АНЫҚТАМАЛАР
Бұл
диссертациялық
жұмыста
келесі
терминдерге
сәйкес
анықтамалар қолданылған:
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар
тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді
кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен
байланысқан адамдар тобы.
Отбасы – ұрпақтар арасындағы байланыс, рухани және мәдени
дәстүрлердің сақтаушысы.
Құндылық – қоршаған ортадағы объектілерді анықтау, оның адамға,
қоғамға жағымды және жағымсыз мәнін (ақиқат, қайырымдылық және
қатыгездік, әдемілік және зұлымдық) белгілеу, адамның қоғамдық өмірге
немесе табиғат құбылыстарына қатынасы.
Құндылық – жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтың, ұжымның
адамгершілік мәні, абыройы және қоғамдық институттардың (отбасы,
мектепке дейінгі мекемелер, мектеп, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу
орындары. т.б.) адамгершілік сипаттары.
Құндылық – адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын рухани
күш, көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық,
әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді
әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер
Достарыңызбен бөлісу: