбасы ішіндегі қарым-қатынас элементтері бойынша ажыратып, отбасының
анықтамасына сүйене отырып,
үш тобын бөліп көрсетуге болады:
- ерлі-зайыптылықпен байланысты отбасылық құндылықтар (некенің
құндылығы, ерлі-зайыптылардың теңдігі, отбасындағы жыныстық рөл, ерлі-
зайыптылар арасындағы тұлғааралық коммуникация, ерлі-зайыптылардың
өзара түсіністігі мен қарым-қатынаста бірін-бірі қолдауына байланысты
құндылықтар);
- ата-аналық құндылықтар (балалар (көпбалалық немесе азбалалық),
отбасында балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру));
- туыстық құндылықтар (туыстардың болуы (ата-әже, аға-іні мен әкпе-
сіңілі, т.б.); туыстар арасындағы өзара ықпал мен өзара көмек құндылығы,
кеңейтілген отбасы құндылығы) (5 - кесте).
Достарыңызбен бөлісу: