Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет48/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101
Байланысты:
отбасы

Жоғары деңгей 
-  студенттердің  отбасы  иесінің  рөлін  қабылдауға  бағытталған 
адамгершілік санасы қалыптасқан. Жалпы алғанда отбасын жеке тұлға және 
қоғам үшін маңызды адамзаттық құндылық ретінде жете түсінеді. Отбасымен 
және  туыстарымен  араласу  әрекеттерін  басқаруды  ата-анаға  сыйласымды 
қарым-қатынас  ретінде,  отбасының  иерархиялығын,  оның  тұрақтылығына 
кепілдік беретін сапа факторы сақтаудың қажеттілігін қабылдайды;  
-  медициналық,  педагогикалық-психологиялық  білім,  білік  және 
дағдыларының  негізінде  отбасылық  өмірге  және  жауапты  ата-аналыққа 
дербес  дайындығы  бар.  Ата-аналық  функцияларды  орындауға  қатысты 
әлеуметтік-құқықтық  білімі,  баланы  өмірге  әкелу  және  тәрбиелеуге 
дайындығы  бар,  мемлекет  үшін  тұрғылықты  халықтың  өсіп-өнуі  мен  бала 
туудың  маңыздылығын  жете  ұғынады.  Дені  сау  ұрпақты  дүниеге  әкелуге 
қатысты  біліммен  қаруланған;  баламен  қарым-қатынас  жасау,  балаларды 
бағып күту және оларды тәрбиелеу біліктігі қалыптасқан; 
-  отбасындағы  еңбек  міндеттерін  адал  ниетпен  орындайды,  ата-
анасына,  туыстарына,  достарына  көмек  көрсетуге  қабілетті.  Отбасы  ішілік 
қатынастарды  нақты  бағалауға  және  өз  әрекеті  мен  іс-қылықтарының 


 
 
салдарын алдын ала көруге қабілеттілігі бар, отбасындағы моралдық ахуалға 
жауапкершілігін  анықтай  алады  және  есеп  бере  алады.  Отбасындағы 
кикілжіңде  мінез-құлық  (жүріс-тұрыс)  стратегиясы  мен  тактикасын 
меңгерген.  Бос  уақытты  бірлесіп  өткізуде  және  ұйымдастыруда 
қызығушылықтарын өзара толықтырады.  
ПЖОО 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының 
қалыптасуының  жоғары  деңгейіне  оның  негізгі  белгілерінің  толық,  анық 
және тұрақты көрінуі сәйкес келеді. Бұл деңгей отбасы және отбасылық өмір 
жайлы жеткілікті, терең, толық білімінің қалыптасқанын сипаттайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет