Нишанбаева сабира зетбековна


Кесте -5  «Отбасылық құндылықтар» ұғымының контент-талдауы



Pdf көрінісі
бет30/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101
Кесте -5  «Отбасылық құндылықтар» ұғымының контент-талдауы 
 
№ 
Авторлар 
Анықтамалар 

Нурмагамбетов Т. 
Отбасылық құндылықтар - бұл отбасының 
тарихи жадының бөлігі болып табылады, 
біздің ата - бабамыздан келе жатқан мұра, 
салт-дәстүр 

Казиев К. 
Отбасылық құндылықтар - бұл маңызды 
құнды, барлық жанұя мүшелерімен құрметті, 
олардың ортақ қызығушылықтары. 

Мак-Ким Дональд К. 
Отбасылық  құндылық – бұл отбасына 
ықпал ететін әл - ауқаты және  отбасылық 
өмірдің  идеалдарын мақұлдайтын 
этникалық және діни сенімдер. 

Ильин В.В. 
Отбасылық құндылық – айқын (ашық түрде 
отбасы мақұлдайтын және 
қалыптастыратын) немесе  айқын емес 
жанұяға тән көзқарастар жиынтығы, 
отбасылық мақсаттардың таңдауына әсер 
ететін өмірлік қарым - қатынасын 
ұйымдастыру тәсілі. 

Рамова М.И. 
 
Отбасылық - моральдық құндылықтар  
адамның жоғарғы құндылықтары, оны  
анықтайтын басты категориялар:  
мейірімділік әрекеттер, ұстанымдар, 
адамгершілік  нормалар  жиынтығы. 

Чернова Е.А. 
Отбасылық құндылықтар - объектінің 
жағымды және жағымсыз көрсеткіштердің 
маңыздылығы, қоғамның біріккен іс-
әрекетіне негізделді, ерлі-зайыптылар, ата-
ана, туыс арасындағы қарым-қатынас орната 
отырып, осы объектілердің өмірге 
қызығушылығы, қажеттілігі және әлеуметтік 
қарым – қатынас арқылы негізделуі 

К.Ж.Қожахметова 
«Қазақтардың 
этникалық 
қауымын 
сипаттайтын  ең  маңызды  белгілер:  қандас 
туыстық  сезімі,  ағайындық;  өзара  көмек; 
этникалық  топтың  барлық  мүшелерінің 


 
 
бірлігі  сезімі;  оларды  әлеуметтік  белгілері 
бойынша  бөлмеу;  дәстүр,  рудың  бірлігін 
сақтау,  7  атаға  дейін  өз  руының  қызына 
үйленуге  тыйым  салу;  үлкендерді  сыйлау 
дәстүрі; рухты құрметтеу; «ас» функциясы – 
біріктірудің  қоғамдық  органы  ретінде 
бағаланады» 

Интернет желісі 
https://ru.wikipedia.org 
Отбасылық  құндылықтар  жанұяға  керекті 
маңыздылар,  генетикалық  кодпен  ұқсас 
адамдарды достық бірлестікке біріктіреді. 

Энциклопедический 
словарь. - М., 2009 
Отбасылық  моральдық  құндылықтар  - 
қабылданған  ережелер  шарттар,  тұлғаның  
құқықтары мен міндеттері, дүниетанымы. 
 
Отбасылық  құндылық  отбасының  болуына  мән  және  маңыз  беретін, 
оның  барлық  мүшелері  сыйлайтын  өмірлік  бағдар  деп  түсіндіріледі,  ол 
отбасының  ішкі  байланыстарының  элементі  және  оның  функциясының 
орындалуы бойынша ұсынылады.  
Біз, жоғарыда ғалымдар еңбектеріне жасалған талдау бойынша зерттеу 
жұмысымыздың  аясында  зерделеу  жұмыстарын  жүргізе  келе  және  кестеде 
көрсетілгендей,  ғалымдардың  пікірлеріне  жасалған  контент-талдауларға 
сүйене  отырып,  «отбасылық  құндылықтар  –  адамдар  қауымдастығының 
некелік – ата-аналық – туыстық байланысқан, бірегей бірлескен іс-әрекетінің 
негізіне жататын объектілер және олардың мәнінің жағымды және жағымсыз 
көрсеткіштері, 
объектілердің 
адамзаттың 
өмір-тіршілік 
саласына, 
қызығушылығына, 
сұраныстарына, 
әлеуметтік 
қарым-қатынастарына 
тиістілігі» деп тұжырымдаймыз. 
Демек  құндылық,  біріншіден,  жеке  адамның  адамгершілік  қасиеті, 
оның  абыройы,  әділдігі,  бақыты  болса,  екіншіден,  моралдық  сана,  норма, 
мүдде, принцип, мұрат пен мақсаты. Сондықтан отбасылық құндылықтарды 
отбасы ішіндегі қарым-қатынас элементтері бойынша ажыратып, отбасының 
анықтамасына сүйене отырып, үш тобын бөліп көрсетуге болады:  
-  ерлі-зайыптылықпен  байланысты  отбасылық  құндылықтар  (некенің 
құндылығы, ерлі-зайыптылардың теңдігі, отбасындағы жыныстық рөл,  ерлі-
зайыптылар  арасындағы  тұлғааралық  коммуникация,  ерлі-зайыптылардың 
өзара  түсіністігі  мен  қарым-қатынаста  бірін-бірі  қолдауына  байланысты 
құндылықтар);  
-  ата-аналық  құндылықтар  (балалар  (көпбалалық  немесе  азбалалық), 
отбасында балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру));  
- туыстық құндылықтар (туыстардың болуы  (ата-әже, аға-іні мен әкпе-
сіңілі,  т.б.);  туыстар  арасындағы  өзара  ықпал  мен  өзара  көмек  құндылығы, 
кеңейтілген отбасы құндылығы) (5 - кесте).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет